Қадірлі талапкер!



бет23/27
Дата14.11.2019
өлшемі405,66 Kb.
#51787
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27
Байланысты:
KAZAK TILI ереже


«Дауыссыз дыбыс» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

  • 1 – B (П – қатаң дауыссыз дыбыс. Ал қатаң дауыссыздар тек салдырдан тұрады.) (3 – бөлімді қараңыз)

  • 2 – A

  • 3 – E («Жұғады» сөзіндегі ж, ғ, д – ұяң дауыссыз дыбыстар.)

  • 4 – D («с-ш» дыбыстары жұп бола алмайды. Себебі с мен ж дыбыстарының жасалу орындары әр түрлі. Сонда с-з, ш-ж жұп болады.) (4 – бөлімді қараңыз)

  • 5 – A (Әліпбидегі алғашқы 7 дауыссыз мыналар: б, в, г, ғ, д, ж, з. Ал бұлар – ұяң дауыссыздар.)

  • 6 – E

  • 7 – C (Ұяң дауыссыздардан б, в, г, ғ, д дыбыстары қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейді.)

  • 8 – A (Әліпбидегі 13-ші дыбыс – й дыбысы. Ол – үнді дауыссыз дыбыс.)

  • 9 – B

  • 10 – D («Машинамен» сөзіндегі –мен қосымшасы м деген үнді дауыссыздан басталып тұр.)

  • «Дауыссыз дыбыстардың емлесі» тақырыбы бойынша

  • ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Тек кірме сөздерде келетін дыбыстарды табыңыз.

        1. A) щ, х, һ, й B) в, ф, ч, ц C) б, д, г, ы

        2. D) о, э, ю, я E) ъ, ь, я, ю

    1. Сөзге дұрыс жалғанған қосымшаны табыңыз.

        1. A) киоскіге B) Омсктен C) актқа

        2. D) шрифтті E) ромбта

    1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

        1. A) ватқа B) граммдап C) металдың

        2. D) Кузбасстан E) Кириллге

    1. Қай сөзде «т» дыбыс түсіп қалған?

        1. A) жұмыстар B) облысқа C) синустар

        2. D) поездар E) журналистер

    1. Қай сөздің бір дыбысы түсіп қалған?

        1. A) Түнде подъездің жарығы сөніп қалыпты.

        2. B) Асшылар тамақты кеш дайындады.

        3. C) Қызылордада жаңа ескерткіш ашылды.

        4. D) Олар банктен ақша алды.

        5. E) Жайлауда демалған өте керемет.

    1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

        1. A) парктан B) треске C) съезі

        2. D) ансамбльге E) рөлі

    1. Сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.

        1. A) Мен жер қазған геологтармен таныстым.

        2. B) Мен таңертең киоскіден газет алдым.

        3. C) Базардан 3 килограмдап жеміс-жидек алдым.

        4. D) Біз туристік сапарға шықтық.

        5. E) Ол машинаның рульіне отырды.



    1. Үш дауыссызы қатар келген сөздің дұрысын табыңыз.

        1. A) Оның ағасы киоскке келді.

        2. B) Класста ешкім жоқ екен.

        3. C) Бұларды штамптау керк.

        4. D) Құмырсқа тынбай еңбек етеді.

        5. E) «Гүлдер ансамбльінің концерті болды.

    1. Үнді мен қатаң дауыссыздар қатар келген сөзді табыңыз.

        1. A) Биыл қыста ауа райы суық болды.

        2. B) Астана көркейіп келеді.

        3. C) Елімізде жетімдер үйі көбейіп барады.

        4. D) Жиналыста көп мәселе қаралды.

        5. E) Алыстан қарауытып біреу көрінді.

    1. Қазақтың төл сөздерінде сөздің соңында келмейтін дыбысты табыңыз.

        1. A) й B) ш C) б D) з E) п

        2. «Дауыссыз дыбыстардың емлесі» бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        3. 1 – B (в, ф, ч, ц – дыбыстары шет тілінен енген сөздерде кездеседі.)

        4. 2 – A Қалған сөздерге қосымша былай жалғану керек еді: Омскіден, актіге, шрифтіні, ромбыда.)

        5. 3 – B («Грам-дап». Себебі қосарлы сс, лл, мм, тт дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, олардың соңғысы түсіп қалады.)

        6. 4 – E (журналистер» Себебі қосарлы ст, сть, зд дыбыстарына біткен сөзге қосымша жалғанғанда, соңғы т, ть, д дыбыстары түсіп қалады.)

        7. 5 – A «Подъезд + -дің = подъездің» болады.) (9 – бөлімді қараңыз)

        8. 6 – A (рк дыбыстарына біткен сөздерге қосымша әрдайым жіңішке жалғанады. Сонда «парк-тен» болу керек)

        9. 7 – E («Геолог-тер» болу керек)

        10. 8 – D (Жауабы: Құмырсқа. Қалғандары: киоскіге (киоскке емес), штампылау (штамптау емес), ансамблінің (ансамбльінің емес), класта (класста емес)

        11. 9 – B («Көркейіп» сөзіндегі р – үнді дауыссыз дыбыс, к – қатаң дауыссыз дыбыс)

        12. 10 – C

        13. «Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша

        14. ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Бос орынға қай сөз сәйкес келеді?

        1. Сөзде қанша ..... болса, сонша буын болады.

        2. A) дауыссыз дыбыс D) қосарлы дыбыс

        3. B) дауысты дыбыс E) үнді дауыссыз

        4. C) әріп

    1. Қай сөздің 4-ші буыны тұйық буын?

        1. A) Тарихи жерлерді аралау өте керемет.

        2. B) Ата-бабаларымыз өте мәдениетті халық болған.

        3. C) Таудан төменге қарай құлдилады.

        4. D) Ақырын басып үйге жақындады.

        5. E) Оның туысқаны жау тылында қаза тапты.

    1. Буынға қате бөлінген сөзді табыңыз.

        1. A) құ-мырс-қа B) дау-ыл-паз C) би-ік-тік

        2. D) ке-мең-гер E) бо-яу-шы

    1. Бірыңғай жуан буынды сөзді көрсетіңіз.

        1. A) Асылбек кітабын сөмкеден таппады.

        2. B) Қыстыгүні үйге көмір әкелдік.

        3. C) Әскерлер күні-түні жүгірді.

        4. D) Кәсіпорындар бірлестігінің мәжілісі ертеңге өзгертілді.

        5. E) Біз қазірге дейін міндетімізді түсінген емеспіз.

    1. Қай сөзде тасымалданбайтын буын бар?

        1. A) тәрбие B) жәрмеңке C) бәтеңке

        2. D) шемішке E) күртеше

    1. Тасымалданбайтын сөзді табыңыз.

        1. A) аспан B) жақсы C) тату

        2. D) ақын E) шешен

    1. Қазақ тілінде қай буынға екпін түседі?

    1. Екпін түспейтін қосымшаны табыңыз.

        1. A) септік жалғауы D) көптік жалғауы

        2. B) жіктік жалғауы E) жұрнақ

        3. C) тәуелдік жалғауы

    1. Қай сөзге екпін түспейді?

        1. A) күрделі сөз D) туынды сөз

        2. B) көмекші сөз E) біріккен сөз

        3. C) туынды сөз

    1. Сөзді айтқандағы дауыс толқынын не дейді?

        1. A) тасымал B) әріп C) дыбыс

        2. D) буын E) екпін



        3. «Буын», «Тасымал», «Екпін» тақырыптары бойынша

        4. тест сұрақтарының жауаптары

        5. 1 – B

        6. 2 – B (Жауабы: «мә-де-ни-ет-ті» сөзіндегі «ет» буыны – тұйық буын.)

        7. 3 – B (Жауабы: «дауылпаз» сөзі. Дұрысы: да-уыл-паз.)

        8. 4 – А (Жауабы: «таппады»)

        9. 5 – A (Жауабы: тәрби-е)

        10. 6 – D (Жауабы: а-қын.)

        11. 7 – C , 8 – B, 9 – B, 10 – D

        12. «Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Буын үндестігіне бағынбай жалғанған қосымшаны табыңыз.

        1. A) Омар қалам мен қарындаш алды.

        2. B) Ертең емханаға баруым керек.

        3. C) Ол оқырмандардың сұрағына жауап берді.

        4. D) Менің туысқаным қалада тұрады.

        5. E) Балалар жұмыс істеп жүр.

    1. Буын үндестігіне бағынбайтын қосымшалар қатарын табыңыз.

        1. A) -лар, -лер B) -кер, -гер C) -дан, -ден

        2. D) -тың, -тің E) -лас, -лес

    1. Қай қосымша буын үндестігіне бағынбай тұр?

        1. A) мансапқор B) кәсіпкер C) төрежан

        2. D) аурухана E) күлекеш

    1. Қай септіктің жалғауы буын үндестігіне бағынбайды?

        1. A) барыс септік B) жатыс септік C) шығыс септік

        2. D) табыс септік E) көмектес септік

    1. Қай әріпке аяқталған жіңішке буынды сөзге қосымша жуан жалғанады?

        1. A) т B) с C) х D) ц E) л

    1. Буын үндестігіне бағынбай тұрған сөздер қатарын табыңыз.

        1. A) шекара, баспасөз, баспана

        2. B) аман-есен, асты-үсті, әрі-бері

        3. C) Екібастұз, Алакөл, Бәйгеқұм

        4. D) отағасы, тасбақа, біршама

        5. E) ешқашан, кейбір, әлдеқайда

    1. Сөз ішіндегі ілгерінді ықпалды табыңыз.

        1. A) қара ала B) Бозжан C) көзқарас

        2. D) саққұлақ E) ала қаз

    1. Дыбыс үндестігі деген не?

        1. A) соңғы буынның жуан болуына қарай қосымшаның жуан жалғануы

        2. B) сөзде жуан-жіңішке дауыстылардың араласып келуі

        3. C) соңғы буынның жуан болса да, қосымшаның жіңішке жалғануы

        4. D) қатар келген екі дыбыстың бір-біріне әсер етуі

        5. E) соңғы буынның жіңішке болуына қарай қосымшаның жіңішке жалғануы

    1. Сөз аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Мен жастық шағымды сағындым.

        2. B) Ол есіктен сыртқа шықты.

        3. C) Мен тапсырманы түсіндіріп болдым.

        4. D) Пышақтың ұшы майысып қалыпты.

        5. E) Дауыл басылды.

    1. Сөз бен қосымша аралығындағы ілгерінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Кешкісін есікті ашсын.

        2. B) Болат әскерде аспазшы болған.

        3. C) Оның әкесі соғыстан аман келді.

        4. D) Жомарт жайбарақат отыр.

        5. E) Биылғы қыс қатал болды.



        6. «Үндестік заңы» және «Ілгерінді ықпал» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        7. 1 – B, 2 – B, 3 – C (Жауабы: төре-жан)

        8. 4 – E (Көмектес септіктің -мен, -мен, -пен жалғаулары буын үндестігіне бағынбай жалғанады.)

        9. 5 – C (Х әрпіне біткен сөзге қосымша жуан түрде жалғанады.)

        10. 6 – C, 7 – C (көзқарас / көзғарас), 8 – D

        11. 9 – C (түсіндіріп болдым / түсіндіріп полдым)

        12. 10 – A (ашсын / ашшын)

        13. «Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Жазылуда ескерілетін кейінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Үйдің ауласы тап-таза.

        2. B) Асан суды төгіп тастады.

        3. C) Таңғы сағат бесте жолға шықтық.

        4. D) Бұл айтыста Сакен жеңіп кетті.

        5. E) Ол сөзден жеңіліп масқара болды.

    1. Сөз ішіндегі кейінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Біріне-бірі алшақ салынған он шақты үй тұр.

        2. B) Жерұйықты іздеп жөнелді.

        3. C) Олжабек табиғатында момын, қақ-соқпен ісі жоқ кісі.

        4. D) Аманғалидың мазасы болмай отыр.

        5. E) Ғабиденнің «Өмір мен өлім» романы жарық көрді.

    1. Сөз аралығындағы кейінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Он жылдың ішінде талай шығармалар дүниеге келді.

        2. B) Олардың отау құрғанына биыл отыз жыл болады.

        3. C) Бір кездерде ақынның қасына еріп жүрген еді.

        4. D) Батыраш тым-тырыс болып, жерге кіргендей күйге түседі.

        5. E) Соғыс кезінде жаудың қорғанысын бұзып кетті.

    1. Кейінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Мен бұл өлеңді газеттен жазып алдым.

        2. B) Жиылып тұрған халық шулап қоя берді.

        3. C) Далаға шықсаң, көк пен жерді көресің.

        4. D) Ит – адамға шын дос жануар.

        5. E) Екі әскер жолдың шетіне отырып тынықты.

    1. Орфоэпиялық заңдылықпен жазылған сөзді табыңыз.

        1. A) жұлын B) құман C) құмұрсқа

        2. D) бұрыс E) Гүлнұр

    1. Сөз бен қосымша арасындағы кейінді ықпалды табыңыз.

        1. A) Менің сұрағаным бола қоймады.

        2. B) Сөйлесіп тұрған бала кенеттен тоқтай қалды.

        3. C) Өлі риза болмай, тірі байымас.

        4. D) Менің қазақ тілін үйренгім келеді.

        5. E) Су айнадай тап-таза екен.

    1. Орфоэпия бойынша жазылған сөзді табыңыз.

        1. A) Сарыағаш B) дейінгі C) кемеңгер

        2. D) бейбітшілік E) күндүз

    1. Естілуі бойынша жазылған сөзді табыңыз.

        1. A) сыйымдылық B) тайаныш C) қиыншылық

        2. D) жиналыс E) хайуан

    1. Қай сөз орфографиялық нормаға сәйкес жазылған?

        1. A) біріңғай B) Бегарыс C) Жаңғожа

        2. D) бұлұттұ E) Жанпейіс

    1. Дәстүрлі принцип бойынша жазылған сөзді табыңыз.

        1. A) бастаңғы B) диуана C) жаңбыр

        2. D) қоңыз E) мақсат



        3. «Кейінді ықпал», «Орфография және орфоэпия» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары:

        4. 1 – B (Жауабы: төгіп / төк+іп)

        5. 2 – D (Жауабы: Аманғалидың / Амаңғалидың)

        6. 3 – B (Жауабы: отыз жыл / отыж жыл)

        7. 4 – A (Жауабы: жазып алдым / жазыб алдым)

        8. 5 – C, 6 – D (Жауабы: үйренгім / үйреңгім)

        9. 7 – E, 8 – B, 9 – E, 10 – B



        10. «Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

        1. Неологизмге айналған көнерген сөзді табыңыз.

        1. A) машайық B) сопы C) жамағат

        2. D) діни басқарма E) муфтият

        1. Архаизмнен болған тіркесті табыңыз.

        1. A) үлкен планета D) валюта бағамы

        2. B) Абай даңғылы E) физикалық карта

        3. C) нарықтық экономика

        1. Бұрын көнерген сөз болып қазір неологизмге айналған сөзді табыңыз.

        1. A) апрель B) ай C) ғасыр

        2. D) апта E) байрақ

        1. Синоним болатын диалектілерді табыңыз.

        1. A) түбек, шүмек D) кебеже, сандық

        2. B) ауқат, тамақ E) қоржын, қалта

        3. C) былғары, тері

        1. Көнерген сөздердің қатарын табыңыз.

        1. A) дуанбасы, пролетарият, қаған

        2. B) әсемпаз, өнерпаз, қыдырымпаз

        3. C) бизнес, карьера, орден

        4. D) акция, чек, бағалы қағаз

        5. E) тәуелсіздік, егемендік, азаматтық

        1. Қай қатар неологизм сөздерге жатады?

        1. A) анализ, скидка D) градус, температура

        2. B) класс, лампа E) хандық, барымта

        3. C) сәулет, пайыз

        1. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздерді не дейді?

        1. A) көнерген сөз D) термин сөз

        2. B) диалект сөз E) кәсіби сөз

        3. C) кірме сөз

        1. “Тырық”, “көтерем” диалектілерінің әдеби тілдегі баламасын табыңыз.

        1. A) зәулім B) шалғай C) арық

        2. D) ескі-құсқы E) кішкентай

        1. Сөйлемдегі диалект сөзді табыңыз.

        1. A) Табалдырықта отырма.

        2. B) Бидайға орақ түскелі тұр.

        3. C) Бау-бақшадан жеміс тердік.

        4. D) Бүгін азанда ерте ояндым.

        5. E) Оның нағашысы әскерден келді.

        1. Историзмді табыңыз.

        1. A) мешіт B) имам C) жамағат

        2. D) қылует E) муфти



        3. «Көнерген сөз», «Жаңа сөз», «Диалект сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

        4. 1 – E («Муфтият» қазір «діни басқарма» ұғымымен қатар қолданылады.)

        5. 2 – A ("планета" сөзі қазір ғаламшар деп аталады.)

        6. 3 – E, 4 – B («Ауқат, тамақ» сөздері - «тағам» сөзінің диалектісі.)

        7. 5 – A, 6 – C («Сәулет, пайыз» бұрын «архитектура, процент» деп аталатын.)

        8. 6 – B, 8 – C, 9 – D («Азанда» сөзі «таңертең» сөзінің диалектісі болып табылады.)

        9. 10 – D ("Қылует" жер асты мешіт деген мағына береді. Қазір бұл мешіт түрі қолданылмайды.)



        10. «Термин сөз», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. Қай сөйлемде термин сөз бар?

        1. A) Апам ұршық иіріп отыр.

        2. B) Жазда қауын-қарбыз жеуге бардық.

        3. C) Еуразия – ең үлкен құрлық.

        4. D) Кеше қатты бұрқасын болды.

        5. E) Балалар балық аулауға кетті.

    1. Терминдерге тән ең басты белгі не?

        1. A) дара мағыналы.

        2. B) көп мағыналы.

        3. C) жалпы халыққа түсінікті.

        4. D) белгілі аймақта ғана қолданылады.

        5. E) халық арасында жиі қолданылады.

        1. Екі сыңары да кірме сөзден болған қос сөзді табыңыз.

        1. A) адам жаны B) азды-көпті C) тарс-тұрс

        2. D) оқу-білім E) хат-хабар

        1. Әрі термин сөз, әрі кірме сөз болатын сөзді табыңыз.

        1. A) бағам B) ұжым C) қор

        2. D) нарық E) нотариус

        1. Кірме сөзде қандай заңдылық сақталмайды?

        1. A) орфографиялық заңдылық D) стильдік ерекшелік

        2. B) орфопиялық заңдылық E) пунктуация

        3. C) үндестік заңы

        1. Тілдің сөздік құрамын байытатын сөзді табыңыз.

        1. A) диалект сөз B) көнерген сөз C) кәсіби сөз

        2. D) термин сөз E) кірме сөз

        1. Қай кәсіби сөз су шаруашылығына жатады?

        1. A) диірмен B) мұрап C) масақ

        2. D) көсеу E) келі

        1. Кәсіби сөздер қатарын белгілеңіз.

        1. A) ықпал, буын, екпін D) тұсау, тоқым, үзеңгі

        2. B) синус, параллель, ромб E) ұзын, биік, алыс

        3. C) білім, тұрмыс, тіршілік

        1. Синонимдес сөздерді табыңыз.

        1. A) жуа, сарымсақ D) сым, леген

        2. B) қаңылтыр, сым E) бал, әсел

        3. C) қызамық, кекіре

        1. Диалект сөзден болған кәсіби сөзді табыңыз.

        1. A) шемішке B) полюс C) глобус

        2. D) кернеу E) тарих



        3. «Термин сөз», «Кірме сөз», «Кәсіби сөз» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары

        4. 1 – C (Құрлық – география ғылымында қолданылады.)

        5. 2 – A, 3 – E («Хат, хабар» сөздері араб тілінен енген.)

        6. 4 – E, 5 – C (Кірме сөздерде үндестік заңы сақ-талмайды, яни көптеген кірме сөз-дерде жуан-жіңішке дауыстылары ара-ласып келе береді. Мысалы, кітап, киоск.)

        7. 6 – E, 7 – B (Мұрап – суды қадағалап отыратын адам)

        8. 8 – D (Тұсау, тоқым, үзеңгі – мал шаруашылығында қолданылатын сөздер)

        9. 9 – E («Бал» сөзінің Оңт.Қазақстандағы диалектісі «әсел»)

        10. 10 – A (Шемішке – кәсіби сөз әрі диалект сөз. Әдеби баламасы – күнбағыс.)

        11. «Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ

    1. “Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері қай сөзге қатысты?

        1. A) дисфемизм B) эвфемизм C) табу

        2. D) көнерген сөз E) тұрақты тіркес

        1. Табиғат құбылысына қатысты табу сөзді табыңыз.

        1. A) ұлыма B) жасыл түсу C) соқырішек

        2. D) жаман ауру E) дауыл

        1. Табу сөздер неден туындаған?

        1. A) салт-дәстүр B) сыпайылық C) ем

        2. D) ырым E) аты белгісіз болу

        1. Дөрекі сөзді сыпайылап жеткізу қалай аталады?

        1. A) дисфемизм B) табу C) тура мағына

        2. D) метонимия E) эвфемизм

        1. Эвфемизмге жататын сөзді белгілеңіз.

        1. Эвфемизмге жататын тұрақты тіркесті табыңыз.

        1. A) қолды болыпты B) ашық мінез C) жүрек жұтқан

        2. D) тілі күрмелді E) қарны ашты

        1. Эвфемизм бойынша “ сөзуарлау ” сөзі қай сөзді алмастырады?

        1. A) салақ B) шешен C) мылжың

        2. D) бәдік E) олақ

        1. Қай сөз грек тілінде “сыпайы сөйлеймін” деген мағына береді?

        1. A) эвфемизм B) дисфемизм C) табу

        2. D) идиома E) архаизм

        1. Сөйлемдегі дисфемизмді табыңыз.

        1. A) Оның бір көзінің мүкістігі бар еді.

        2. B) Асанның қартайған шағында бір құлағы естімей қалды.

        3. C) Ақанның бойы ұзын болғандықтан, балалар оны «Ұзынтұра» деп мазақтайтын.

        4. D) Ұлы Отан соғысынан оралғандардың көбі бір мүшесін соғыс даласында қалдырып кеткен еді.

        5. E) Болат әрдайым кемтар адамдарға көмектесетін еді.

        1. Табу сөзді табыңыз.

        1. A) Келін қайынын өз атымен атамайды.

        2. B) Сарқыраманың бер жағында маңыраманы ұлыма жеп жатыр екен.

        3. C) Келіншек болған оқиғаны қайын енесіне жеткізеді.

        4. D) Естіген жұрт келіншектің тапқырлығына тәнті болады.

        5. E) Қазақтар кейбір табиғат құбылыстарын өз атымен айтпаған.




        6. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   27




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет