Адамзаттың бәрін сүй



Дата21.04.2020
өлшемі18,88 Kb.
#63222
түріПоэма
Байланысты:
эссе. Адамзаттың бәрін сүй



Адамзаттың бәрін сүй......

Абай Құнанбайұлы - қазақ халқының ұлы ақыны, туған халқының мәңгілік үлгі тұтар қайталанбас дара тұлғасы. Оның өлеңдері, аудармалары, поэмалары мен әндері - тұнып тұрған адам жанының емі, рухани байлығы. Осындай қазыналарының бірі - ақынның қарасөздері. Абай атамыздың қарасөздері несімен құнды?.. .



Он сегізінші қарасөзінде атамыз: «Адам баласына жыртықсыз, кірсіз, сыпайы киініп, һәм ол киімін былғап, былжыратып кимей, таза кимек - дұрыс іс. Ләкин өз дәулетінен артық киінбек, не киімі артық болмаса да, көңіліне қуат тұтып, тым айналдырмақ - кербездің ісі» - дейді.

Бұдан алатын үлгіміз: өз шамаңнан артық киім киіп, әдейі кербез дәулетті болып көріну жақсы емес екені. Кербездіктің жаман қасиет екенін талдай келе, ол адамның бойына кіріп алатын желіктік, егер адам бұл мінезге душар болса, одан арылу өте қиын екенін ескертеді. Осы қарасөзінде: «Адам баласы мейірімді болу жөн. Мейірімсіздік - дөрекілік іс. Лəкин адам менсінбесе өзіне күнə болмақ» - дейді.

Бұдан ұғатынымыз: адам адамға дос, бауыр, ал, мейірімді болу - әрбір адамзаттың қасиетті парызы екендігі. Біреудің әдемі киіміне, бағалы дүниесіне қызыға қарап, «Шіркін – ай, менде де осындай нәрсе болса екен»- деп әсемпаздыққа берілудің терістігін ұғына түсеміз.

Ақын өз ойын қорыта келе, «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрсеменен оздым ғой демектің бәрі де - ақымақтық.» деп өскелең ұрпақты білім мен ғылымға шақырып,адамгершілік ұғымын жоғары бағалап, қазіргі заманымызда да кездесетін кейбір дүниеқоңыз мінезді адамдарды сынап, ондай жаман мінезден арылу керек екенін ашып айтқан екен.

Иә, расында, Абай атамыз - өз халқын шын жүрегімен сүйген, қазақ елінің адал перзенті. Оның артында қалған мол мұрасы - қазақ халқының мәдениеті мен әдебиетіне, рухани дүниесіне қосқан баға жетпес асыл қазынасы екені даусыз.



 



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет