Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Спирттер тотыққанда альдегидтердің түзілуі



бет28/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Спирттер тотыққанда альдегидтердің түзілуі
Сынауыққа 1-2 мл метил спиртін құйып, қыздырылған мыс сымын салыңдар. Қыздырғанда мыс сым тотығып, сыртын қара дақ басады. Оны спиртке батырғанда тотықсызданып қызарады. Осы процесті 2-3 рет қайталаса, белгілі концентрациядағы құмырсқа альдегидін алуға болады. Бұл реакцияны қайталап, этил спиртімен де жасаңдар. Спирттің тотыққанын түзілген құмырсқа альдегидінің иісінен анықтаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Құмырсқа альдегидін алу үшін мыс оксидінен басқа тотықтырғыштарды пайдалануға болады. Ол үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Бір сынауыққа калий перманганатының әлсіз ерітіндісін құйып, оған 1 мл метил спиртін қосыңдар. Қоспаны спирт шамында қайнағанша қыздырыңдар. Ерітіндідегі калий перманганатының күлгін түсінің жойылып, кұмырсқа альдегиді түзілгенін иісінен байқандар. Реакция теңдеуін қысқартып жазыңдар.
Альдегидтердің тотығу реакциясы
Альдегидтер тотыққанда өзіне сәйкес қышқылдар түзеді. Тотықтырғыштар есебінде көбіне күміс оксидінің аммиактағы ерітіндісі және мыс гидроксиді қолданылады.
а) Бұл тәжірибені жасауда екі сынауықты тазалау үшін сілті ерітіндісінде қайнатыңдар. Одан соң дистилденген сумен шайқаңдар. Сынауық әбден тазарғанда біреуіне 3-4 мл 2%-тік күміс нитратының ерітіндісін құйып, үстіне шамалы күйдіргіш натрдың 10%-тік ерітіндісін тамызыңдар. Сонда қоңыр түсті күміс (1) оксиді тұнбаға түседі. Түзілген күміс (I) оксиді ерігенше тамшылатып аммиактың ерітіндісін құйыңдар. Осы ерітіндіге 5-6 тамшы формалин қосыңдар. Сынауықты алдын ала дайындалған ыстық суы бар стаканға салыңдар. Күміс ыдыстың ішкі кабырғасына қонып күміс айна реакциясы деп аталатын жарқыраған дақ түзеді. «Күміс айнанын» түзілуі альдегид тобына сапалық реакция болады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Сынауыққа шамалы күйдіргіш натрдың ерітіндісін құйып, үстіне сондай мөлшерде тотияйын ерітіндісін қосыңдар. Мыс гидроксиді тұнбаға түседі. Онын үстіне аздаған формалин қосып, қоспаны қайнатыңдар. Әуелі сары тұнба түзіліп, ол соңынан мыстың бір валентті оксидіне (Cu2О қызыл түсті тұнбасына) айналады. Реакция тендеуін жазыңдар.




17-сурет 18-сурет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет