Adv3205- «Адвокатура»


Адвокаттық қызмет білікті заң көмегін көрсету бойынша жариялы коммерсиялық емес қызмет ретінде. Адвокаттық қызметтің белгілері



бет66/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
5.Адвокаттық қызмет білікті заң көмегін көрсету бойынша жариялы коммерсиялық емес қызмет ретінде. Адвокаттық қызметтің белгілері.

Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге арналған.


Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, азаматтық, әкiмшiлiк, қылмыстық және басқа да iстер бойынша өкiлдiк ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады. Адвокаттық қызмет шеңберiнде адвокаттар көрсететiн заң көмегi кәсiпкерлiк қызмет болып табылмайды.
Шетел терминдерінің қазіргі сөздігінде “Адвокатура” термині 1) ұйымды, адвокаттар алқасын; немесе 2) адвокат қызметін білдіреді.
Заңи әдебиетте және қолданыстағы заңнамада адвокатураның нақты анықтамасы жоқ. Мысалы, “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңының бірінші бабы осы терминді түсіндіруден емес адвокатура мақсатын көрсетуден басталады. Ал 20-бапта тек адвокаттар алқасы ұғымы ғана берілген. Сондықтан да, көрсетілген олқылық орнын толтыра және осы ұғымды кеңейте отыра, өз түсінігімізше, адвокатураны азаматтар мен ұйымдарға кәсіби заң көмегін көрсететін тұлғалар қызметінің негізін анықтайтын қоғамдық құқықтық институт деп санаймыз.
Адвокаттар алқасы – адам мен азаматтың, мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың заңды құқықтарын қорғауға жәрдемдесу және өкілдік ету үшін кәсіби заңгерлер құратын мемлекеттік емес және коммерциялық емес құрылым.
Егер осы міндеттерді нақтылайтын болсақ, адвокатура қызметінің негізгі бағыттары әртүрлі заң көмегін көрсетуге жәрдемдесу болып табылады. Олар:

    • шешілімі кәсіби заң білімін талап ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер, жазбаша қорытындылар беру;

    • талап қою арыздарын, шағымдармен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау;

    • адвокаттардың анықтау және алдын ала тергеу істері кезінде, сезіктілердің, айыпталушылардың және сотталған адамдардың қорғаушылары, жәбірленушілердің, азаматтық талап қоюшылардың, азаматтық жауапкерлердің өкілі ретінде қылмыстық істер бойынша сотқа қатысуы;

    • соттар мен мемлекеттік органдарда азаматтық және әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша өкілдік ету;

    • азаматтар мен ұйымдарға заңда тиым салынбаған басқа да заң көмегін көрсету.

Заңды қолдану мәселесі бойынша кеңес беру адвокаттар қызметінің маңызды бағыты болып табылады. Оның мәні – қолданыстағы азаматтық іс жүргізу, отбасылық, еңбек, әкімшілік, қылмыстық іс жүргізу және басқа заңдардың нормаларын дұрыс түсіндіру мен дәл қолдану бойынша түсініктеме беру.
Консультация:

    • даудың материалдық-құқықтық астарын;

    • азаматта талап қою құқығының бар-жоғын (процессуалдық астар);

    • іс бойынша түпкілікті кеңесті, яғни қорғау үшін заңды негіздің бар-жоғын және қандай нысанда екендігін (соттық, әкімшілік және т.б.), бұл үшін не істеу керек екендігін қамтуға тиіс.

Құқықтық кеңес:

    • заңды: құқық нормасына дұрыс сілтеме жасауға және оны дәл қолдануға, құқықтық іске асыру жолдарын көрсетуге және т.б.;

    • мазмұндау нысаны бойынша жеңіл, яғни түсінікті;

    • нақты: жалпы құқық және оны қорғау жолдары туралы пайымдау емес, мәселені шешудің ықтимал жолдарын көрсетуге;

    • нәтижелі: кеңес беру аяқталғаннан кейін азамат істің алдағы қозғалысының болашағын анық көруге тиіс.

Адвокатура қызметін ұйымдастыру және тәртбі құқықтық принциптерге негізделген. Принцип [лат.негіз, бастау] – 1) қандай да бір теорияның, ілімнің алғашқы жағдайы және т.б.; жетекші идея, қызметтің негіхгі тәртібі; 2) ішкі ұғым, мінез-құлық нормасын анықтайтын заттарға көзқарас.
Адвокатураның принциптері ретінде барлық іс жүргізу нормаларын қамтитын негізгі құқықтық идеяларды және азаматтар мен ұйымдарға білікті заң көмегін көрсетуді қамтамасыз ететін адвокатура және адвокатура қызметінің осындай құрылымын анықтайтын институттарды атаған жөн.
Адвокатураның негізгі принципі заңдылық болып табылады, ол ҚР Конституциясын, “Адвокаттық қызмет” туралы ҚР заңын және осыларға сәйкес қабылданған заңдарды мүліксіз сақтау ретінде анықталады. Бұл орайда республика Конституциясының жоғары заңдық күшке ие екендігін, оған тек мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері ғана емес, сонымен қатар қоғамдық ұйымдардың ішкі ұйымдық актілері де сәкес болуға тиісілігін атап өту қажет. Бұдан адвокат алқасы мүшелерінің, органдарының және лауазымды тұлғалардың актілері мен шешімдерінің ҚР Конституциясына және заңдарына сәйкес болу керектігі адвокатура қызметіндегі заңдылықты іске асыру принципінің мәні екендігін көреміз.
Заңдылықтың конституциялық принципінің азаматтың заң көмегін алудағы субьективтік құқығын іске асыруда шешуші маңызы бар. Осы құқықпен адвокаттар алқасы мен олардың мүшелерінің заң көмегін көрсету міндеттемесі ұштасады. Адвокаттар алқасы органдары мен лауазымды тұлғалардың адвокаттар мен заң көмегін алуға мұқтаж адамдардың заңды құқықтарын іске асыруына ешбір шектеу қоюға қақысы жоқ. Мысалы, істің шақырылған адвокат жұмыс істейтін облыстан (қалада) басқа жерде қаралып немесе тергеліп жатқандығын сылтау етіп, адвокатқа көмек көрсетуге шек қою заңсыз. Мұндай әрекет заң көмегінен заңсыз бас тартуды, азаматтар құқығын бұзуды айғақтайды. Егер заң консультациясының немесе адвокаттар алқасының лауазымды тұлғасы заң көмегінен заңсыз бас тартса, онда бұл туралы сотқа шағым беруге болады.
Адвокатураның тәуелсіздігі прокуратура, сот, анықтау және алдын ала тергеу органдары, өзге мемлекеттік органдар, саяси партиялар, қоғамдық бірлестіктер, басқа ұйымдар мен лауазымды тұлғалар тарапынан, тікелей заң актілерінде көзделген реттерді қоспағанда, оның қызметіне ешбір араласпауына жол берілмейтіндігі жөніндегі заңда белгіленген тәртіптерді білдіреді.
Азаматтар мен ұйымдарды жоғарыда аталған мемлекеттік және қоғамдық органдар мен лауазымды адамдардан тәуелсіз адвокатура сияқты қоғам – құқықтық институт қана қорғап мүддесін білдіре алады. Бұл міндет кәсіби заңгерлер ұйымы – адвокаттар алқасына нақты жүктеледі.
Бұл қағида адвокатура ұйымдары мен қызметінің негізгі құқықтық және демократиялық принциптерінің бірі, адвокат тәуелсіздігін және оның ісіне мемлекеттік және өзге араласушылыққа жол бермеудің кепілі болып табылады.
Алайда, тәуелсіздік адвокаттар ұйымының мемлекет органдары мен өзара байланысының толық жоқтығын білдірмейді. Қазіргі уақытта адвокатура мемлекеттік атқарушы органдармен, оның ішінде Әділет министрлігімен ынтымақтастық жасайды. Осы министрліктің құқықтық көмекті ұйымдастыру мен заң көмегін көрсету саласындағы міндеттерінің бірі – адвокаттық қызметті лицензиялау; адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығына лицензия беру; адвокатураға әдістемелік басшылық және азаматтар мен ұйымдарға көрсетілген заң көмегінің сапасына бақылау жасау.
Заңда тиым салынбаған әдістермен және құралдармен адвокаттық қызметті жүргізудің кесесі принципі – оның негізіне адвокаттық клиенттің заңды мүддесін қорғауды немесе өкілдікті тек заң құралдарымен жүргізетіндігі (заңды соттың, пркурордың, процеске өзге қатысушылардың бұзуына, егер бұл бұзушылық айыпталушының (сезіктінің), құқықтарын аяққа басса дереу жауап қату); соттың, басқа құқық қорғау органдарының және т.б. шешімдеріне клиенттің мүддесіне орай және оның тапсырмасы бойынша (немесе келісімімен) шағым жасау міндеттемесінің жататындығы.
Адвокатураның негізгі принциптерінің бірі – прокуратура, сот, анықтау және алдын ала органдарының, басқа да мемлекеттік органдардың, саяси партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, өзге ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың, заң актілерінде тікелей көздеген жағдайларды қоспағанда, адвокатура қызметіне араласуына жол бермеушілік болып табылады. Бұл адвокаттың заңдық қызметін жүргізуге заңсыз араласуға жол берген, кедергі жасаған не азаматтарды қорғау және оларға заң көмегін көрсету бойынша адвокаттың, адвокаттар алқасының, заң консультациясының, адвокаттар кеңесінің заңдық қызметін жүргізу үшін олардың кәсіби міндеттемесін іске асыруға қажет құжатты, материалды немесе мәліметті жазбаша салауы бойынша заңда белгіленген мерзімде тапсырмау және бас тарту арқылы кедергі келтіруі, егер бұл әрекеттердің қылмыстық жазалану белгісі болмаса, жиырма айлық есеп көрсеткішіне дейінгі көлемде айыппұл төлеуге әкеліп соғады.
Егер осы әрекеттер азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүддесіне, я болмаса қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүддесіне айтарлықтай залал келтірсе, оған жол берген тұлғалар бес жүз айлық есеп көрсеткішіне дейінгі көлемдегі немесе бес айға дейінгі мерзімге сотталған адамның жалақысы немесе өзге кірісінің көлеміндегі айыппұлмен, я болмаса үш жылға дейінгі мерзімге бостандығын шектеумен жазаланады.
Адвокатураны ұйымдастырудың және қызметінің келесі принципі кәсіби мінез-құлық нормалары мен адвокат құпиясын сақтау болып табылады. Заң көмегін көрсету кезінде жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін білікті қорғауды қамтамасыз ету мақсатында адвокат қолданыстағы заңнама мен алқа Жарғысын, сондай-ақ кәсіби әдеп орнықтырған нормаларды және адвокаттық кәсіптік қызметтің практикасында жинақталған тәртіптерді басшылыққа алуға тиіс.
Қолданыстағы заңнама талаптарын адвокаттардың сақтау кепілдіктері қорғауды жүргізуге және өзге заң көмегін көрсетуге байланысты айтылған мәліметтердің құпиясын сақтау және көмек сұраған адамның келісімінсіз оны жарияламау міндеттемесі болып табылады. Бұл талаптар міндетті шарт болып табылады және адвокаттың азаматтық іспен қатар қылмыстық немесе әкімшілік істер бойынша бүкіл қызметіне қолданылады және “Адвокаттық қызмет туралы” Қазақстан Республикасы Заңымен, адвокаттар алқасының Жарғысымен, адвокаттар алқасының Жалпы жиналысының (конференциясының) шешімімен қабылданатын адвокаттың кәсіби әдебінің Ережелерімен реттеледі.
Негізгі принциптерінің бірі, өкінішке орай, қолданыстағы заңнамада көрсетілмеген, алайда адвокатураны ұйымдастыру негізінде қаланған және практикада іске асқан – бұл тәуелсіз өзін-өзі басқаратын ұйымдардың жиынын; басқарудың орталық және жоғары тұрған органының жоқтығын; адвокаттар алқасының бір-бірінің ісіне араласпаушылығын білдіретін орталыққа бағынбау принципі. Қазақстан Республикасы Адвокаттар одағына, Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) Қазақ филиалына, адвокаттар ұйымының өзге нысандарына (қауымдастыққа, бірлестікке, корпорацияға және т.б.) келсек, олар адвокаттар алқасына басшылық жасамайды және олардың кәсіби қызметіне араласпайды.
Осы құқықтық принциптердің жүйесі адвокатураның мәнін және оның қоғамдағы басқа құқық қорғау жүйесі элементтерінен – мемлекеттік құқық қоғау органдарынан, ҚР құқық қорғау қоғамдық ұйымдарынан (мысалы, Халықаралық Хельсинки Федерациясы жүйесіне кіретін құқық қоғау ұйымы ретіндегі Алматы Хельсинки Комитеті, адам құқығы жөніндегі Алматы Қоғамдық Ассоцияциясы, сондай-ақ адам құқығы және заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақ-Америка Бюросы және т.б.) ерекшелігін анықтайды.
Адвокат азамматтың (немесе заңсыз сотталған не, талабынан негізсіз бас тартылған адамның) құқығын қорғаған кезде, ол тек осы нақты адам үшін ғана емес, жалпы бүкіл қоғам үшін маңызды бір қызметті жүргізеді, сол арқылы қате сот шешімдерінің жолын кеседі, заң мен құқық тәртібіне деген сенімді нығайтады.
Нақ сондықтан, заңға сәйкес адвокаттың жеке адамның құқығын білікті және жігерлі қорғау азаматтың, қоғам мен мемлекеттің мүддесіне жауап береді. Қылмыстық және азаматтық істер бойынша сот төрелігін жүзеге асыру үшін тиімді әрекет ететін мемлекеттік органдармен қатар күшті, тәуелсіз және білікті адвокатура қажет.
Адвокат – айыпталушының немесе басқа тұлғаның өкілі, алайда адвокаттың қызметі жеке сипатта ғана емес, оған айыпкермен қатар істі жүргізетін мемлекеттік органдар да мұқтаж. Сондықтан адвокатураның жұмыс істейтін қатаң заңға сәйкес сот төрелігіне жолдаудың маңызды шарты ретінде қарастыра отырып, оның рөлін арттыру қажет. Басқаша айтқанда, адвокатура, адвокаттар алқасы қызметінің міндеттері белгілі бір шекте мемлекеттік құқық қорғау органдарының міндеттеріне ұқсас.
Сонымен, құқық қорғау органдары мен ұйымдарының арасында жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді атқаруға тиіс кәсіби заңгерлердің тәуелсіз ұйымы – адвокатура мен адвокаттар алқасы маңызды орын алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет