Adv3205- «Адвокатура»


Қорғану тарабы (Сторона защиты)



бет146/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura
Комп.мод. тест, Комп.мод. тест, Контент Констурк, Контент Констурк, stud.kz-9761, Экология Оқулық Алматы Адам және оны қоршап тұрған орта, Физикалық химия Оқулық Алматы Физикалық химия, Сізді сергітетін кеңестер, Омаров-начало, Диссертация Бергенбек Қазына, Диссертация Бергенбек Қазына, Дюсенбаева Т, 1-курс.Расп бак 2019-2020 2-сем., тест Квуант, тест Квуант
Қорғану тарабы (Сторона защиты) – сезікті, айыпталушы, олардың заңды өкілдері, қорғаушы, азаматтық жауапкер және оның өкілі.
Қорғаушы (Защитник) –заңда белгіленген тәртіппен сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды жүзеге асыратын және оларға заң көмегін көрсететін адам.
Қорғаушылар (Защитники)адвокаттар, айыпталушылардың жұбайы (зайыбы), жақын туыстары немесе заңды өкілдері, өз бірлестіктері мүшелерінің істері бойынша кәсіподақтың және басқа да қоғамдық бірлестіктердің өкілдері.
Лауазымды адамдар (Дожностные лицы) – мемлекеттік функцияларды (өкімет өкілінің функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкілеттік бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда ұйымдастырушылық-өкілдік немесе әкімшілік шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар.
Тапсырма бойынша сотта өкілдік етуші (Представителей по поручению в суде) адвокаттар; заңды тұлғалардың қызметкерлері-осы заңды тұлғалардың істері бойынша; кәсіптік одақтардың уәкілетті адамдары-құқықтары мен мүдделерін қорғауды осы кәсіптік органдар жүзеге асыратын жұмысшылардың қызметшілердің сондай-ақ басқа адамдардың істері бойынша; заңмен,жарғымен немесе ережемен осы ұйымдар мүшелерінің құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; заңмен, жарғымен немесе ережемен басқа адамадардың құқықтары мен мүдделерін қорғау құқығы берілген ұйымдардың уәкілетті адамдары; басқа тең қатысушылардың тапсырмасы бойынша тең қатысушылардың біреуі; іске қатысушылардың өтінуімен сот рұқсат еткен басқа да адамдар.
7. Оқу, өндірістік және диплом алды іс-тәжірибелерден өту және есеп беру құжаттарының үлгілері бойынша әдістемелік нұсқаулар

Қазақстан Республикасының барлық жоғарғы оқу орындарында студенттердің теориялық және практикалық білім деңгейлерін айқындау мақсатында практика ұйымдастырылады. Практика студентке өзін танып білуге, жұмыс берушімен жақын танысуға және болашақта алға қандай кәсіби мақсаттар қою керегін түсінуге көмектесетін бірден-бір әдіс. 5В030100-«Құқықтану» мамандығының студенттеріне кәсіптік практиканы ұйымдастыру мақсатында сот органдарында (Қызылорда облысы бойынша Облыстық соты, Қызылорда қалалық соты, Қызылорда Облысы бойынша Сот актілерін орындау департментінде) келісім шарттарға сәйкес тәжірибе өту жоспарланған. Мұнда студенттер «Адвокатура» курсы бойынша қылмыстық, азаматтық, әкімшілік және т.б. істер бойынша адвокаттың іске қатысу тәртібін және кәсіби әдебін үйреніп, теориялық білімдерін тәжірибеде қолдану дағдысын қалыптастырады (5В030100-«Құқықтану» мамандығының студенттеріне үшін оқу танысу және өндірістік іс тәжірибеден өтуге арналған әдістемелік нұсқаулар).


Білім алушылар:

  • Іс жүргізу бойынша нормативті құжаттармен жұмыс жасауды үйрену, еңбек ұжымында жұмыс жасап үйренеді;

  • Құқық қорғау саласында жұмыс жасайтын тұлғалардың қызметтік инструкцияларымен танысады;

  • Құқықтық пәндер бойынша теориялық білімдерін тереңдетіп, жүйелеп, оларды тәжірибеде қолдануды үйренеді;

  • Мамандық бойынша тәжірибе жинақтау, адамдармен жұмыс жасауда немесе ұжымды басқаруда біліктілікті көрсете білуге бейімделеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   142   143   144   145   146   147   148   149   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет