Әр текті қоспадантаза заттарды бөліп алу.
а) Сүзгі қағазы және пайдалану әдістері. Зертханада заттарды сүзу арқылы тазарту өте тиімді. Ол үшін әр түрлі сүзгі қағаздар колданылады. Сүзгі қағаздарын дайындау үшін оны төртке бүктеп, шетін дөңгелете қырқады, сонда қағаз сүзгінің радиусы воронканың жиегінен 0,5 см төменірек тұруы керек. Сүзгі воронкада орнығуы үшін қағазды аздап ылғалдаған дұрыс. Содан соң сұйықтықты воронкаға шьны таяқша арқылы құю дағдыларын меңгеру кажет (2-сурет).
2 –сурет. Сүзгі қағазы және оны пайдалану әдістері ә) Ерітіндіні сүзу әдістері. Бұл жұмыс - сұйықтықтағы ерімейтін қоспаларды ажырату үшін жүргізіледі. Зертханашыньң келісімі бойынша тұз және құм қоспасы немесе тұз және ағаш үгіндісі қоспасын химиялық стаканға салып, үстіне 100 мл дистилденген су құйып, шыны таяқшамен жақсылап араластырады. Ерітіндіні пайдаланбас бұрын сүзгіні таза сумен дымқылдап алыңдар. Ерітіндіні воронкаға таяқша арқылы құйындар. Егер ерітіндідегі бөлшектер аса ірі болса, мақта арқылы да сүзуге болады. Ол үшін воронканың ішіне мақта салады да сумен дымқылдайды. Мактаның шеті воронканың кабырғасына толық тиіп тұруы тиіс. Сүзгеннен кейін сүзінді мөлдір болады. Кейіннен воронкадағы калдықты дистилденген сумен бірнеше рет жуады.
б) Ерітіндіні суалту. Сүзгіден өткізілген ас тұзының сүзіндісін отқа берік кәрден табақшаға құйып, темір тордың үстіне қойып қыздырыңдар. Сүзіндіні қызып, ыси бастаған кезде шыны таяқшамен араластырып отырыңдар. Суы азайған кезде қыздыруды тоқтатып, табақшада тұз кристалдарының пайда болуын бақылап, оны алғашқы лас тұзбен салыстыру керек. Суалтқаннан кейін шыны бетінде дақ (кристалдар) қалады. Шыны пластинкалар сынып кетпеу үшін жалынның жоғарғы бөлігінде ұстап, сүзіндіні қозғай отырып қыздыру керек. Істелінген жұмыстың тақырыбын, мақсатын, құралдар мен реактивтерін жазып, төмендегідей кесте сызады.
а) Сүзгі қағазы және оны пайдалану әдістері
ә) Ерітіндіні сүзу әдістері
Сүзгі қағаздан әртүрлі мөлшердегі шұқырықка лайықтап сүзгі дайындалды. Әр түрлі сүзу жолдары арқылы таза ерітінді алынды. Суын буландырып ерітіндіден тұз алынды.
5,6 жұмыс.Химиялық реакциялардың типтері
Жұмыстың мақсаты. Химиялық реакциялардың типтерінің (айрылу, қосылу, орынбасу, алмасу) мәнін түсіндіре отырып, оларды химиялық теңдеуі бойынша ажырата білу білігін калыптастыру.
Керекті құрал-жабдықтар мен реактивтер. Суды айыруға қажетті прибор, малахит айыруға арналған прибор, сынауықтар, спирт шамы, штатив, мыс, мырыш, темір, мыс (II) хлоридінің ерітіндісі.
а) Айрылу реакциялары. Мыс (II) гидроксокарбонатының (малахит) айрылуы. Мыс (II) гидроксокарбонатынан 1 г алып, сынауыққа салыңдар. Оның түсіне назар аударыңдар. Сынауықты штативке көлбеу бекітіп, аузын газ шығатын түтігі бар тығынмен тығындаңдар. Сынауықтың түбінен ауыз жағы төмендеу болсын. Газ жүретін түтікті әк суы бар шыны ыдысқа немесе сынауыққа батырыңдар. Сынауықтағы негіздік көмір кышқыл мыс тұзын түгелдей қыздырындар. Осыдан мыс (II) гидроксокарбонаты түсінің өзгеруіне сынауық қабырғасындағы су тамшылары мен әк суының лайлануына назар аударыңдар. Әк суына бөлініп жатқан газ көпіршіктері баяулаған кезде құралды жоғары көтеріп, түтіктің ұшын әк суынан алыңдар да, қыздыруды тоқтатыңдар. Орындаған жұмыстарыңның мазмұнын қысқаша жазып, құралдың сызбанұсқасын сызыңдар, реакция теңдеуін жазыңдар.
ә) Қосылу реакциясы. Күкірт пен темірдің әрекеттесуі. Ол үшін 1,7 г тотықсыздандырылған темір ұнтағы мен 1 г күкірт ұнтағын өлшеп, қағаздың бетіне салып, шыны таяқшамен жақсылап араластырыңдар. Алынған қоспаның шамалы бөлігін стакандағы суға салып, шыны таякшамен араластыра отырып, қоспаның қалай бөлінетіндігін бақылаңдар. Темір ұнтағы ыдыстың түбіне шөгеді де, күкірт судың бетіне қалқып шығады. Қоспадағы темір ұнтағын магнит арқылы да бөліп алуға болады. Қоспаның қалған бөлігін құрғақ сынауыққа салып, штативке тігінен бекітіңдер. Алғаш сынауықты тұтасынан қыздырып алыңдар, реакция жүре бастаған кезде (оны қоспаның қызарып шоқтануынан білуге болады) қыздыруды тоқтатыңдар, реакция одан әрі қыздырусыз-ақ жүреді. Сынауықтағы күкіртті темірді алу үшін сынауықты көлбеу ұстап, жайлап сілкіңдер, оған түспесе оның түбін ептеп сындырыңдар. Алынған заттың қасиетін білу үшін оны суға салып, магнитке жақындатып көріңдер.
б) Орын басу реакциялары. Мыс купоросы мен темірдің әрекеттесуі. Сынауыққа 1-3 мл мыс купоросының ерітіндісін құйып, үстіне таттан тазартылған темір шегені жіпке байлап батырындар. Аздан соң темір шегенің сыртына қызыл сары түсті мыстың қона бастағанын көресіңдер. Мыс купоросының түсі бұрынғысынан солғын тарта бастайды, оны бұрынғы өздерің құйып алған реактивпен салыстырындар. Тәжірибеде жүрген реакция тендеуін жазындар.
Бұл тәжірибеде реакция теңдеуінің жазылуына оқушылар қатысады. Демек, мұғалім оқушылармен реакция өнімі түзілу үшін қандай элементтердің атомдары бірінің-бірі орнын басады деген мағынада әңгіме жүргізе отырып, химиялық теңдеуді жазады. Әрі қарай окушылар реакцияға түскен және нәтижесінде түзілген заттар санының тұрғысынан жоғарыдағы екі тендеуді салыстыра отырып орынбасу реакциясының анықтамасымен танысады.
в) Алмасу реакциясы. Темір (III) хлоридінің аммоний роданиді
ерітіндісімен әрекеттесуі. Химиялық стаканның 1/3 бөлігіне дейін темір (III) хлориді ерітіндісін құйып, үстіне шамалы аммоний роданидінің ерітіндісін қосыңдар. Қан тәрізді қызыл қоңыр ерітіндінің түзілгеніне көніл аударыңдар. Стакандағы ерітінділерді шыны таяқшамен араластырыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.