Адилханов олжас шайзандаевич



бет10/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
Норвегия тәжірибесі. Норвегия да Қазақстан сияқты табиғи ресурстарға бай мемлекет. Халық саны да аса көп емес, шамамен 5,5 млн адам. Норвегия 1990 жылы резервтік қор құрды, қазіргі таңда қорда $1 трлн. жинақталған. Норвегия екінші дүниежүзілік соғыстан соң Еуропадағы ең кедей мемлекеттердің бірі болған. Қазіргі таңда Норвегия экономикасын да, экспортын да әртараптандыра алған әлемнің дамыған мемлекеттерінің бірі.
Норвегияда 20 жылдан астам уақыт бойы сауда профициті, яғни экспорт пен импорт арасында теріс сальдо болды. 2008 жылғы әлемдік қаржы дағдарысынан аз шығынмен өтуі үшін ел Үкіметі қолдан келгеннің бәрін жасады [67]. Ұлттық экономиканы қаржыландыру және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз ету арқылы дағдарыстық құбылыстарды азайту бойынша шаралар қабылданды. Ұлттық экономикадағы осы жетістіктердің барлығын әлемдік нарықта мұнай мен газға жоғары баға кезеңінде жинақталған қордағы қаражатты тиімді пайдаланумен түсіндіруге болады
Норвегияда әртараптандыру табиғи жолмен қарқынды дамып келе жатқан мұнай-газ секторының айналасында жүрді. Сонымен қатар Үкімет өндірістік кластерлерді қолдады. Норвегияда әртараптандыру бойынша жауапты орган немесе арнайы бағдарламалар жоқ. Әртараптандыру бойынша салық салу немесе тікелей субсидиялар тұрғысынан бизнес үшін жеңілдіктер жоқ. Норвегия билігі негізгі күш-жігерін ресурстарды бақылауға, оларды өңдеуге және жеткізуге, жалдау ақысын алуға, сондай-ақ осы саладағы бизнес пен қызметкерлердің білімі мен құзыреттілігін құруға бағыттады.
2020 жылғы мәліметтерге сәйкес мұнай мен мұнай өнімдері жалпы экспорттың 50% жуығын құрайды. Ал экспортының басым бөлігі Ұлыбритания, Германия, Швеция, Нидерланды, Қытай, Франция елдеріне экспортталады.
Норвегияның әлемдік теңіз жолына қол жетімділігі және әлемдегі төлем қабілеттілігі жоғары аймақтардың бірі – Батыс Еуропаға жақын орналасуы экспортты әртараптандыруға мүмкіндік берді. Норвегияның мұндай жетістіктерге жетуін институционалды тиімді басқару жүйесінің болуымен байланыстыруға болады.
Малайзия тәжірибесі. Малайзия аграрлық елден және қалайы мен каучуктың ірі экспорттаушысынан бәсекеге қабілетті жаңа салаларды құруға ұзақ, қиын, бірақ сәтті жолдан өтті. Экономикадағы өрлеу мен құлдырау кезеңдеріне қарамастан, экспорттық әртараптандыру бағыты дами берді.
Әртараптандырудың негізі - шикізат сатудан түскен кірістер есебінен қаржыландырылған индустрияландыру болды. Бұл процесс Ұлыбританиядан тәуелсіздік алған 1957 жылдан басталды. Осы уақыт ішінде Малайзия экспортының құрылымы түбегейлі өзгерді. Егер 1950 және 60-шы жылдары негізгі экспорт қалайы, каучук, кейінірек пальма майы болса, әртараптандыруға жүргізілген саясатының нәтижесінде қазір елдің экспортындағы өңдеу өнеркәсібінің үлесі 80%-дан асты. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінің экспортында электроника айтарлықтай үлес алады.
1957 жылдан бастап Малайзия экономикасының өсуі жылына 6% құрады және осы уақыт ішінде жан басына шаққандағы табыс 24 есе өсті. Табиғи ресурстардың болуы «голланд ауруын» туғызбағанын, бірақ елде индустрияландыруды жүргізуге ықпал еткенін ерекше атап өткен жөн. Малайзия импортты алмастыру кезеңдерінен өтті, олар өңдеу өнеркәсібін толыққанды экспортқа бағдарланған салаларды дамытуға дейін дамытуға негіз болды. Табиғи ресурстардың артық болуы ішкі сұранысты ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік берді.
Мұндай күрделі жолды шетелдік инвестициялардың қатысуынсыз өту мүмкін емес, мысалы, Малайзияда олар алдымен ауыл шаруашылығының дамуына ықпал етіп, содан кейін өңдеу өнеркәсібі мен жоғары технологиялар саласына бағытталды.
Өңдеуші өнеркәсіптің өсуі, өзінің экспорттық қоржынын кеңейту, нарыққа бәсекеге қабілетті өнім шығару және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану – осының бәрі экономиканы сыртқы әсерлерге қатысты неғұрлым тұрақты етеді, демек инвесторлар үшін неғұрлым тартымды етеді, олар инвестициялық жобаларды іске асыру арқылы қандай да бір салалардың дамуына одан әрі ықпал ететін болады.
Сонымен қатар, әртараптандыру стратегиясы табиғи ресурстарды пайдаланудан бас тартуды негізгі міндет етіп қоймайды, бірақ сыртқы нарықта ұсынылуы мүмкін тауарлар номенклатурасын кеңейтуге бағытталған. Мәселен, экспортты әртараптандыру нәтижесінде Финляндия енді орман өнеркәсібімен ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық өнімдер өндірумен де байланысты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет