Эссе
Адамдармен жағымды қарым қатынас орнатудың жолдары
Адамдардың ішкі жан дүниесін түсіну, ішкі сезімдері мен эмоцияларына ортақ болу бірінің қолынан келсе, бірінің қолынан келмейді. Эмпатиялық құбылыстар тек тұлғааралық қарым қатынас барысында ғана емес, сондай-ақ қарапайым фильм көргенде кейіпкерлердің өміріне уайымдау, олардың қайғысына ортақтасудан да көрінеді. Жалпы психикалық күйдің бұл түрі – адамдағы биологиялық туа біткен жанашырлық, қамқорлық, қорғану секілді қасиеттермен сипатталады. Қазіргі қоғамда, оның ішінде белгілі әлеуметтік орталарда адамдармен жағымды қарым- қатынас орнату көп адамдарға қиынға түседі. Тіл табыса алмау, конфликттер мен ірі дау-дамайлар пайда болып жатады.
Менің ойымша, адамдармен жағымды қатынас орнатпас бұрын, кез -келген адам өзіне сырт көзбен баға беріп, ішкі тұрақтылығын қамтамасыз ету керек. Ол дегеніміз – қалыпты жағдайда өзінің ішкі проблемаларын, мазасыздық сезімдерінің себептерін анықтау, сол сезімдерге алаңдаушылық танытатын жақын адамдардың бар екендігіне көз жеткізу.
Жағымды қарым-қатынас:
Бұл өзгелердің өміріне құрметпен қарау;
Тұлғааралық келісімге келу;
Бір-бірін түсіну, ортақ мақсаттар мен мүмкіндіктер табу.
Қорыта айтқанда, психологиялық тұрғыда тұлғаның ішкі сезімдерін түсіну, уайымдарына ортақтасу, тұлғаның жан дүниесін түсіну эмпатиялық қарым-қатынастың негізі.
Орындаған: Мұхамеднұр Д.М.
Тексерген: Қайратова І.Қ
Достарыңызбен бөлісу: |