Галогендердің бір-бірімен салыстырмалы активтігі Үш сынауық алып, біріншісіне хлорсутектің, екіншісіне натрий бромидінің, ал үшіншісіне натрий иодидінің ерітінділерін құйыңдар. Натрий бромидінің ертіндісіне хлорсутектің ерітіндісін кұйып, иодтың бөлінгеніне назар аударыңдар. Бромсутек пен иодсутектің ерітінділері хлорды қосылыстарынан ығыстырып шығара алмайды. Реакция теңдеулерін жазыңдар.
Период бойынша натрийдің, магнийдің және хлордың суменәрекеттесуі а) Кристаллизатордың 3/4бөлігіне дейін дистилденген су құйып, үстіне 5-6 тамшы фенолфталеиннің ерітіндісін тамызыңдар. Бір түйір натрийді алып, кристалдағыштағы суға салыңдар. Натрий сумен куатты әрекеттесіп, сутегін бөліп шығарады. Соңында шамалы қопарылыс беріп, суға еріп кетеді Кристаллизатордағы су сілтілік орта көрсетеді. Осы өздерің көрген құбылысты түсіндіріп, реакция тендеуін жазындар.
ә) Стаканның 1/3 бөлігіне дейін су құйып, үстіне бір шай қасық магний ұнтағын салыңдар. Бөлме температурасында магний сумен әрекеттеспейді. Стакандағы суды қайнау шегіне дейін қыздырғанда, сутегінің көпіршіктері бөліне бастайды. Егер стакандағы суға фенолфталеин ерітіндісін тамызса сілтілік ортаны көрсетеді. Су салқындаған сайын магнийдің судан сутегін бөлуі нашарлайды. Байқалған құбылыстың тендеуін жазыңдар.
б) Колбаның ортасына дейін дистилденген су құйып, хлор газын жіберіңдер. Хлор келетін түтік судың түбіне дейін тиіп тұруы керек. Аздан соң хлорды тоқтатып, колбаның аузын тығындап, ерімеген хлорды сумен шайқап, ерітіңдер. Хлор суының лакмусқа әсерін байқаңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.
Осы тәжірибеден период бойынша элементгердің сумен әрекеттесуінің баяулағанын және металдық қасиеттен бейметалдық қасиетке ауысуын көресіңдер.
I және VII топ элементтері мен III период элементтерінің атом ядро зарядтарының біртіндеп өсуіне сәйкес қасиеттерініңпериодты түрде өзгеретінін керсететін кесте. Циркуль мен қайшыны пайдаланып, қатты қағаздан III период элементтерінің таңбасы жазылған жеті дөңгелек дайындап, элемент таңбасының жоғарғы жағына ядро зарядын, реттік нөмірін, төменгі жағына атомдық массасын жазыңдар. Период бойынша кіші периодтарда реттік нөмірінің өсуіне сәйкес, атом радиусы жайлап кемитінін ескерсек, дөңгелектердің диаметрін біртіндеп кішірейте береміз. Мысалы, натрийдін таңбасы жазылған дөңгелектің диаметрін 6 см деп, келесі элементтердің дөңгелектерін хлор атомы жазылған дөңгелекке дейін көлемін кемітіп, хлордың дөңгелегін 4 см деп аламыз. Шартты түрде элементтердің негіздік касиеттен біртіндеп қышқылдық қасиетке өсуіне сәйкес, дөңгелектердің түсін өзгертіп, түрлі-түсті етіп бояуға болады. Дөңгелектер қатырма қағаздан жасалған кестеге белдеулер арқылы бекітіледі. Кестеде элементтердің қасиеттері атомдық массаларының өсуіне карай металдықтан бейметалдыққа, негіздіктен қышқылдыкқа ауысуы көрініп тұратындай болуы керек.
7-сурет. Динамикалық кесте
Осындай жолмен I және VII топтың негізгі топшасындағы элементтердің қасиеттерін көрсетуге болады. Егер литий элементінің таңбасы жазылған дөңгелектің диаметрін 5 см етіп алсак, онда цезий элементінің таңбасы жазылған дөңгелектің диаметрін 8 см етіп аламыз. VII топтағы элементтердің атом радиусының, ядро зарядтарының көлемі үлкендеу етіп алынады. Фтор атомынан бастап иодқа дейін 3 см-ден 9 см-ге дейін өседі. Динамикалық кестені пайдаланып, сілтілік металдар мен галогендердің атом құрылысын түсіндіруге болады (7-сурет),