Этиленнің қанықпаған көмірсутектеріне жататынын дәлелдеу а) Этилен алуға арналған құралға имек түтік кигізіп, этилен алуға арналған қоспаны қыздыра отырып, бөлінген газды сынауықтағы бром суының үстіне жіберіндер. Су тез түссізденеді. Мұнда бром этиленмен түссіз қосылыс түзеді. Реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Шамалы сода қосылған калий перманганатының сұйық ерітіндісіне этилен жіберіңдер. Калий перманганатының күлгін түсі жойылып, қоңыр түсті марганецтің диоксиді бөлінеді. Калий перманганатындағы оттегінен этилен тотығады. Оны былай қысқартып жазуға болады:
СН2 =СН2 + О + Н2 О СН2 ОН - СН2 ОН
Ацетилен Ацетилен қ.ж. түссіз, иіссіз, ауадан шамалы жеңіл газ. Молекулалық массасы М=22,4 * 1,171 =26. зертханада және өнеркәсіпте ацетиленді кальций карбидін сумен әрекеттестіріп алады.
Ацетиленді кальций карбидінен алу 14-суретте көрсетілгендей құралдың көмегімен суды ығыстыру арқылы ацетиленді алуға болады. Колбаға екі-үш түйір кальций карбидін салып, бөлгіш құйғыш арқылы тамшылатып су кұйындар. Бөлініп шыққан ацетиленді 1-2 цилиндрге немесе сынауыққа суды ығыстыру жолымен жинаңдар. Оны кейінгі тәжірибеде пайдаланасыңдар. Кальций карбиді сумен өте шабытты әрекеттеседі, реакцияны баяу жургізу үшін, судың орнына натрий хлоридінің қанық ерітіндісін пайдалануға болады. Реакция тендеуін жазыңдар: СаС2 +2НОН С2Н2 + Са(ОН)2 Ацетиленнің жануы Ацетиленді алу кезінде пайдаланған құралдың газ жүретін түтіктің аузына от қойып, ацетиленді жағып көруге болады. Ол күшті жалынмен ашық қызғылт түс беріп жанады. Егер ацетилен жанып тұрған түтікке жанама түтік арқылы оттегін жіберсе, күйе шығармай, жарқыраған жалынмен жанады. Реакция теңдеуін жазыңдар. С2Н2 +02
Ацетиленнің броммен әрекеттесуі Ацетиленнің броммен әрекеттесуін байқау үшін, ацетилен бөлініп жатқан құралдың түтігін бром суы құйылған сынауыққа ендіреді. Бром суы біртіндеп түссіздене бастайды. Бұл кезде көміртегі мен сутегі арасында үш байланыстың біртіндеп үзіліп, қосылу реакциясына түскенін байқауға болады. Реакцияның теңдеуін екі сатыда жазыңдар.