Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
бет 24/27 Дата 14.11.2019 өлшемі 405,66 Kb. #51787
Байланысты:
KAZAK TILI ереже Бұл бет үшін навигация:« Тұрақты тіркес », « Идиома(лық тіркес) » тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ « Тұрақты тіркес », « Идиома(лық тіркес) » тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары « Мақал мен мәтел », « Нақыл сөз » тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ « Мақал мен мәтел », « Нақыл сөз » тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ «Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары «Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ «Омоним», «Антоним» тақырыптары тақырыбы бойынша тест сұрақтарының жауаптары «Синоним», « Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері » тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ «Синоним», « Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері » тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары Табу сөз», «Эвфемизм мен дисфемизм» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
1 – C (“Мырза жігіт”, “кенже бала” сөздері – табу әдісі бойынша келіннің қайныларына қойған аттары.)
2 – B (Жасыл түсу – жай түсудің орнына қолданылады.)
3 – D, 4 – E, 5 – C («Бақиға аттану» сөзі «өлу» деген сөздің орнына қолданылады.)
6 – A (Қолды болу» сөзі «ұрлану» деген сөздің орнына қолданылады.)
7 – C, 8 – А, 9 – C («Ұзынтұра» сөзі «ұзын бойлы» деген сөздің орнына қолданылады.)
10 – B
« Тұрақты тіркес », « Идиома(лық тіркес) » тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Қай тұрақты тіркес “әділ” деген мағынаны береді?
A) Тонның ішкі бауындай D) Қара қылды қақ жарған
B) Ала жіпті аттамау E) Мұрнынан шаншылу
C) Он саусағынан бал тамған
Антонимдес фразеологизмдерді табыңыз.
A) Су жүрек – жүрек жұтқан
B) Мойнына су кету – ит өлген жер
C) Көз жұмды – жүріп кетті
D) Көзге түртсе көргісіз – тайға таңба басқандай
E) Шашбауын көтеру – тақиясына тар келу
Қай тұрақты тіркестің мағынасы дұрыс көрсетілген?
A) мұрнын шүйіру – дәмелену D) сілесі қату - әбден шаршау
B) сөз беру – таң қалу E) сүттей ұйыды – келіспеді
C) зығыры қайнау - өлу
Мағынасы синонимдес тұрақты тіркестерді табыңыз.
A) бауыр басу – ақ саусақ
B) таяқ тастам жер – сүт қайнатым уақыт
C) екі езуі құлағында – төбесі көкке жету
D) ит арқасы қиянда – маңдайының соры бар
E) көз ілмеу – көз шырымын алу
Идиомалық тіркесті табыңыз.
A) Жазда Асанбай аулы осы төңіректің сай-саласын мекендейді.
B) Бұл өңірдің ауылдары алты бақан ала ауыз боп біріккен емес.
C) Күз келісімен, бұлар қыстауға көшудің амалына кірісті.
D) Данагүл саумалы малдарды сатуға қарсы шықты.
E) Шаруаның ісі бітпейтінін ол енді түсінгендей болды.
Мақал-мәтелден тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Денсаулық - зор байлық. D) Оқу инемен құдық қазғандай.
B) Ештен кеш жақсы. E) Көп түкірсе, көл болады.
C) Сабыр түбі – сары алтын.
"Алыс" мағынасындағы идиомалық тіркесті табыңыз.
A) ит жеккен B) ер қашты C) асқар тау
D) көз аларту E) ат арытып, тон тоздырып
Бастауыш қызметіндегі тұрақты тіркесті табыңыз.
A) Олар көптен бері қырғи қабақ болып, бір-бірін аңдысып жүр.
B) Аузы күйген үрлеп ішер.
C) Олар суықта қалып, тісі тісіне тимей жаурады.
D) Істің насырға шапқанын сезген Оспан сыртқа шығып кетті.
E) Ұяттан кірерге тесік таппаған бала қып-қызыл болып кетті.
Тұрақты тіркесті тіл білімінің қай саласы зерттейді?
A) фонетика B) семасиология C) синтаксис
D) морфология E) фразеология
Идиомалық тіркестер қатарын табыңыз.
A) ағама жеңгем сай, апама жездем сай, азуы алты қарыс
B) кең балақ, жалпы етек,кең дүние тар болу, көлденең сөз
C) алақанына түкірді, араны ашылды, ас аш өзегіне түсті
D) жер болу, жер жұту, жер қабу
E) аузымен орақ ору , жел аяқ, өгіз аяң, әпер бақан
« Тұрақты тіркес », « Идиома(лық тіркес) » тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
1 – D, 2 – A (Су жүрек – қорқақ, жүрек жұтқан – батыр)
3 – D, 4 – C (Екі тұрақты тіркестің де мағыналары «қуану» дегенді білдіреді.)
5 – B (алты бақан ала ауыз – бірлігі жоқ)
6 – D (инемен құдық қазғандай – қиын)
7 – A (ит жеккен – алыс)
8 – B (Аузы күйген (кім?) үрлеп ішер.)
9 – E, 10 – E (аузымен орақ ору – бір нәрсені тек сөз жүзінде орындау, жел аяқ – жылдам жүргіш, өгіз аяң – жай, әпер бақан – есі дұрыс емес.)
« Мақал мен мәтел », « Нақыл сөз » тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Кейін пайда болған мақалды табыңыз.
A) Ерінбесең - емерсің
B) Ұрлық түбі - қорлық
C) Айдағаны бес ешкі ысқырығы жер жарады.
D) Сабыр түбі – сары алтын.
E) Отан оттан да ыстық.
Мақалға тән ерекшелікті табыңыз.
A) Бір ғана сөзден тұрады
B) Құрамындағы сөздер ауыстыруға келеді.
C) Ой тұжырымдалып, түйінді пікір түрінде айтылады.
D) Көпшілікке үндеу мақсатында айтылады.
E) Авторы белгілі болады.
Мақалдың мағынасын анықтаңыз.
Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі түседі.
A) білім туралы D) үлкенді құрметтеу туралы
B) ақыл-парасат туралы E) ынтымақ, бірлік туралы
C) тәлім-тәрбие туралы
Уәдеде тұрудың маңызы туралы мақалды табыңыз.
A) Алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
B) Ақылды қария – ағын дария.
C) Әзіл айтсаң да, әділ айт.
D) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
E) Еменнің иілгені - сынғаны,
Жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
Мақалды табыңыз.
A) Әкесінің баласы – адамның дұспаны, Адамның баласы – бауырың.
B) Адамның адамшылығы істі бастағанынан білінеді, қалайша бітіргенінен емес.
C) Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың.
D) Досы жоқпен сырлас, досы көппен сыйлас.
E) Ақыл азбайды, әділдік тозбайды, арамдық озбайды.
Мәтелді табыңыз.
A) Балалы үй – базар.
B) Отан оттан да ыстық.
C) Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.
D) Жері байдың – елі бай.
E) Бір құмалақ бір қарын майды шірітеді.
Мәтелдің белгісін табыңыз.
A) Эмоциялық мағына басым болады.
B) Құрылысы жағынан екі, үш бөлімді болады.
C) Ой нақты айтылады.
D) Үлгі-өнеге түрінде айтылады.
E) Біріншісі екінші сөйлемінің шарты болып келеді.
Афоризмді табыңыз.
A) Оқусыз білім жоқ, білімсіз күнің жоқ.
B) Оқу-білімсіз өнер де жоқ, өнерпаз болу үшін де, ең алдымен, білім керек.
C) Оқу - білім бұлағы, білім-өмір шырағы.
D) Оқу инемен құдық қазғандай.
E) Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.
Нақыл сөзді табыңыз.
A) Аз сөз – алтын, көп сөз – көмір.
B) Асыл - тастан, ақыл - жастан.
C) Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға.
D) Қына тасқа бітеді, білім жасқа бітеді.
E) Жемісті ағаш жерге иіліп тәжім етеді.
Қайсысының көбінесе авторы белгілі болады?
A) мақал B) мәтел C) тұрақты тіркес
D) нақыл сөз E) идиома
« Мақал мен мәтел », « Нақыл сөз » тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
1 – E (Отан оттан да ыстық – нақыл сөз. Авторы – Б.Момышұлы. Қазір оны мақал жатқызып жүр.)
2 – C
3 – E
4 – E
5 – D (Қалғандары – А.Құнанбайұлының 37-қарасөзіндегі нақыл сөздер)
6 – E
7 – A (Мәтелде көбіне эмоциялық мағына басым болады. Кекету, мұқату, сынау, мазақтау сияқты ойды көруге болады.)
8 –B
9 – C
10 – D
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) қара тас B) жуас кісі C) тас жүрек
D) терең ойлы E) ыстық ықылас
Тура мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ат арылту B) Ат сату C) Ат ойнату
D) Ат салысу E) Ат ізін суытпау
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Ол әйеліне алтын алқа сатып алды.
B) Айман оған жылы лебізін білдірді.
C) Түнгі ауа салқындай бастады.
D) Күзгі дала сары жапырақтан көрінбейді.
E) Бұл мәселе туралы басшылармен ақылдасты.
Көп мағынаға ие бола алатын сөзді табыңыз.
Аспанда қалықтаған құстың қанаты анық көрінеді.
A) аспан B) қанат C) құс
D) қалықтау E) анық
«Полисемия» деген не?
A) дара мағыналы B) мағынасы жоқ C) тура мағына
D) көп мағыналы E) ауыспалы мағына
Ауыспалы мағынада қолданылып тұрған сөзді табыңыз.
A) Қалада өзбек ұлттық мәдени орталығы бар.
B) Олар ертелі-кеш еңбек етіп жүр.
C) Адамның ықылас-ниеті жақсы болсын.
D) Оны көрмегелі біршама жылдар өтті.
E) Көктемде отырғызылған жас шыбықтардың жапырағы шыға бастапты.
«Суық хабар» - Асты сызылған сөз қандай мағына беріп тұр?
A) көптен күткен B) сүйініш C) қайғылы
D) қуанышты E) күтпеген
Ауыспалы мағынадағы сөзді табыңыз.
A) шалғай ауыл B) ақ қар C) кең сынып
D) жазық дала E) құрғақ сөз
Ауыспалы мағыналы сөзді табыңыз.
A) Қолындағы малын ермек етіп отыр.
B) Кіші інісі мектепті бітіргелі жатыр.
C) Оның әжесі көп ертегі білетін.
D) Мұсаның атасы жалпақ жұртқа танымал болған.
E) Алыстағы ауылдардың көптеген қиындықтары бар.
Қай сөйлемде "қара" сөзі ауыспалы мағынада қолданылған?
A) Олар қара тастан үй тұрғызды.
B) Біз үйдің іргетасын қара бояумен боядық.
C) Хат қара сиямен жазылыпты.
D) Қодар жырда қара күштің иесі ретінде суреттеледі.
E) Ол бүгін қара костюмін киіпті.
«Сөздің тура және ауыспалы мағынасы», «Сөздің көп мағынасы» тақырыптары бойынша тест сұрақтарының жауаптары
1 – A (жуас кісі – момын кісі, тас жүрек – қатігез, терең ойлы – ақылды, ыстық ықылас – шын ниет)
2 – B (Ат арылту – әуре болу, ат ойнатты – басынды, ат салысу – көмектесу, ат ізін суытпау – жиі келіп тұру)
3 – B (жылы лебіз білдірді – ілтипат көрсетті)
4 – B, 5 – D, 6 – E (жас шыбық), 7 – C, 8 – E (құрғақ сөз – бос сөз) 9 – D (жалпақ жұрт – барлық адамдар), 10 – D (қара күш - қатігездік)
«Омоним», «Антоним» тақырыптары бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Омоним бола алмайтын бір ғана мағынада қолданылатын қосымшаны табыңыз.
A) -дай, -дей B) -ды, -ді C) -ма, -ме
D) -дық, -дік E) -тау, -теу
Омоним бола алатын сөзді табыңыз.
A) қағаз B) кітап C) бет
D) мұқаба E) оқулық
Асты сызылған сөздердің мағыналық түрін көрсетіңіз.
Айналайын қарағым , Бетіңе келмес қарағым.
A) синоним B) антоним C) омоним
D) тура мағына E) көп мағына
Омонимді табыңыз.
A) Тал түсте далаға шықты.
B) Бала бал арасын тамашалады.
C) Жас шақта уақыттың қадірін біл.
D) Ол тартпаның тұтқасын тартты.
E) Ол менің бір аптадан бері нан жемегеніме нанбады.
Мақалдардан антоним сөздерді табыңыз.
A) Ер мойнында қыл арқан шірімес.
B) Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі.
C) Ананың көзі балада, баланың көзі далада
D) Ойнап сөйлесең де ойлап сөйле.
E) Көз – қорқақ, қол – батыр.
Антонимді табыңыз.
A) ит арқасы қиянда – таяқ тастам жер
B) іші жылу – көз жұму
C) аяқ алысы – қолы жүру
D) табанын жалтырату – қарасын батыру
E) ат қою – айдар тағу
Антонимдес сөз тіркесін табыңыз.
A) асқар тау, телегей теңіз D) тал түсте, күз мезгілде
B) кең дала, айдын көл E) ала жаздай, қыс бойы
C) денсаулығы жоқ, ақшасы бар
Антонимді табыңыз.
A) уақ-түйек, майда-шүйде D) азын-аулақ, қым-қиғаш
B) құт-береке, мәз-мейрам E) бұрын-соңды, ертелі-кеш
C) бүге-шіге, егжей-тегжей
Антоним сөзді табыңыз.
A) Халық үшін қалтқысыз еңбек ет.
B) Бүгінде халық құл, қожа болып бөлінбейді.
C) Әскер беті қызарып сөйлей алмай қалды.
D) Олар бүгін - ертең келіп қалар.
E) Олар жол-жөнекей көп тоқтады.
Мағыналары қарама-қарсы сөздерді табыңыз.
A) Ол мейрамдарда көрші-қолаңды аралап кетеді.
B) Ол баладан бәрін бүге-шінесіне дейін сұрап алды.
C) Соғыстан кейін бұл жердің астан-кестені шықты.
D) Кең зал ығы-жығы.
E) Ол судың ыстық-суығына қарамай қотарып салды.
«Омоним», «Антоним» тақырыптары тақырыбы бойынша
тест сұрақтарының жауаптары
1 – E (-тау, -теу - салыстырмалы шырай жұрнағы. Қалғандары ең аз екі түрлі жерде кездеседі. Мысалы, -ды, -ді: 1) табыс септік жалғауы (суды (нені?) ішті); 2) Жедел өткен шақ жұрнағы (оқыды (не істеді?));
2 – C (бет : 1) адамның беті; 2) кітаптың беті)
3 – С, 4 – Е (нан : 1) бидайдан жасалған тағам түрі, 2) сену)
5 – E (қорқақ – батыр), 6 – E, 7 – E (жаз бойы – қыс бойы)
8 – E, 9 – B (құл – қожа), 10 –E (ыстық – суық)
«Синоним», « Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері » тақырыптары бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Синоним емес қатарды көрсетіңіз.
A) байсалды, байыпты D) ағайын, туыс
B) шалғай, қашық E) көмескі, ескі
C) сәт, мезет
“Ауру” сөзінің синонимдік қатарын табыңыз.
A) дауа, шипа, ем D) соқырішек, аққан, қышыма
B) айна, әйнек, терезе E) медбике, дәрігер, дәріхана
C) мерез, сырқат, кесел
Төмендегі тіркестер қай топқа жатады? Қырық пышақ, қырғи қабақ
Қай қатар синонимдік қатар бола алмайды?
A) ауыл-аймақ, көрші-қолаң
B) бірен-саран, бірлі-жарым
C) анда-санда, оқта-текте
D) аман-есен, сау-саламат
E) құрбы-құрдас, жора-жолдас
Синонимді табыңыз.
A) Таңертең қорадағы екі-үш тұяқты өріске айдап шықты.
B) Ол жазушылық өнерге өте жас кезінен бастады.
C) Күләштің әншілік өнері әлемге әйгілі.
D) Қауіп бар жерде қатер бар.
E) Дауылдан кейін тыныштық орнаған.
Синоним сөйлемде қай сөйлем мүшесі болып тұр?
Исекең Бекболаттың ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын көрсететін мысалдар келтіреді.
A) бастауыш D) пысықтауыш
B) анықтауыш E) баяндауыш
C) толықтауыш
Метафораны табыңыз.
A) Өмірде мақсатсыз ешбір әрекет жоқ.
B) Бұл - әдеби тілдің әсемдігі ғана емес, әсерлігі үшін де орасан қажет тәсіл.
C) Осы оқиғаға Қуандық мынадай әдемі өлең жазды.
D) Гималай – көктің кіндігі, Гималай – жердің түндігі.
E) Қазақстан – республикам менің.
Метонимияны табыңыз.
A) Ей, қораз, шақырасың ерте-кеш!
B) Үйі мәз боп қой сойды, сүйіншіге шапқанға.
C) Қап-қара , мөп-мөлдір, тұп-тұнық көзіңді-ай!
D) Қыңыр болды не керек,- болайын деп болды ма?
E) Торғын төсін тосады таңға жайып...
Синекдоханы табыңыз.
A) Әй, сақал! Бұл арадан Плюшкинге қалай баруға болады?
B) Қымыздай балға ашытқан тәтті қызға, жігіттер, бәріңіз де сұқтанарсыз.
C) Мен – тауда ойнаған қарт марал.
D) Хан емессің, қасқырсың.
E) Қайран батырым-ай! Арыстандай ерім едің-ау!
Асты сызылған сөздер қандай сөздің орнына жұмсалып тұр?
Оның қорасында бес-алты тұяғы ғана бар.
A) байлық D) аң-құс
B) аяқ E) тауық
C) мал
«Синоним», « Сөздің ауыспалы мағынасының көркем әдебиетте қолданылатын түрлері » тақырыптары бойынша
тест сұрақтарының жауаптары
1 – E («көмескі» сөзі «бұлыңғыр» деген мағына береді)
2 – C
3 – A («Қырық пышақ, қырғи қабақ» – тұрақты тіркестернің мағынасы бірдей, «ұрысу»)
4 – A
5 – D (қауіп, қатер)
6 – C (ер жүректігін, қайтпас қайсарлығын(нені?))
7 – D (Гималайды біресе көктің кіндігіне, біресе жердің түндігіне балап тұр.)
8 – B (Абай болыстың жанұясын, туған-туыстарын түгел тізіп жатқан жоқ, бәрін үйі деген бір сөзбен ғана жеткізген.)
9 – A (Адамның орнына сақалы ғана алынған.)
10 – C
«Сөз құрамы » тақырыбы бойынша
ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ
Біріккен сөзді табыңыз.
A) Талдықорған В) Ашық ауыз адам С) Бес дәптер
D) Қоңыр ала Е) Тісін қайрады
Дара сөзді табыңыз.
A) Тізесін бүкті В) Әкімшілік С) Бес жүз
D) Отыз бестерге Е) Жақсы көру
Күрделі сөзді табыңыз.
A) Қолын жуды D) Жығылып қала жаздады
В) Миллионның жартысы Е) Ол отырды
С) Жарақаттану
Кіріккен сөзді табыңыз.
A) Мөлдір су D) Қазақстан Республикасы
В) Ақыр заман орнату Е) Қабағынан қар жауды
С) Күздігүні
Қысқарған сөзді табыңыз.
A) Көз шырымын алды D) Оқуды үздік оқиды
В) Әлек салды Е) педколледжді бітірді
С) Кетіп бара жатыр
Қысқарған сөзге қате жалғанған қосымшаны табыңыз.
A) АҚШ-қа В) медбикеге С) ТМД-на
D) БҰҰ-ны Е) см-ден
Екі сыңары да мағынасыз қос сөзді табыңыз.
A) ағалы-інілі В) басқа-басқа С) жекпе-жек
D) оқта-текте Е) жап-жасыл
Туынды сөзді табыңыз.
A) Жазып отыр D) Қуыс мойын
В) От ала келу Е) Сіздің ойыңыз
С) Жиналысқа қатысу
Қайталама қос сөзді табыңыз.
A) балапандар В) бала-шаға С) анда-санда
D) бетпе-бет Е) киім-кешек
Жұрнақ арқылы жасалған сөзді табыңыз.
A) балалар В) қалалық С) жауырын
D) қауырсын Е) дауыл
Достарыңызбен бөлісу: