Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Спирттердің ерекшелігін байқау



бет24/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Спирттердің ерекшелігін байқау
Төрт сынауық алып, әрқайсысына 2-3 мл су құйындар. Біріншісіне метил, екіншісіне этил, үшіншісіне бутил, төртіншісіне изоамил спирттерінен 1 мл-ден құйыңдар. Барлық қоспаларды шайқап араластырыңдар. Метил және этил спирті суда шексіз ери береді. Бутил спирті нашар ериді де, изоамил спирті судың бетіне ерімей қалқып шығады.
Этил спиртін еріткен сынауықтағы ерітіндіні үш сынауыққа бөліп құйыңдар. Біріншісіне қызыл, екіншісіне көк лакмустың ерітіндісін, ал үшіншісіне фенолфталейн ерітіндісін тамызыңдар. Ешбір ерітіндіде индикатордың түсінің өзгермегенін байқайсыңдар.
Этил спиртінің ерігіштік қасиеті
Сынауыққа 5 мл этил спиртін құйып, оның үстіне бірнеше түйір иод кристалдарын салыңдар. Иодтың спиртте еруіне назар аударыңдар.сонда медицинада пайдаланылатын иод тұнбасы деп аталатын иодтың спирттегі 5% ерітіндісі түзіледі. Иод спиртте өте жақсы ериді.
Спирттің құрамындағы суды анықтау
Шарап спирті 95,6% спирт пен 4,4% судан тұрады. Бұл екі қоспа спиртті 78,15°С температурада айдаған кезде бір-біріне бөлінбейді. Сусыз абсолютті таза спирт алу үшін кәдімгі химиялық әдіс қолданылады. Спиртті сусыздандыру үшін оған кальций оксиді СаО, барий оксиді ВаО және күйдірілген тотияйын CuSO4 қосады. Мұндай жолмен сусыз 99,5% шамасындай спирт алынады. Қалған суды кетіру үшін белгілі есеп бойынша металл натрий немесе кальций қосады. Одан кейін спирттегі сілті мен алкоголяттан айырып қайта айдайды.
Ал сатудағы спиртте шамалы судың бар екенін білу үшін мынадай тәжірибе жасаңдар. Бір сынауыққа 1-2 мл этил спиртін құйып, үстіне таза күйдірілген 1-2 г тотияйын салыңдар. Спирттің құрамындағы суды қосып алып, тотияйын көгереді. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет