Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі



бет25/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

Этил спиртінің жануы
Спирт шамын жағып, оның жалынының түсіне назар аударыңдар немесе кәрлен тостағаншаға бірнеше тамшы спиртті тамызып, жағып көріңдер. Реакция теңдеуін жзыңдар. С2Н5ОН + О2
Спирттің натриймен әрекеттесуі
Құрғақ сынауыққа 3 мл таза спиртті құйып алып, оның үстіне керосиннен тазартылған металдық натрийдің бір түйірін салыңдар. Металдық натрий спиртпен әрекеттесіп, сутегі бөліне бастайды. Сынауықтың ішіндегі ауа тегіс шығып болғанда, аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен бекітіңдер. Сіріңке жағып, түтіктің ұшына жақындатыңдар. Реакция тоқтағанша сынауықтың тығынын ашып, спиртке натрий сала беріңдер. Сынауықтағы ерітінді біртіндеп қоюлана бастайды. Одан кейін ерітіндіні кәрлен тостағаншаға құйып, су моншасында суалтыңдар. Алған алкоголяттарыңды аздаған су қосып немесе фенолфталейн ерітіндісі арқылы тексеріп көріңдер. Алкоголяттың суда айырылуы нәтижесінде сілті түзілгенін көресіңдер. Реакция теңдеуін жазыңдар:
1) С2Н5ОН + Na 2) C2H5ONa + H2O

16-сурет. Спирттің қасиетін анықтауға арналған құрал
Спирттің галогенсутекті қышқылмен әрекеттесуі
16-суреттегідей құрал құрастырып, герметикалығын тексеріңдер. Газ өткізгіш түтігі бар колбаға немесе Вюрц колбасына 2-3 г калий немесе натрий бромидін салыңдар. Аздап спирт, содан кейін спирттен екі есе көп күкірт қышқылын (1:1) құйыңдар. Қабылдағыш сынауыққа мұз түйірлері қалқып жүрген су құйып, колба мен сынауықты газ жүретін ұзын түтікпен жалғастырыңдар. Газ жүретін ұзын түтік су суытқыштың қызметін атқарады. Қоспаны қыздырғанда бромды этилдің қабылдағыш сынауықтың түбіне жиналғанына назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет