Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Бензолдың тотықтырғыштарға қатысы



бет22/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Бензолдың тотықтырғыштарға қатысы
Екі сынауық алып, әрқайсысына 2-3 мл бензол құйындар. Сынауыктардың біріне бром суын, екіншісіне калий перманганатының әлсіз ерітіндісін құйыңдар. Сынауықтарды шайқап араластырындар. Ерітінділердің түсіне назар аударып, қорытынды шығарыңдар.
Бензолдың хлормен әрекеттесуі
Үлкен колбаны ауаны ығыстыру арқылы хлорға толтырып, оған 2-3 мл бензол құйыңдар. Резеңке тығынмен бекітіп, колбаны шайқап араластырып, күшті жанатын электр шамының қасына қойыңдар. Сол кезде пайда болған ақ түтінге назар аударыңдар. Ол гексахлоранның майда түйіршіктері. Колбаны тағы да шайқаңдар. 20-30 минуттан кейін, колбаның кабырғасындағы майда кристалдарды таяқшамен колбаның ішінде бір жерге жинаңдар. Оның гексахлоран екенін дәлелдейтін сапалық реакция жасаңдар. Реакция тендеуін жазыңдар.
С6Н6+ С12
Бензолдың броммен әрекеттесуі
Темір катализатордың қатысында бензол броммен оңай реакцияласады. Бұл тәжірибені тартпа шкафта жасаңдар. Колбаны штативке бекітіп, оған 1-2 мл бром құйыңдар. Бром өте қауіпті сұйық зат, оған өте сақ болыңдар. Бромға 3 мл бензол құйып, бірнеше бөлек жіңішке темір сым немесе темір ұнтағын қосып, түтікті шыны түтік кигізілген тығынмен тығындаңдар. Түтіктің ұшын суы бар колбаға жақындатып қойыңдар. Егер реакция баяу жүрсе, аздап қыздырыңдар. Газ шығатын түтіктің ұшынан ақ «түтін» шыға бастайды. Ақ түтінді ылғалданған көк лакмус қағазы арқылы сынаңдар. Содан кейін бөлініп жатқан газды суда ерітіп, оған күміс нитратының ерітіндісінен азырақ қосыңдар. Сары тұнбаның түзілгенін байқаңдар. Ол колбада бромсутек бар екенін көрсетеді. Реакциядан кейін колбада ауыр сұйықтық - бромбензол С6Н6Вг қалады. Реакция теңдеуін жазыңдар.
1) AgNO3 + HBr 2) C6H6+Br2


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет