Адвокаттар алқасының органдары (Органы коллегии адвокатов)- жоғары органы- алқа мүшелірінің жалпы жиналысы (конференциясы); оның атқарушы органы- төралқа; бақылаушы органы –тексеру комиссиясы.
Адвокаттар алқасының өзін-өзі басқаруы (Самоуправление коллегии адвокатов)- алқаның ұйымдастырылуы мен қызметіне, оның ішінде мүшелікке қабылдау, сандық құрам, мүшелікті тоқтату, тәртіптік жауапкершілік және мүшеліктен шығару туралы шешімдерге қатысты барлық күнделікті мәселелердің шешімін дербес қабылдау құқығы.
Адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері (Виды юридической помощи, оказываемой адвокатами) – шешілімі кәсіби заң көмегін қажет ететін мәселелер бойынша консультациялар, түсіндірмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар беру; талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасау; анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттар, мемлдекеттік және өзге де органдарда және азаматтармен қарым қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкілдігін білдіру мен оларды қорғауды жүзеге асыру; азаматтар мен ұйымдарда заңда тыйым салынбаған басқа да заң көмегін көрсеті.