Ерітінділергебайланысты есептеулер Ерітінділер жайлы материалдар мазмұны мен көлемі жағынан аса бай және маңызды материалдардың бірі. Мұнда ерігіштік, ерітінділердің концентрациясы, еру құбылысы, Д.И. Менделеевтің гидрат теориясы, электролиттік диссоциялану теориясы, қышқылдар мен негіздер теориялары, Генри, Вант-Гофф, Рауль заңдары және басқа да материалдар қарастырылады.Осыған орай ерітінділермен байланысты есептердің типтері және шығару әдістері алуан түрлі болып келеді.
Ерітінділер - ең кемінде екі компоненттен: еріген заттан және еріткіштен тұратын гомогенді жүйе. Еріткіш деп ішінде еріген заттың молекуласы не ионы біркелкі араласатын ортаны айтады. Еріткіш ретінде көбінесе су алынады. Заттардың суда еруі жылу бөлу немесе жылу сіңіру немесе көлемін өзгерту арқылы жүреді. Бұл құбылыстар еріген зат пен еріткіш арасында химиялық әрекеттесулер болатындығын көрсетеді. Заттың ерігіштігі дегеніміз берілген температурада судың 100 г массасында концентрлі ерітінді түзгенше ери алатын массасы. Еріген заттың мөлшеріне карай ерітінділер концентрлі және сұйық болып бөлінеді. Ішінде еріген заты көп ерітіндіні концентрациялы ертінді, ал еріген заты аз болса сұйық немесе сұйылтылған ерітінді деп атайды. Концентрациялы дегеніміз - ерітіндінің белгілі көлеміндегі немесе массалық үлесіндегі еріген зат мөлшері. Ерітінділердің концентрациясын белгілеудің бірнеше тәсілдері бар: массалық үлес, мольдік, нормальдық, молярлы және басқа.
Химия курсында берілетін есептердің дені ерітінділерге құралады. Осы тақырыпқа сәйкес шығарылатын есептердің түрлері:
-еріген заттың массалық үлесін есептеу;
-ертінділерді әзірлеу есептері;
концентрациялары берілген ерітінділерді араластырып,жаңа ерітінді даярлау есептері.
Ерітіндінің проценттік концентрациясы 100 г ерітіндіде еріген заттың массалық үлесімен өлшенеді.
Қажетті ерітінділерді даярлау үшін мына төмендегідей ережелерді орындау шарт:
Ерітінділер әзірлеуге қажетті ыдыстарды тазалап жуып, дистилденген сумен шаю керек.
Барлық реактивтерді дистилденген сумен дайындау қажет.
Ерітінділер дайындаудан бұрын, оның есеп-қисабын дұрыстап шығарып алады.
Есептің шарты бойынша тұз бен су мөлшерін есептеу:
а) Массалық үлесі 10% ас тұзының (NaCl) 20 г ерітіндісін дайында.
ә) Массалық үлесі 5% соданың (Na2CO3) 50 г ерітіндісін дайында.
б) Массалық үлесі 8% калий хлоридінің (KC1) 25 г ерітіндісін дайында.
в) Массалық үлесі 4% ас тұзының (NaCl) 25 г ерітіндісін дайында.
г) Мольдік концентрациясы 0,1 моль/л 50 мл ас тұзының (NaCl) ерітіндісін дайында.
д) Мольдік концентрациясы 0,5 моль/л 30 мл сода (NaНСОз) ерітіңдісін дайында.
ж) Мольдік концентрациясы 0,2 моль/л барий хлоридінің (ВаСІ2) 50 мл ерітіндісін дайында.
5. Тұзды өлшеп стаканға салып, үстіне өлшеп алған суды құйып, шыны таяқшамен ерігенше араластыру.
Жұмыс нәтижесіндегі есептеуді, ерітінді дайындауды ретімен жазып, тұздың формуласын және концентрациясын анықтау
Қышқылды суға құюкерек, ал суды қышқылға құюға болмайды.
Сілтінің концентрациялы ерітінділерін кәрлен ыдыстарда дайындау керек.
Әзірленген немесе әзірлеуге қажетті ерітіндінің (концентрациясын) меншікті салмағын ареометрмен анықтау кажет.
10. Әзірленген ерітіндісі бар ыдыстың сыртына зат белгі жапсырып, концентрациясын көрсеткен жөн.
11. Жарықтың әсерінен бұзылатын ерітінділерді қоңыр түсті ыдыстарда не сыртына қара қағаз жапсырылған ыдыстарда сақтау керек.