Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі



бет11/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35
Байланысты:
ХОӘ
8 kl, Практикалық жұмыс 5, Лекция 2, eng 2022-2023 силлабус-ICT=
Атом құрылысын динамикалық модельдер арқылы көрсету
Шар пішінді электрон бұлтын (s-орбитальды) көрсету үшін, қимасы 1 ~ 1,5 мм қатты сым алып, диаметрі 50 - 60 мм дөңгелек жасаңдар. Екі жағынан жіңішке сымнан 1,5 - 2 мм ілгек жасалады (8-сурет). Шар тәрізді дөңгелектің екі жағындағы ілгекке ұзындығы 40 - 50 см-дей жіп байланады. Дайындалған модельдің екі жағынан байланған жіпті өзіңе немесе сыртқа қарай тез айналдырғанда, жіп есіліп шар тәрізді пішін береді.



8-сурет. Ілгек


Қалташамның батареясын пайдаланып, моторлы қозғағыш жасауға
болады (ол В.С.Полосин, В.Г. Прокопенконың практикумында көрсетіл- ген).
Көлемдік сегіздік (гантель) пішінді электрон бұлтының бейнесін көрсету
(р-орбиталь), сымнан сегіз тәрізді етіп екі сақина жасап, диаметрін 35 – 40 етіп жіңішке сыммен орап қосады. р-орбитальдың екі жағынан ілгек жасап, оған жіңішке жіп байлайды. Жіпті айналдырған кезде көлемдік сегіздік пайда болады.

11,12 жұмыс. Ерітінділер


Мына материалды білу керек:



  1. Ерітінділер туралы алғашқы ұғым қашан және қалай беріледі?

  2. Ерітінділер, еру процесі, еру, гидратациялау жылуы дегеніміз не?

  3. Концентрлі, концентрлі емес және аса концентрлі ерітінділер туралы түсінік.

  4. Заттардың суда ерігіштігінің температураға тәуелділігін қалай түсіндіруге болады?

  5. Газдардың сұйықтықтарда ерігіштігіне қандай факторлар әсер етеді?

  6. Ерітінділер концентрациясы: ерітіндідегі еріген заттың массалық үлесі немесе проценттік, молярлы, нормальды және эквивалентті концентрациялары керсетілген ерітінділерге байланысты есептерді шығарудың әдістемесін дайындау.

Ерітінді - зат және химиялық реакция ұғымдарынан кейінгі ең манызды ұғым. Заттардың көпшілігі ерітінді күйінде реакцияға түседі. Осы тұрғыдан алғанда оқушыларда өнеркәсіпте, табиғатта және күнделікті тұрмыста ертінділердің маңызы зор екендігі жайлы түсінік қалыптасқан.
Жұмыстың мақсаты. Студентердің ерітіндінің концетрациясын еріген заттың массалық үлесі бойынша және 1л ерітіндідегі еріген моль саны бойынша анықтау білімін бекітіп, өлшеу, есептеу дағдыларын дамытып, белгілі концентрациялы ерітінді дайындау іскерлігін қалыптастыру.
Құрал-жабдықтар. 50 мл, 100 мл көлемді стакандар, шыны таяқша, техникалық таразы, аналитикалық таразы, гирьлер, өлшеуіш цилиндр, ареометр, өлшеуіш колба, воронка.
Реактивтер. Тұз ерітінділері (Na2CO3, BaCI2*2H2O, H2SO4, NaOH, т.б.),
салкын дистилденген су.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет