Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


,20 жұмыс. Қаныққан бір атомды спирттер.Көп атомды спирттер



бет23/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

19,20 жұмыс. Қаныққан бір атомды спирттер.Көп атомды спирттер.


Мына материалдарды білу керек:

  1. Спирттер мен альдегидтерді, карбон қышқылдары мен күрделі эфирлерді оқытуда қандай әдістер қолданылады?

  1. Органикалық қосылыстардың осы кластарын оқу кезінде қандай генетикалық байланыстар меңгеріледі?

  1. Спирттің молекуласында электрондық тығыздық қалай таралған?

  2. С=0 байланысының қосылыстың қасиеттеріне әсерін талдаңдар.

  3. Карбоксил тобындағы өзара әсерді электрондық тұрғыдан түсіндіріңдер.

  4. Спирттердің де, сілтілердің де құрамында гидроксотоптары болады. Неліктен спирттер электр тогын өткізбейді, ал сілтілер ерітіндісі электролит болып табылады?

  5. Спирттердің қолданылуын сызбанұсқа түрінде беріңдер.

Спирттердің негіздік қасиеттерімен танысу
Молекуласында көмірсутек радикалымен байланысқан бір немесе бірнеше гидроксил топтары бар органикалық заттар спирттер деп аталады. Гидроксил топтарының санына қарай спирттер біратомды, екіатомды, үшатомды және көпатомды болып бөлінеді. Енді спирттердің негізгі қасиеттерімен танысып көрейік.
Жұмыстың мақсаты. Этил спиртінің кейбір физикалык және химиялық қасиеттерімен таныстыра келе, сутектік байланыс туралы ұғым қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар. Сынауықтар, стакандар, кәрлен тостағанша, түтік кигізілген тығыны бар сынауық, су моншасы, бром суы, бромды этил алуға қажетті қолдан құрастырылған құрал, химиялық стакан, құйғыш.
Реактивтер. Этил, метил, бутил және изоамил спирттері, кристалдық иод, сусыздандырылған тотияйын, кальций, барий оксидтері, қызыл және көк лакмус қағаздары, фенолфталеин ерітіндісі, калий және натрий бромиді, концентрлі тұз және күкірт қышқылдары, бор қышқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет