Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Жұмыртқа ақуызының ерітіндісін даярлау



бет34/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ХОӘ

Жұмыртқа ақуызының ерітіндісін даярлау
Жұмыртқа қабығын сындырып оның уызын бұзбай, ептеп ақуызын стаканға құйыңдар. Содан кейін стаканның тең жартысына дейін дистилденген су құйыңдар. Оны жақсылап араластырып, сүзіңдер. Осыдан кейін ақуыз ерітіндісі тәжірибе жасауға дайын болады. Ақуызбен тәжірибе жасау үшін сүтті, катықты, т.б. сүт өнімдерін алуға болады.
Ақуызды өздеріне тән түсті реакциялары арқылы табу
а) Биурет реакциясы. Ақуыздың 5-6 мл ерітіндісін сынауыққа құйып, оған 10%-тік күйдіргіш натр немесе күйдіргіш калий ерітіндісін қосыңдар. Содан соң сынауықтағы ерітіндіні жақсылап шайқап араластырыңдар. Енді осы ерітіндіге 2-3 тамшы тотияйынның 0,5%-тік ерітіндісін қосып, қыздырыңдар (қайнап кетпесін). Қызыл күлгін түстің пайда болуы ақуызға тән реакция. Мұндай құбылыс, ақуыз молекуласында белгілі атомдар тобының бар екенін көрсетеді.
ә) Ксантопротеин реакциясы. Ақуыздың судағы бірнеше тамшысы ерітіндісіне концентрлі азот қышқылы ерітіндісінің 2-3 тамшысын қосып, сәл ғана қыздырыңдар. Алғашқы ақ тұнбаның сары тұнбаға айналғанын көресіңдер. Ерітіндіні салқындатқаннан кейін, сілтілік реакция көрсеткенше мүсәтір спиртін қосыңдар. Сонда тұнбаның қызыл сары түске айналғанын көресіңдер. Ксантопротеин реакциясы ақуыздың молекуласында аромат топтарының қатысына байланысты азот қышқылымен сары түсті нитроөнімдер түзеді. Егер концентрлі азот кышқылын кездейсоқ қолдарыңа не тырнақтарыңа тигізіп алсаңдар, көп уақытқа дейін кетпейтін сары дақ түскенін көресіңдер, міне, бұл да ксантопротеин реакциясы.
Ақуыз ерітіндісіне ауыр металдар тұздарының әсері
а) Ауыр металдардың тұздары ақуызды коагуляцияландырады. Үш сынауыққа 2-3 мл-ден жұмыртқа ақуызының ерітіндісін құйыңдар. Бірінші сынауыққа тамшылатып азот қышқыл сынап тұзының 5%, екіншісіне тотияйынның 10%, үшіншісіне азот қышқыл күміс тұзының 2% ерітінділерін қосыңдар. Су қосқанда тұнбалар ери ме, жоқ па, соған назар аударыңдар.
ә) 3 мл ақуыздың ерітіндісіне шамалы күкірт қышқыл аммоний тұзының ұнтағын себіңдер. Ерітінді лайланып, сынауықтың түбіне үлпілдек тұнба түрінде ақуыздың қосылыстары жиналады. Оның үстіне 10 мл су құйып, шайқап араластырсаңдар, тұнба ериді. Тәжірибеден қорытынды шығарып, түсіндіріңдер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет