Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


,10 жұмыс. Д.И.Менделеевтің периодтық



бет8/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35
Байланысты:
ХОӘ
8 kl, Практикалық жұмыс 5, Лекция 2, eng 2022-2023 силлабус-ICT=
9,10 жұмыс. Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесі. Атом құрылысы

Мына материалды білу керек:



  1. Химиялық элементтердің Д.И.Менделеев жасаған периодтық заңы мен периодтық жүйесін және атом құрылысын оқып үйренудің әдістемелік
    тәсілдері қандай?

  2. Химиялық элементтердің периодтық заңы мен периодтық жүйесін оқып үйренуге қандай әзірліктер керек?

  1. Периодтық заң мен атом құрылысын оқытудың қандай әдістері бар?

  1. Элементтердің атомдық массасының период пен топ бойынша артуына сәйкес, қасиеттерінің калай өзгеретінін дәлелдейтін тәжірибелерге көңіл бөлу.

  2. Атом құрылысын оқытуға байланысты берілетін мәліметтерді байланыстыратын тірек-сызбалар дайындаңдар.

  3. Мырыш гидроксидінің қышқылдар және сілтілер ерітінділерімен әрекеттесуінің химиялық реакция теңдеуін жазып, қорытынды жасаңдар.

Жұмыстың мақсаты. Элементтер қасиеттерінің топ және период бойынша өзгеретінін түсіндіру. Динамикалық модельдер мен кестелер, карточкалар дайындау.
Құрал-жабдықтар. Темір штативтер, пышақ, қысқыш, бюретка, бюкстер, шыны түтіктер, стакандар, сүзгі қағазы, үлкен сынауықтар. Стаканға салынған құм, дәкеден жасалған тампон, активтелген көмір, келі-келсап, ғаныш (керамика) плитка, колбалар, шыны түтіктен, электр плиткасы, қорғайтын көзілдірік, қара түсті қалқан, кристаллизатор, хлор алуға арналған құрал, түзеткіштер, кәрлен тостағанша.
Реактивтер. Магний ұнтағы, литий, натрий, калий, алюминий, кремний, қызыл фосфор, күкірт, дистилденген су, фенолфталеин, лакмус ерітінділері, сұйык бром, алюминий ұнтағы, иод кристалы.
Амфотерлік қосылыстарды алу және олардың қасиеттері
Стаканға 20-30 мл 0,1 н натрий гидроксидін құйып, оған осындай мөлшерде концентрлі мырыш хлоридін немесе сульфатын тұнба түзілгенге дейін тамшылатып қосыңдар. Алынған тұнбаны теңдей екі стаканға бөліндер. Бірінші стакандағы тұнбаға 1 н тұз немесе күкірт қышқылының ерітіндісін, ал екінші стаканға 1 н натрий гидроксидінің ерітіндісін тұнба ерігенше қосады. Химиялық қосылыстардағы амфотерлік қасиетті түсіндіріп, реакция теңдеуін жазыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет