Жаттығу таңдау. Қандай да бір психогимнастикалық жаттығуды таңдаған кезде жаттықтырушы төмендегі жәйттарға назар аударуы тиіс:
Жаттығуды өткізудің нәтижесінде қандай өзгеріс болуы мүмкін:
Топтың жағдайы қай деңгейде: топта бірауыздылық басым болған сайын,онда еркіндік үдей түседі, топтың әр мүшесі өзін еркін сезінеді, бұл жаттығуларда тәуекелдік ьасымырақ болады. Мұндай жаттығулар қатарына ең алдымен топ мүшелерінің жаттығуды жүзеге асыру барысында дене жанасуы қажет және көді жұму арқылы жасайтын жаттығулар жатады.Бұл жаттығуларды өзінің межелі уақытынан бұрын жасау топта қолайсыздық орнататын шиеленестікті арттыра түседі.
Топтың құрамы: әлеуметтік-демографиялық мінездемелер (жынысы, жасы және т.б. ),сондай-ақ дене бітімі мәліметтер
Күн тәртібі: тәуліктің бірінші жартысында түрлі мәселелер мен шаруаларды бір уақыт ұмыттыратын «осы сәтте және осы уақытта» жағдайға енуге мүмкіндік беретін топтық емес жаттығуларды өткізу дұрыс болиақ, сондай-ақ бұл назарды жинақтауға, ойлау белсенділігін арттыруды қажет етеді.
Ал тәуліктің екінші жартысында шаршағандығынды ұмытуға мүмкіндік беретін, эмоционалды серпілуге жағдай тудыратын жаттығуларды өткізген жөн.Жаттығулардың соңғы түрін сонымен қатар, топтың барлық мүшесіне немесе кейбір мүшелеріне қиындық тудырған қызу талқылаулардан кейін өткізуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |