Метанның оттегімен қопарылысы Өздерің жинап алған цилиндрдегі метанның екі бөліктейін су астынан шығарып жіберіңдер. Ал шығып кеткен метанның орнына цилиндрдегі су, ығыстыру арқылы оттегі жіберіңдер. Сонда сынауықта 1:2 көлем, қатынасындай қоспа жиналады. Енді осы қоспаны спирт шамының жалыны жақындатыңдар. Шамалы копарылыс болғанын көресіңдер. Егер тәжірибені үлкен ыдыста жасасаңдар, ыдыстың кабырғасын орамалмен ораңдар. Бірі газдар қоспасын спирт шамының жалынына тұтандырмаңдар, себебі қопарылыстан пайда болған толкынның әсерінен спирт шамын төңкеріп тастауы мүмкін. Тек тұтанған ағаш жаңқасы арқылы жағуға болады. Бұл тәжірибені сабын көбігі арқылы да жағуға болады. Ол аса қауіпті емес. Ол үшін метан мен оттегінің қоспасын 1:2 қатысындай етіп газометрге даярлап қояды да, сабын ерітіндісіне жібереді.
Метанның хлорда жануы Ең алдымен шыны ыдысты хлорға толтырып алыңдар. Метан алатын құралдың түтігінде метанды жағып, хлоры бар шыны ыдысқа батырыңдар. Сонда метан хлорда сарғыштау жалынмен жанады. Жану өнімі ретінде хлорсутек жэне көміртегі түзіледі. Ылғалданған көк лакмус қағазын ыдыстың ішіне батырсаңдар, түсінің қызарғанын көресіңдер. Ол хлорлы сутегінің түзілгенін дәлелдейді. Реакция тендеуін жазыңдар.
Енді метан жиналған цилиндрдің ішіне марганец қышқыл калий ерітіндісін немесе бром суын құйып, шайқап араластырсаңдар өзгеріс болмағанын көресіндер.
Қанықпаған көмірсутектер. Этилен Этилен қ.ж. ауадан аздап жеңіл, түссіз, иіссіз, суда нашар еритін газ. қ.ж. этиленнің тығыздығы 1,25 г. Этиленді зертханада этил спиртін концентрлі күкірт қышқылымен қосып қыздыру арқылы алады.
15-сурет. Этиленді алуға арналған құрал
Этил спиртінен этиленді алу Ол үшін 15-суреттегідей құрал құрастырындар. Сыйымдылығы 50 см3 болатын спирт қоспасынан 10-15 мл құйыңдар. (Қоспа 1 көлем спиртке 3 көлем қышқыл келетіндей болуы тиіс). Қоспа қайнағанда тасып көтерілмес үшін қоспаға аздап таза құм немесе пемза қосындар. Қоспаны спирт шамында жайлап қыздырындар. Этиленді суда нашар еритін болғандықтан, суды ығыстыру арқылы жинап алады. Мұнда да метанды алғандағыдай түтіктегі ауаны ығыстырьш барып, жинауды ұмытпаңдар. Таза этиленмен бір-екі үлкен сынауықтың немесе цилиндрді толтырып алыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар:
1) С2Н5ОН+ H2SО4 C2H5О-SО3H + Н2О
2) C2H5О-SО3H С2Н4 + H2SО4 Этиленнің жануы а) Этилен де метан сиякты ауада жанады. Оны білу үшін этиленді алуға арналған 40-суреттегі құралдың газ шығатын түтігіне тамызғыш кигізіп, оның ұшына от жақындатыңдар. Сонда этиленнің жарқырап жанғанын көресіңдер.
ә) Этиленді өздерің жинаған ыдыстарында да жағып көрулеріңе болады. Ол үшін этилен жинаған ыдыстың аузын жоғары қаратып ішіне ернеуі арқылы су құйып, жанған сіріңкені жақындатсаңдар, сонда ол жанады. Этилен жанғанда көмір қышқыл газы мен су буы түзіледі. Реакция теңдеуін жазыңдар.