Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Бензолдың қасиеттерімен танысу



бет21/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Бензолдың қасиеттерімен танысу
Бензолдың кейбір физикалық қасиеттеріне көз жеткізу үшін, мынадай тәжірибе жасаңдар.
а) Сынауыққа 2-3 мл бензол құйып, стақандағы алдын ала қайнатылған суға салыңдар. Сонда бензолдың қайнай бастағанын көресіңдер. Бензолдың қайнау температурасы 80,4°С, ал судың қайнау температурасы 100°С;
ә) Бір сынауыққа 2-3 мл бензол құйып, стакандағы тұз салынған қарға батырып, 4-5 минуттай салқындатып қойыңдар. Сонда бензолдың мұз тәрізді массаға айналып, қатқанын көресіңдер. Бензолдың қату температурасы +5,4°С.
Бензолдың әртүрлі сұйықтықтарда ерігіштігі
Үш сынауық алып, біріншісіне 2-3 мл су, екіншісіне сондай мөлшерде спирт, үшіншісіне эфир құйындар. Содан кейін әрқайсысына 1 мл шамасында бензол құйып, сынауықтарды шайқап араластырыңдар. Штативке қатарластырып қойып, бензолдың қай сұйықтықта жақсы еритініне назар аударыңдар.
Бензолдың меншікті салмағын анықтау
Сынауыққа шамалы су құйып, оған 1-2 мл бензол құйыңдар. Оның су
бетіне қалқып шығатынына назар аударыңдар. Су бетіне қалқып шығу, бензолдың судан жеңіл екенін көрсетеді. Судың меншікті салмағын 1 деп алсақ, ал бензолдың меншікті салмағы қ.ж.-да 0,874-ке тең болады.
Бензолдың еріткіштік қасиетін байқау
Екі сынауық алып, біріншісіне 2-3 мл бензол, екіншісіне сонша мөлшер
су құйыңдар. Екеуіне де тоң майдың кішкентай кесегін салып
немесе сұйық майдың бірнеше тамшысын тамызып, сынауықтарды шайқап, әбден
араластырыңдар. Сынауықтарды штативке қойып, майдың қай сынауықта
жақсы ерігеніне назар аударыңдар.

Бензолдың жануы
Шыны таяқшаны бензолға батырып алып, спирт шамының жалынын
тигізіңдер. Оның түтеген жалынына назар аударып, өткен тәжірибелерде
көмірсутектердің жалындарымен салыстырып, қорытынды жасаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет