Adv3205- «Адвокатура»


Қазақстан Республикасы Конституциясы



бет70/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Қазақстан Республикасы Конституциясы;

  • адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған конституциялық заңдар;

  • Адвокаттық қызмет туралы” заң;

  • адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмұндалған өзге де заңдар;

  • адвокаттық қызметті реттейтін нормалар мазмүндалған заңға негізделген нормативтік актілер;

  • адвокаттық қызметке қатысты нормалар мазмұндалған Қазақстан Республикасының халықаралық шарттық және өзге міндеттемелері;

  • адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша Конституциялық Кеңестің нормативтік қаулылары;

  • адвокаттық қызметке жататын мәселелер бойынша ҚР Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары;

    Бұл негіздер нормативтік құқықтық актілер деңгейін, яғни, нормативтік құқықтық актілер сатысындағы нормативтік құқықтық актілердің орнын ескере отырып, оның заңдық күшіне байланысты тікелей реттілікпен орналасады.
    Адвокаттық қызметті реттейтін нормалар қайнарларына адвокаттар алқасының жоғарғы органдары қабылдаған құқықтық құжаттарды, адвокаттар алқасының Жарғысын және адвокаттардың Кәсіби әдебінің тәртіптерін жатқызуға болады. Алай да бұл құжаттар заңнаманың құрамдас бөлігі болып табылмайды, өйткені олардың нормативтік құқықтық мәртебесі жоқ және сондықтан осы тараудың аясында қаралады.
    Адвокаттық қызметтің кәсіби стандарты - бұл қолданыстағы зандар мен халықаралык актілерде көрсетілген, адвокаттардың тиімді негіздерде жалпы және нақты бір істер бойынша адвокаттар қызметінің ұйымдастыру кұралдары мен адвокаттық практикамен пісіп-жетілген тәсілдерді адвокаттардың іс жүргізуде қолданудағы сапасына койылатын талаптарды айтамыз.
    Адвокаттар қызметінің, кәсіби сапасына қойылатын ең маңызды және жалпы талаптар Нью-Иоркте 1990 жылы тамыз айында өткен қылмыстарға ескертпелер негізінде БҰҰ-ның сегізінші конгресінде қабылданған Адвокаттар ролінің Негізгі Ережелерінде бекітілген.
    Бірақ бұл Ережелер адвокаттардың кылмыстық және әкімшілік істерге қатысуы бойынша қарастырылса да ол адвокаттардың азаматтық және баска да істерге қатысуына қолданылады.
    Халықаралык Пакте азаматтардың азаматтық саяси кұкықтарымен бірге экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтарында БҰҰ Жарғысына сай адамдардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау және кұрметпен қарау мемлекеттің міндеті екені баса айтылған.
    Біздің мемлекетіміздің ең басты қазынасы - адам және адамның өмірі, кұқыктары мен бостандыктары болып есептелінеді.
    Қазақстан мемлекеті өз азаматтарының белгілі бір іс әрекетінің заң жүзіндегі мүмкіндіктерін таниды және оларға кепілдік береді. Адам мен азамат құкығы - Қазакстан Республикасы Конституциясының іргелі категориясы, ол адамды казақстандық қоғамның ең жоғарғы құндылығы ретінде орнықтырады.
    Қазақстан азаматтары өз кұқыктары мен бостандықтарын заңға қайшы келмейтін әдістермен қорғауға кұкығы бар. Қазаңстан азаматтары ғана емес, сонымен қатар, Қазакстан аумағында тұратын азаматтығы жоқ адамдар, сондай-ақ басқа елдің азаматтығы бар шетелдік азаматтар Қазаңстан аумағында құқықтары мен бостандықтарына қысым жасалған болса, олар өз құқықтары мен бостандықтарын қорғауды сұрай алады.
    Адвокаттық қызметті реттейтін нормативтік актілердің қайнар көзіне жатпаса да адвокатураны ұйымдастыру мен қызметін реттеуде тиісті зандар негізінде жасалған адвокаттар алқасының Жарғысы мен оның Жалпы Жиналысының шешімдері үлкен маңызға ие болады.
    Адвокаттардың барлығы осы заң талаптарымен басқа да құқыктық нормативтер, заң актілеріне сүйенеді.
    Жақсы адвокат болу оңай емес. Ол үшін білімді, білікті, жоғары мәдениетті болумен бірге ҚР заңдарын терең білу кажет. Сонда ғана оның беделі өсіп, мәртебесі биіктей түседі, азаматтар құқығының нағыз қорғаушысы, тағдырымыздың арашашысы бола алады. Сонда ғана адвокатқа деген адамдардың сенімі артады.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   197




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет