Адилханов олжас шайзандаевич



бет11/28
Дата27.02.2023
өлшемі1,79 Mb.
#170278
түріДиссертация
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
adilhanov-o-povtor-phd-s-sp
2-дәріс. Бейнелеу өнерінің даму тарихы
Корея тәжірибесі. Корея Республикасы – Азияның жолбарысы атанған ел. Бүгінгі таңда Оңтүстік Корея экспортқа бағытталған ел болып табылады, оның көлемі Дүниежүзілік Банктің мәліметтері бойынша 2020 жылы $512 млрд құрады, бұл елді әлемдегі жетінші ірі экспорттаушы етті.
Алайда, бұл бірден болған жоқ. 1950 жылы мүлдем артта қалған ел болатын. Экспорт ЖІӨ-нің тек 3% ғана құрады, бұл ретте экспорттық өнімнің 88% бастапқы тауарлар болатын. Жалпы, осы кезеңде экономикалық өсудің төмендігі, халықтың жоғары өсуі, жинақ пен инвестицияларға бейімділіктің төмендігі, сондай-ақ төлем балансына қатысты елеулі проблемалар атап өтілді. Демек, ағымдағы саясатты өзгертіп, экспорттық бағдарға көшу қажет болды [68].
Корея 1960 жылы экспорттық бағдарға көшкеннен кейін экономикалық дамуға қол жеткізе бастады (1961-1980 жж.). Үкіметтің негізгі экономикалық мақсаттары негізгі салаларды күшейту, жұмыссыздықты азайту және басқарудың тиімді әдістерін жасау болды. Өнеркәсіптің негізгі салалары кеме жасау және машина жасау, электроника өнімдері деп танылды. Корея Үкіметі бұл бағытта жаңа өндірістер ашуды барынша қолдады, нәтижесінде өнеркәсіп өндірісінің өсуі жылына 25 % құрады, ал 70-ші жылдардың ортасында қарқыны жылына 45 % дейін өскен болатын.
1970-ші жылдардан бастап, Корея Республикасының экономикасы белсенді дами бастаған кезде, экспорт экономикалық өсудің негізгі қозғаушы күшіне айналды. Экспортқа бағдарланған табысты стратегияның арқасында ел айтарлықтай экономикалық дамуға қол жеткізді. Қазіргі уақытта Корея Республикасының экспортында жоғары технологиялық тауарлар үлкен үлеске ие. Қазіргі уақытта өнеркәсіптік өндірістің 8 жаңа саласын анықтады, олар жақын болашақта елдің экономикалық өсуінің драйверлері болуы тиіс: электромобильдер, аэроғарыш саласы, робототехника, электроника, жартылай өткізгіш компоненттер, жаңартылатын энергетика, жаңа конструкциялық материалдар және биотехнология.
Корея Республикасының жоғары технологиялық тауарлар өндірудегі бәсекелестік артықшылықтарының нығаюына ғылыми-технологиялық салаға елеулі түрде қаржы құю ықпал етті.
Түркия тәжірибесі. Түркияды 1927 жылы Өңдеуші өнеркәсіпті ынталандыру туралы Заң қабылданды. Бұл заңға сәйкес жеңілдіктердің өндірісті дамытуда маңызы өте зор болды. Кәсіппен айналысқысы келетін азаматқа ондаған гектар жер берілді және барлық салықтардан босатылды. Кәсіпорынның өндірістік қызметі және оған қажетті құрылыс жұмыстары үшін шетелден келетін материалдарға кедендік салықтар салынбады. Әрбір кәсіпорынға жалпы өндірісінің он пайызын сыйлықақы ретінде берілді және бұл тек алғашқы жылында болды. 1929 жылы экспорт пен импортқа толық бақылау қойылды, кедендік баж салықтары 50 % жоғарылатылды.
1920-1930 жылдары жеңіл өнеркәсіп, тоқыма саласы қарқынды дамыды. Үкіметтің отандық өндірісті қолдайтын заңдар қабылданды, бұл заңға сәйкес барлық мемлекеттік қызметкерлер импорттық киімнен қымбат болса да тек отандық өнімді, киімді пайдалануға міндетті еді.
Инвестиция салу және өндіріспен айналысатын компаниялар салық пен сақтандыру жарналарын төмендету, энергетикалық қолдау мен жерді еркін алу құқықтарына ие болып табылады.
Түрік үкіметі өз экспорттаушыларына: «Отандық өнімді бүкіл әлемге шығарыңдар, біз сендерге қажетті барлық қолдауды көрсетеміз»,-деді. Түркия одан әрі өсу мүмкіндіктерін жақсарту мақсатында Грузия экономикасын іс жүзінде сатып алды. Мемлекет ірі тұтынушы ретінде отандық өндірушілер үшін мемлекеттік сатып алу жүйесін іске асырып отырды. Мысалы, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын іссапарларға міндетті түрде түрік әуе компаниясының ұшақтарымен ұшу керек. Елде шетелдік капиталдың қатысуына шектеулер енгізілген. Мәселен, әуе, теңіз, автокөлік және теміржол көліктерінде капиталдың 51 %-ы түрік резиденттерінің қолында қалуы тиіс.
Мұнай мен газға тәуелділік мәселесі ұзақ уақыт бойы кеңінен талқыланып келеді. Өңдеу өнеркәсібін дамытуға, білім мен технологияларды тартуға, отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін жақсартуға бағытталған түрлі мемлекеттік бағдарламалар әзірленуде. Экспортты әртараптандыру-өте ұзақ және еңбекті көп қажет ететін процесс, ол ірі корпорацияларға залал келтірсе де, түбегейлі реформалар жүргізуді талап етеді. Қазақстан үкіметі өңдеу салаларының жеткіліксіз қаржыландырылуы, адам капиталына инвестициялардың болмау мәселелірін шешуі керек. Шағын және орта бизнес компанияларының экспорттық әлеуетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасауға, шетелдік инвесторлар тарапынан ғана емес, отандық инвесторлар тарапынан да инвестициялық қызметті ынталандыруға баса назар аудару қажет. Ғылым мен инновацияны жеткіліксіз қаржыландыру мәселесін еске түсіру қажет.
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, экспортты әртараптандыруда институционалдық механизмдердің маңызы мен бай шетелдік тәжірибесі бар екенін атап өткен жөн. Бірақ егер экономика секторлары арасында қаржы ресурстарын бөлу теңгерімсіздігі мәселесі шешілмесе, мұның бәрі ешқандай нәтиже бермейді.
Бұл озық тәжірибелерді саралай келе Қазақстан да өзінің ерекшеліктеріне сай тәжірибелерді пайдалана алады. Мысалы, көптеген елдер шикізаттан түскен кірісті өңдеу саласына тиімді бағыттау арқылы біршама жетістіктерге жеткен. Шетелдік инвестиция да өндіріске оң әсер етеді және өндірушілерді институционалдық қолдау да өте маңызды.
Әрине мұндай жетістікке жеткен мемлекеттердің жүріп өткен моделін толыққанды сол қалпында біздің елімізде пайдалану мүмкін емес. Дегенмен, ұтымды тұстарын Қазақстан мысалында пайдалану қажет. Сонымен, Қазақстан Норвегия мысалын пайдалана отырып 2000 жылы Президенттің 23 тамыздағы №402 Жарлығы негізінде Ұлттық қор құрды. Бұл қордың негізгі мақсаты елдегі өңдеу өнеркәсібін нығайту болуы қажет еді. Алайда соңғы уақытта оның негізгі қаражаттары екінші деңгейлі банктерді дағдарыс жағдайынан шығаруға және бюджет тапшылығын толықтыруға жұмсалуда. Үкімет өңдеуші өнеркәсіпті қолдауды күшейтуі керек. Тиімді институционалды басқару жүйесінің болуы да маңызды. Малайзия тәжірибесі сияқты шикізаттан түскен түсімді өңдеу өнеркәсібін дамытуға тікелей бағыттау қажет. Экспортты әртараптандырудың негізі - өндірісті әртараптандыруда жатыр. Табиғи ресурстардың болуы елдегі индустриаландыру саясатын жүзеге асыруға оң ықпал етті. Шетелдік инвестицияны тиімді игеру арқылы алдымен ауылшаруашылығын, кейіннен өңдеу саласы, электрониканы жоғары деңгейде дамытты. Оңтүстік Корея елі жоғары технологиялы өндіріске басымдық берді. Ал Түркия болса мықты мемлекеттік қолдау арқылы отандық өндірістің дамуына жағдай жасады.
Кез-келген дамыған мемлекеттің артында мықты өндірісі, өнеркәсібі тұр. Қазақстан өз экспортын әртараптандыруда осындай озық әлемдік тәжірибелерді пайдалану арқылы оң нәтижеге жете алады. Ол үшін осы саладағы мәселелерді жүйелі түрде қарастыру қажет. Сондай-ақ салық, ақша-кредит, валюта, институционалдық салалардағы реформаларды да ескерген жөн. Отандық өндірістің бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін бастапқыда шетелдік өндірушілерге квота қою арқылы ішкі нарықты отандық өндірушілерге беру мүмкіндігін қарастырған жөн. Сонымен қатар экспортты субсидиялау, экспорттық шығындарды өтеу, логистикалық коридорларды дамыту Қазақстандық экспортты әртараптандыруға көмегін тигізері анық. Қазіргі таңда Үкімет, ҚР Сауда және интеграция министірлігі бұл бағытта көптеген іс-шаралар атқаруда, бірақ әлі-де алда көптеген міндеттер тұр.
Бірінші бөлім бойынша қорытындылар:

  1. Экспортты әртараптандыру тақырыбына байланысты көптеген ғылыми жұмыстарды зерделей отырып «экспортты әртараптандыру» ұғымының эволюциялық дамуы қарастырылды. Қазақстандағы экспортты әртараптандыру ұғымына көпвекторлы анықтамасы құрастырылды. Бұл ұғымның жалпыға ортақ белгіленген түсіндірмесінің болмауы авторлық көзқарасты ұсынуға мүмкіндік берді. Бұл Қазақстанның экспортты әртараптандырудағы саясатының мақсаты мен міндетіне сәйкес болуымен ерекшеленеді.

  2. Бірнеше статистикалық агенттіктер мен ғалымдардың ұсынған экспортты әртараптандыруды бағалау әдістемелері зерттелді. Мұнда экспортты әртараптандыру деңгейін бағалаудың бірыңғай әдістемесінің болмауы себепті авторлар тапапынан «экспортты әртараптандыру мүмкіндігі» әдістемесі әзірленіп, ұсынылды. Бұл әдістеме аймақтар мысалында өңдеу саласын (кез-келген саланы) индекстік бағалаудың модификациясы негізінде әзірленді.

  3. Осы уақытқа дейінгі зерттеулерді шолу негізінде экспортты әртараптандыруда институционалдық механизмнің маңыздылығы қарастырылды. Қазақстандағы бұл салаға жауапты негізгі институттардың жұмысына тоқталдық.

  4. Экспортты әртараптандыруды сәтті жүзеге асырған мемлекеттер тәжірибесі зерделенді. 40-50 жылда ең озық алдыңғы қатарлы мемлекетке айналған Оңтүстік Корея, мол қазба байлық түсімін өңдеу саласына бағыттай отырып жоғары технологиялы мемлекетке айналған Норвегия, ұзақ әрі қиын индустрияландыру саясатын сәтті жүргізген Малайзия, өз өндірушілерін нақты әрі қатаң шаралар арқылы қолдаған Түркия тәжірибелері талданды. Осы шетелдік тәжірибелердің Қазақстан жағдайларына пайдалану мүмкіндіктері қарастырылған.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет