Ерте жаңа заман 1879 жылы "психологияның атасы" болып танылған Вильхельм Вундт (1832-1920) Германияның Лейпциг Университетінде психологиялық зерттеу зертханасын ашты.
Вильям Джеймс, америка пәлсапасышысы өзінің "Психология Принциптері" (1890) атты жемісті кітабын жариялап, келесі жылдарда психологтардың назарын жинақтаған көптеген мәселелерінің іргетасын қалады.
Бұл өріске өздерінің үлестерін қосқан, тәжірибелік түрде еске салу, есте сақтау, еске түсіру функцияларын Берлин Университетінде зерттеген Херманн Эбингауспен бірге қазір классикалық шарттастық болып танылған тәлім тану процесін зерттеген орыс физиологы Иван Павловты атап айту керек.
Осы тұста, 1890 жылдары Аустрия дәрігері, невролог, тәжірибелік психологияда бейресми білімі бар Зигмунд Фрейд психотерапияның жаңа әдісі — психоанализді дамытты. Фрейдтың ақыл-ой жөніндегі түсініктері интрепретативттік және интроспективттік әдістемелерге кең шамада негізделген, ақыл-ой дерттілігін шешу мен психопатология үстінде жинақталған. Фрейдтың теориялары кең тараған, оның себебтерінің үлкен бірі — теориялардың сексуалдылық және жаншу психологиялық дамудың негізгі аспектілері ретінде қарастыру сияқты мәселесін қозғау. Бұл сол кездің аттеріс мәселері болып саналған, ал Фрейд болса олардың оқымысты қоғам ішінде кеңінен қарастырылуына жол ашқан. Фрейд теориялары жалпы психология теорияларына ықпалы зор.