Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


,14 жұмыс. Металдардың жалпы қасиеттері



бет13/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
ХОӘ

13,14 жұмыс. Металдардың жалпы қасиеттері

Мына материалды білу керек:



  1. Оқу бағдарламасы бойынша сілтілік және сілтілік жер металдары химия
    курсының қандай бөлімінде қарастырылады?

  2. Сілтілік және сілтілік жер металдарын оқу кезінде периодтық заң, атом
    құрылысы, электролиттік диссоциациялану теориясы жөніндегі ұғымдар
    қалай пайдаланылады?

  3. Сілтілік және сілтілік жер металдарына негізгі топтағы металдардың
    реттік нөмірі өскен сайын, химиялық қасиеттерінің өзгеруінде қандай
    заңдылық байқалады?

  4. Мына өзгерістерді іске асыратын реакция теңдеулерін жазыңдар:

NaCl Na NaOH NaH2PO4 Na3PO4 NaNO3 NaNO2

  1. Калий гидроксидінің 1 г массасын нейтралдау үшін қажетті күкірт
    қышқылының массасын есептеңдер.

Сілтілік металдар
Бірінші негізгі топтың элементтерін сілтілік металдар деп атайды, өйткені ертеде бұл металдар белгісіз кезде натрий мен калийдің гидроксидтері белгілі болатын, оларды сол кезде «сілті» деп атайтын. Бертін келе сол сілтілерді балқытып, электролиздеп натрий мен калийді жеке бөліп алған. Натрий мен калий сілтіден алынғандықтан сілтілік металл деп аталған, одан кейін бұларға ұқсас басқа металдар алынады. Сілтілік металдардың сыртқы жалғыз электроны ядродан қашық орналасқандықтан, оның ядроға тартылуы нашар болады. Сондықтан сілтілік металдар валенттік электрондарын оңай беріп, оң зарядталған иондарға айналады. Олар ең активті металдар болып саналады. Металдардың реттік нөмірі өсіп, радиусы ұзарған сайын электрон бергіштігі, металдық касиеті, активтігі күшейеді.
Сілтілік металдармен жұмыс жасағанда өте сақ болу керек, олар сумен, қышқылдармен өте шабытты әрекеттеседі. Сондықтан металды аз мөлшерде алу кажет. Олардың қалдықтарын тәжірибеден кейін кристалдағыштағы суға салып, жою керек.
Жұмыстың мақсаты. Сілтілік металдардың - литийдің, натрийдің және калийдің негізгі қасиеттерімен танысу.
Құрал-жабдықтар. Штатив, сынауықтар, бәкі, спирт шам, сіріңке, сүзгі қағаз, тамызғыш, қызыл және көк лакмус қағазы не лакмус пен фенолфталеин ерітінділері, крахмал клейстері, Кипп аппараты, Бунзен колбасы, Бюхнер воронкасы, сақинасы бар штатив, қыздырғыш, фарфор тигелі, фарфор табақшасы, шыны түтікше, сүзгі қағазы, платина сымы бекітілген шыны таяқша.
Реактивтер. Металдық литий, натрий, калий, натрий және калий хлоридтерінің құрғақ тұздары, азот қышқыл натрий, калий тұздары (құрғақ және ерітінді күйінде), күкірт қышқылы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет