Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Ацетиленнің хлор атмосферасында жануы



бет20/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Ацетиленнің хлор атмосферасында жануы
Бұл үшін хлор алуда пайдаланған тәжірибені қайталап көрсетуге болады. Хлор алатын құралды күні бұрын құрастырып, шыны сауытқа хлор жинап қойыңдар. Хлоры бар шыны сауытқа 2-3 мл су құйып, оның үстіне 1-2 г кальций карбидін салыңдар. Кальций карбиді сумен әрекеттесіп ацетилен түзеді. Ол хлор атмосферасында өздігінен тұтанып, бықсып жанады. Реакция нәтижесінде өткір иісті хлорсутек және көптеген қара күйе бөлінеді. Реакция теңдеуін жазыңдар. С2Н2 +С12
Ескерту: Ацетиленнің қанықпаған көмірсутек екенін анықтау үшін ацетилен толтырылған цилиндрге калий перманганатынын әлсіз ерітіндісін құйыңдар. Ерітінді тез түссізденеді. Сөйтіп, этилен сияқты ацетилен де оңай тотығады. Реакция теңдеуін жазындар.
17,18 жұмыс. Ароматты көмірсутектер
Мына материалды білу керек:

  1. Қандай эксперименттік деректер бензолдың циклді кұрылысын дәлелдейді?

  2. Кекуленің графиктік формуласы мен бензолдың қасиеттері арасында қандай қайшылық бар?

  3. Бензол молекуласындағы σ- жэне π-электрондық жүйелерді схема түрінде бейнелеп, түсінік беріндер.

  4. Көмірсутектерінде ковалентті байланыстың қандай түрлері кездеседі?

Жұмыстын мақсаты. Бензолдың электрондық құрылысы, ароматтық байланыс туралы ұғым қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар. Бензол, сүзгі қағаз, аузы жабық хлоры бар шөлмек, бензол молекуласының сымнан жасалған және масштабты моделі, сынауыктар.
Реактивтер. Толуол, ксилол, дистилденген су құйылған колбалар, өсімдік майы, иодты су, бромды су, темір сым, темір ұнтағы, калий перманганаты, күміс нитраты ерітінділері, концентрлі күкірт, азот қышқылдары.
Бензол
Аромат көмірсутектерінің қарапайым және ең маңызды өкілі - бензол. Бензол - оңай қайнайтын түссіз, сұйық зат, ол суда ерімейді және өзіне тән иісі бар. Салқындатқан кезде бензол ақ түсті кристалды массаға айналып қатады. Оның балқу температурасы 5,4°С. Бензолдың молекулалық формуласы С6Н6. Бұл формуладан бензолдың өте қанықпаған қосылыс екені көрінеді. Бензолды бром суымен немесе калий перманганаты ерітіндісімен араластырып шайқаса, ол қанықпаған қосылыстарға тән реакцияларды бермейді. Мұндай қайшылыққа жауапты оның құрылысының ерекшелігінен іздеу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет