Құқық қорғау органдары дегеніміз-өзінің бүкіл қызметі мен заңның негізінде және тиісті нысандарда демократиялық принциптер арқылы заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге азаматтардың, ең биік ұжымның, қоғам мен мемлекеттің құқықтары мен мүдделерін қорғауға, құқық бұзушылықтан сақтандыру мен оның алдын алуға және заңдылық пен құқықтық тәртібін бұзған адамдарға мемлекеттік күштеу немесе қоғамдық ықпал ету шараларын қолдануға тиісті мемлекеттік органдары, қоғамдық ұйымдар.
Адвокат кеңсесі (Адвакатская контора) –адвокаттардың білікті заң көмегін көрсетуі үшін материалдық ұйымдастырушылық-құқықтық және өзге де шарттарын қамтамасыз ету мақсатында меншік иесі (адвокат) құрған және оның өзі қаржыландыратын мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым.