Метанның ауадан жеңілдігін байқау а) Метанны ауадан жеңілдігін байқау үшін таразыға бірдей екі колбаны қойып, салмақтарын тексеріндер. Колбаның біреуін таразының табағына қойып, екіншісін табақтың үстіңгі жағынан аузын төмен қаратып байлаңдар. Аузы төмен қараған колбаны метан алатын құралмен жалғастырыңдар. Көп кешікпей-ак теңестіріп қойған таразыларың қозғала бастайды. Ішіне метан жіберілген колба ауасы бар колбадан жеңіл екендігін көресіңдер.
ә) Метанмен толтырылған сабын көбігі жоғары көтеріледі. Ол үшін мынадай тәжірибе жасап көріңдер. Сабын ұнтағының 1 грамын 30-40 мл ыстық суға араластырыңдар, оның үстіне 4-5 мл глицерин қосындар. Ол сабын көпіршіктерінің тез жарылмауы үшін керек.
Метан алатын құралға немесе метан жиналған газометрге хлоркальцийлі түтікті жалғастырыңдар. Содан кейін түтікті сабын ерітіндісі бар ыдысқа салындар. Бірақ метанның ағынын аса көп жібермендер. Осы кезде сабын ерітіндісі бар ыдыстағы сабын көпіршіктері метанға тола бастайды. Біртіндеп үлкейіп, түтікті сәл жоғары көтеріп сілкігенде, ол көбікшелер ауаға көтеріледі. Тэжірибені 2-3 рет қайталаңдар. Міне, бұдан метанның ауадан жеңілдігіне тағы да көз жеткізіңдер. Осы сабын көпіршіктеріндегі метанды жағып көруге де болады. Таза метан ешбір дыбыс шығармай жанады, ал ауамен араласса шамалы қопарылыс береді.
Метанның сапалық құрамын анықтау а) Метан алған құралды қайтадан жұмысқа дайындап, оның түтігін тамызғышы бар түтікпен алмастырындар. Сынауықтағы қоспаны қыздыра отырып, ішіндегі ауасы ығысқан кезде жанған шырпыны газ шығатын түтікке жақындатыңдар. Осы кезде метан жанады. Оған суық суы бар стаканды жақындатканда, су тамшыларының түзілгенін көруге болады. Бұдан метан жанғанда жану өнімдерінің бірі ретінде су түзіледі деген қорытындыға келуге болады.
ә) Үлкен сынауық алып, метан жанып жатқан түтіктін ұшын батырып біраз ұстаңдар. Аздан кейін сынауықтың ішіне әк немесе барий суын құйып, үлкен бармақтарыңмен аузын басып тұрып, шайқандар. Сонда сынауықтағы әк суының лайланғанын көресіңдер. Бұдан метан жанғанда жану өнімдерінің бірі – көмір қышқыл газы түзілгенін көресіңдер. Реакция тендеуін жазындар:
СН4+ 2О2 СО2 +2H2О