Адырбекова г. М.,Мамырова б. Ф. Химияны оқыту әдістемесі


Натрийдің концентрлі тұз қышқылымен әрекеттесуі



бет15/35
Дата27.09.2022
өлшемі1,19 Mb.
#150893
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35
Байланысты:
ХОӘ
8 kl, Практикалық жұмыс 5, Лекция 2, eng 2022-2023 силлабус-ICT=
Натрийдің концентрлі тұз қышқылымен әрекеттесуі. Сынауықтың 1/3 бөлігіне дейін концентрлі тұз қышқылын құйып, керосиннен тазартылған бір түйір натрийді салыңдар. Сынауықтың аузын құйғышпен жабыңдар. Натрийдің тұз қышқылымен шабытты әрекеттесетінін көресіңдер. Бөлініп шыққан сутегін жағып көрулеріңе болады. Сынауықтың түбіне шөгіп бара жатқан ас тұзының ақ кристалдарына назар аударыңдар. Реакция теңдеуін жазыңдар.



11-сурет 12-сурет
Иодты калийдің электролизі Сілтілік металдардың тұздарының
жалынын анықтау


Иодты калийдің электролизі
11-суретте көрсетілгендей құрал құрастырыңдар. Электролиз жүретін құралға иодты калийді құйып, оған бірнеше тамшы крахмал желімтегін және фенофталеин ерітіндісін тамызыңдар. Құралды тұракты электр көзіне жалғағаннан кейін, тұз электролизденеді. Бір электродта сілті ерітіндісінің түзілуінен фенолфталеин күлгін түске, ал екіншісінде бос иод бөлінгендіктен крахмал көк түске боялады. Бұл тәжірибеде болатын электролиз процесінің реакция теңдеуін жазыңдар.
Сілтілік металдардың тұздарын бір-бірінен жалыны
арқылы ажырата білу
Үш сынауыққа хлорлы натрий, калий және литий тұздарының қаныққан ерітінділерін құйыңдар. 10 см-дей үш темір сымды спирт шамның жалынында қыздырып, үш сынауықтағы ерітіндіге бір-бірден батырып қойыңдар. Содан соң біртіндеп газ жанарғысының не спирт шамның жалынына ұстаңдар. Сонда хлорды натрий бар тұздың сары, хлорлы калий бар тұздың күлгін, ал хлорлы литий бар тұздың қызыл күлгін түсті жалынын байқайсыңдар (12-сурет).


15,16 жұмыс. Қаныққан және қанықпаған көмірсутектер

Мына материалды білу керек:



  1. Органикалық химияны оку неліктен көмірсутектерден басталады?

  2. Органикалық химия курсының мазмұны мен оқыту әдістемесінде басты теориялардың рөлі қандай?

  3. Органикалық қосылыстарды оқытуда колданылатын қандай ұғымдар жүйесін білесіңдер?

  4. Қаныққан, қанықпаған және аромат көмірсутектерді оқыту әдістемесінде кандай айырмашылық пен ұқсастықтар бар?

  5. Органикалық қосылыстарды оқу кезінде химиялық байланыстар үғымдары қалай дамып отырады?

Жұмыстың мақсаты. Студенттерді зертханалык жолмен метанды, этиленді, ацетиленді алу жолдары және олардың негізгі касиеттерімен таныстыру. Этиленнің физикалық, химиялық қасиеттеріндегі ерекшеліктерге байланысты жұмыс жасаған кезде сақтық ережелерін пайдалана білу икемділіктерін қалыптастырып, бекіту.
Құрал-жабдықтар. Метан, этилен, ацетилен алуға арнайы
құрастырылған құралдар, сынауықтар, темір штативтер, колбалар, хлор алуға арналған құрал, хлоркальцийлі түтік, қолдан құрастырылған жуғыш, құрғаткыш, тазалағыш ыдыстар. Стакандар, техникалық таразы, газометр, спирт шамы немесе газ жанарғысы, құм, оралма (спираль), газ жүретін түтігі бар тығын.
Реактивтер. Сусыздандырылған натрий ацетаты, натронды әк, концентрлі сірке қышқылы, этил спирті, кальций карбиді, калий перманганатының, бром суының ерітінділері, әк суы, натрий гидроксидінің ерітіндісі, концентрлі күкірт қышқылы, сабын ерітіндісі, құрғақ натрий карбонаты, бензол, пемза немесе құм.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет