1._________________мен_________________ тұратын органикалық заттар көмірсутектер деп аталады. 2.Алкандардың жалпы формуласы _________. 3.Метан молекуласына _____ гибридтену тән. 4. Метан молекуласының моделі ____________тәріздес. 5. Метанды лаборато-рияда____________алуға болады. 6.Алкандарға______________реакциялары тән. 7.Құрамы бірдей, бірақ_______________әр түлі заттар ______________ деп аталады. 8.Трихлорметанды________________деп те атайды.
Келесі сұрақ «Бейне сұрақ»
Сұрақ: Қаныққан көмірсутектердің барлығында көміртегі атомының тотығу дәрежесі бірдей емес, мысалы: метан молекуласында -4;
Ал этан молекуласында көміртегі қандай тотығу дәрежесіне тең? Жауабы: -3;
Сұрақ: 2-метил 4-этил гександа қанша изомер бар? Жауабы: екі изомер бар.
Ортасы
Мағынаны тану «Жаңа сабақ құпиясы» (жаңа тақырыпты ашып, мақсатын айқындау)
Есеп: Белгісіз газдың сутек бойынша салыстырмалы тығыздығы 14-ке тең. Оның құрамында 85,7% көміртек, 14,3% сутек бар болса, көмірсутектің формуласын анықтаңыздар. Жауабы: С2Н4-этилен
Алкендер деген не?
Жалпы формуласы СnH2n болып келетін, молекула құрамында бір қос байланысы (=) бар қанықпаған көмірсутектер алкендер немесе этилен қатарындағы қанықпаған көмірсутектер деп аталады Алкендердің гомологтық қатары: СnH2n , мұндағы n ≥ 2
«Кітап-досың, ақылшың» 202-205 беттерды оқып шығады.
Джигсо стратегиясы. Бұл әдіс бойынша оқушылар берілген жаңа тақырыпты жекелей оқып, жұппен жұптасып, сосын ұжыммен талқылайды.
Жаттығулар мен тапсырмалар: 3-этилгептен-2; 3,3-диметилпентен-1; 3-метилэтилгексен-2 құрылымдық формуласын жазыңыз;
Этиленнің сутек, ауа, оттек бойынша салыстырмалы тығыздықтарын есептеңіздер.
Массасы 52 г этиленнің: а)зат мөлшерін; ә) көлемін (қ.ж.) есептеп табыңыздар.
3г этан түзілу үшін этиленннің қандай көлемі (қ.ж.) сутегімен реакцияласуы қажет?
Этанды дегидрлеп этилен алғанда ,реакция өнімінің шығымы теориялық мүмкіндікпен салыстырғанда 60% болса,40 г этаннан этиленнің қандай массасы түзілетіндігін есептеңіздер.