Адамзаттың асыл тәжі мұхаммед (с а. у.) пайғамбардың өмірі


ӨЗГЕ ТАЙПАЛАРДЫ ИСЛАМҒА ШАҚЫРУ



бет87/107
Дата13.10.2023
өлшемі1,26 Mb.
#185222
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107
Байланысты:
Adamzatty 1187 asyl t 1241 zhi 1
17.05.2021-ТОӨЖ-Авраев Е.М.-1күн, Педагогикадан тест дұрыс жауаптарымен
ӨЗГЕ ТАЙПАЛАРДЫ ИСЛАМҒА ШАҚЫРУ
Аллаһ Елшісі тайфтықтардың ынсапсыз шабуылынан, айуандық әрекеттерінен соң Меккеге қайта оралғанда мүшріктердің мазағы мен азабына ұшыраса да иман мен Ислам ақиқаттарын айтудан, халықты турашылдыққа, Аллаhқа илануға шақырудан бір сәт те кейін тұрмады… Киелі қызметін қажымай-талмай жалғастыра берді. Қиындық көріп, қорланған сайын жігерін жани түсті.
Аллаh жолына үндеуде өзін қолдаушылардың қатарын арттыруға мән берді. Осы мақсатпен қажылық маусымында Меккеге шартараптан ағылып келіп жататын араб тайпаларын аралап, уағыз айтуға шықты.
Тайпа басшыларының қай-қайсысы да әрқилы сылтау айтып, Исламды ә дегеннен мойындаудан бас тартты. Көптің ішінен иман келтіруге ұмтылғандар шыға қалса, солардың өзіне ерік бермей, қысым жасағандар да кездесті.
Кейбір тайпалар иман жайын тыңдамақ түгілі Хазіреті Мұхаммедке орынсыз әзіл айтып, қалжыңдады.
Әрине, бұл арада мүшріктер де қол қусырып қалған жоқ. Расулаллаһтың басқан ізін аңдыды. Шеттен келгендердің мұсылмандықты қабылдамауында мүшріктердің үгіт-насихатының да үлесі болғаны жасырын емес.
Аллаh Расулы белгілі маусымдарда ұйымдастырылатын Уқаз, Мәжанна, Зулмәжаз жәрмеңкелерін аралап, жан-жақтан арнайы келген адамдармен кездесіп, Құран оқып оларды Исламға шақыру міндетін абыроймен атқаруға кірісетін. Ол қасиетті мақсатын уағыздап халық арасына шықса-ақ болды, Әбу Ләһаб артынан жүріп отырып “Мұхаммед ата-бабамыздың жолынан шығып, дінінен безген тексіз. Осы жүзіқараның сөзі не, өзі не? Құлақ қоймаңдар оған, алданбаңдар” - деп пасық пиғылын жария ететін.
Пайғамбарымыз көбінесе ру, тайпа басшыларымен жолығып, соларға насихат айтып, Исламдағы ізгіліктерді саналарына сіңіруге күш салатын. Өйткені, тайпалардың қарапайым халқы басшыларын ерекше сыйлап, құрметтейтін, олардың бір ауыз сөзін жерге тастамайтын. Сондықтан алдыңғы толқынның иманға келуі бүкіл тайпаның мұсылмандықты мойындауына сеп болатын.

*****






Ислам шеңберінің кеңеюі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   107




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет