Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі



бет33/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35
Байланысты:
ХОӘ
8 kl, Практикалық жұмыс 5, Лекция 2, eng 2022-2023 силлабус-ICT=
27,28 жұмыс. Аминдер. Амин қышқылдары
Мына материалды білу керек:

  1. Құрамында азоты бар органикалық заттар химия курсының қандай бөлімдерін өткен кезде қарастырылады?

  2. Осы қосылыстарды өту кезінде кандай жүйелілік сақталады?

  3. Аминдер, аминокышқылдар, ақуыз тақырыбын өту кезінде қандай жаңа ұғымдармен танысамыз?

  4. Осы тақырыптарды қарастырудың қандай әдістері бар?

  5. Қандай қосылыстарды аминдер деп атаймыз?

  6. Анилин молекулаларындағы атомдардың өзара әсері қалай бөлінеді?

  7. Анилин мен дифениламиннің негіздік қасиеттері бірдей бола ма?

Молекулаларында көмірсутек радикалымен тікелей байланысқан бір немесе бірнеше нитротобы - N02 бар органикалық заттарды нитроқосылыстар деп атайды. Оның ең карапайым өкілі - нитробензол. Ол техникада анилин алу үшін көп мөлшерде қолданылады. Анилин C6H5NH2 - аминдер класының аса маңызды өкілі. Ол өте улы, май тәрізді сұйық зат, суда аз ериді. Анилин ауада аздап тотығатындықтан қоныр түсті болады.
Жұмыстың мақсаты. Құрамында азоты бар органикалық қосылыстарды алу және оның негізгі өкілі анилиннің қасиеттерімен танысу.
Құрал-жабдықтар. Имек түтігі бар тығындалған үлкен сынауық, стакандар, бөлгіш құйғыш, иілгіш шыны түтік, тағанды темір штатив, спирт шам, Вюрц колбасы, сіріңке, лакмус қағазы.
Реактивтер. Бензол, концентрлі азот, күкірт және тұз қышқылдары, аса қанық сілті ерітіндісі, бром суы, қос хром қышқыл калий тұзының ерітіндісі, темір (III) хлоридінің ерітіндісі, иод тұнбасы.
Нитробензол алу
Нитробензолды бензолды концентрлі азот және күкірт қышқылдарының қоспасымен өңдеу арқылы алады. Сынауыққа концентрлі азот және күкірт қышқылдарының (2:4) қоспасын құйыңдар. Қоспаны суық суы бар стаканға салып, шайқап отырып үстіне 2 мл бензол қосыңдар. Содан кейін сынауықтағы қоспаны баяу қыздырып, салқын суы бар стаканға құйыңдар. Түзілген нитробензол ауыр май тәрізденіп судың түбіне шөгеді. Үстіңгі сұйықтықты төгіп, нитробензолдағы қышқылдың қалдықтарын жуу үшін таза су құйып, шайқаңдар. Аздап тұндырып, жоғарғы қабатын төгіп тастаңдар. Түзілген нитробензолдың иісі мен түсіне көңіл аударыңдар. Нитробензолды оқытушыға тапсырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Анилин алу
Анилинді сутегімен нитробензолды тотықсыздандыру арқылы алады. Ол үшін колбаға бірнеше тамшы нитробензолды тамызып, оған 2-3 кесек қалайының жаңқасын немесе мырыш үгіндісін салыңдар. Одан соң шамалы сұйылтылған тұз қышқылын құйыңдар. Колбаның аузын (ауа салқындатқыш) ұзын көлденең түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Қоспаны қайнаған суы бар ыдысқа салып, нитробензолдың түсі мен иісі толық жойылғанша қыздырыңдар. Анилин хлорсутектің тұзы түрінде түзіледі. Анилинді өзінің тұзынан бөліп алу үшін, колбадағы қоспаға аз-аздан күйдіргіш натрдың концентрлі ерітіндісін қосыңдар. Алғаш мырыш (II) гидроксидінің ақшыл тұнбасы түзіледі, ол тұнба жойылғанға дейін құю керек. Енді колбаға кішкене пемза салып, имек түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Түтіктің екінші ұшын, ішінде салқын суы бар стаканға батырылған сынауыққа салыңдар. Спирт шамының жалынында ұстап, колбадағы қоспаны қыздырыңдар. Анилин су эмульсиясы түрінде айдалып сынауыққа жиналады. Осы сынауыққа шамалы ас тұзын салып араластырып, қоспаны тұндырып қойыңдар. Анилин сынауықтағы қоспаның үстіңгі қабатына жиналады. Оны бөлгіш құйғыш арқылы бөліп алып, анилин екенін анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
С6Н5NO2+ЗН2
а) Анилиннің хлорлы әк суымен реакциясы. 2-3 тамшы анилинді 20-30 мл
суда ерітіңдер. Ерітіндіге хлорлы әк суының сүзілген ерітіндісін қосыңдар.
Сұйықтықтың күлгін түске боялғандығына назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
C6H5NH2 + СаОСІ2
ә) Анилиннің тұзын алу және одан анилинді қайтадан бөлу. Сынауықка 1 мл концентрлі тұз қышқылын және 0,5 мл анилин құйындар. Сұйықтық салқындағанда хлорсутекті анилин тұзының C6H5NH2*HCI кристалдары бөлінгенін байқаңдар. Кристалдардан артық мөлшердегі сұйықтықты құйып алып, еріту үшін шамалы су қосыңдар. Содан кейін үзбей шайқап тұрып, тамшылатып мөлшерден артық сілті құйындар. Бос анилиннің түзілгенін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. C6H5NH2*HC1 + NaCl
б) Анилиннің броммен реакциясы. Сынауыққа анилиннің судағы
ерітіндісінен 1-2 мл құйып, бірнеше тамшы бром суын қосыңдар. Сұйықтықты шайқап араластырыңдар. Үшбром анилиннің тұнбаға түскенін бақылаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар. C6H5NH2 + Br2
в) Анилиннің тотығуы. Сынауыққа 2-3 мл күкірт қышқылының
сұйылтылған ерітіндісін құйып, оған 2-3 тамшы анилинді ерітіңдер. Осы
сұйықтыққа қосхром қышқыл калий ерітіндісін құйып, қара немесе көк түсті тұнбаның түзілетінін байқаңдар.
г) Анилин бояуымен мата бояу. Стакандағы 100 мл суға 1 г қосхром
қышқыл калий тұзын салып ерітіңдер. Содан кейін сұйыктыққа 0,5 мл күкірт
қышқылын, сондай мөлшерде тұз қышқылын және анилин құйыңдар. Қоспаны шайқап араластырыңдар. Осы сұйыктыққа қиынды ақ матаны салып, қайнағанша қыздырыңдар. Матаны алып, суға шайқап кептіріңдер. Матаның қара түске боялғанына назар аударыңдар.
ғ) Фуксинмен бояу. Химиялық стаканға шамалы қайнаған су құйып, оған фуксиннің бірнеше түйірін салыңдар. Содан кейін жүн немесе жібек матаның қиындысын салыңдар. Матаның боялып, ерітіндінің түссізденгеніне назар аударыңдар. Матаны алып сумен жуыңдар.
д) Индигоның көк түсіне матаны бояу. Стаканға 0,1 г индиго салып,
шамалы спиртте ерітіңдер. Мұның үстіне бірнеше тамшы натрий гидроксидінің ерітіндісін қосып, 100 мл су құйындар. Қоспаны 40°С-қа дейін қыздырып, натрий гидросульфатынан шамалы салыңдар. Біраздан кейін қызғылт сары түсті ерітінді түзіледі. Оған «индиго көгіне» жуылған таза мақтаны салып, шыны таяқшамен бірнеше минуттай араластырыңдар. Жіпті бояудан алып жуып, кептіріңдер. Сонда жіптің ашық жасыл түске боялғанын көресіңдер.
е) Жүнді ализаринмен бояу. Жүннен тоқылған кішкене матаны 100 г
ашудастың ерітіндісіне қайнатыңдар. Одан кейін ализариннің ерітіндісіне
салып (100 мл суға бір шымшым ализарин) бояңдар. Ерітіндіні қыздырып
қайнау шегіне дейін жеткізіңдер. Күлгін түс алу үшін жүнді темір ашудасына
салыңдар. Соңында боялған жүнді суық суға салып жуыңдар.
Ақуыз (белок). Ақуыз - амин қышқылдарынан түзілген күрделі үлкен молекулалы табиғи қосылыстар. Оның құрамына көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт, кейде фосфор, темір және басқа элементтер кіреді. Ақуыздың құрылысын анықтау - аса күрделі жұмыс. Ақуыздар гидролизінің өнімдерін зерттеу оның кұрылысы туралы қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Жұмыстың мақсаты. Ақуыздың химиялық қасиеттерімен танысу және оны басқа органикалық заттардан ажырата білу біліктерін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар. Сынауықтар, стакандар, шыны түтіктер, спирт шамы, штатив, резеңке тығындар, тығын тескіштер, тигель, қысқыш.
Реактивтер. Жұмыртқа ақуызының ерітіндісі, 10% күйдіргіш калий, концентрлі азот қышқылы және тұз қышқылдары, 5% сынап нитратының, 10%-тік тотияйынның, 2%-тік күміс нитратының ерітінділері, жүн талшықтары, аммоний сульфаты, мырыш сульфаты, қорғасын ацетаты, фенолфталеин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет