Adv3205- «Адвокатура»


Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда



бет77/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Адвокатты алқадан адвокаттар алқасының төралқасы мынадай жағдайларда:
- адвокаттық қызметпен айналысу құқығына арналған лицензиясынан айырылған немесе қолданылуы тоқтатылған;
- адвокат өзінің кәсіби міндеттерін орындау кезінде Қазақстан Республикасы заңдарының талаптары мен нормаларын бірнеше рет бұзған;
- бiлiктiлiгiнiң жеткiлiксiздiгi салдарынан адвокаттың өз кәсiби мiндеттерiн орындай алмайтыны анықталған; 
- мүшелiк жарнаны ұдайы төлемеген; 
кәсiпкерлiк қызметпен, сондай-ақ өзге де ақы төленетiн қызметпен айналысқан;

  • өз тiлегi бойынша;

  • алқа Жарғысында көзделген өзге де жағдайларда шығарады.

Алқадан шығаруға алқа төралқасының шығару туралы қаулысының көшiрмесi адвокатқа берiлген күннен бастап бiр ай мерзiмде сот тәртiбiмен шағым жасалуы мүмкiн. 
Адвокатураның негізгі ұйымдық-құқықтық нысаны адвокаттар алқасы болып табылады. Сондықтан да 1997-ж. 5-желтоқсандағы ҚР “Адвокаттық қызмет туралы”заңында оның адвокаттық қызметтің негізгі нысаны екендігі туралы айтылған.
Адвокат қызметінің тиімділігі тек адвокаттар мен олардың алқаларының арасындағы қарым-қатынасқа ғана емес, сондай-ақ адвокаттар ұйымдарының өзге де нысандарымен өзара қатынасқа байланысты (Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы), адвокаттар ассоциациясы, адвокаттар гильдиясы және т.б.). Ынтымақтастықтың негізгі мақсаты – адвокаттардың тәуелсіздігін нығайту және олардың мүдделерін лауазымды адамдар мен органдардың құқыққа жат әрекеттерінен қорғау.
ҚР Адвокаттар одағына мүшелік ұжымдық (адвокаттар алқасы) және дара сипатта болады. ҚР Адвокаттар одағы заңды тұлға болып табылады. Оның қызметі ҚР Конституциясына, 1997-ж. 27-желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексіне (Жалпы бөлімі), 1996 ж. 31-мамырдағы ҚР “Қоғамдық бірлестіктер туралы” заңына негізделген.
Одақ қызметінің мақсаты:

  • республикада құқықтық мемлекет құрудың негізін қалауға қатысу;

  • азаматтар мен заңды ұйымдарға (оның ішінде шетелдіктерге) арналған тиімді заң көмегін жасауға қатысу;

  • адвокаттық шеберлік пен кәсіптік әдептің жоғары стандарттарын, адвокаттардың бірлігі мен ынтымақтастықтың қамтамасыз етуге жәрдемдесу;

  • адвокатураның дүниежүзілік қауымдастық қабылдаған тәуелсіздігі мен еркіндігінің принциптері мен кепілдіктерін насихаттау және тарату;

  • адвокаттарға көмек және олардың құқықтарын, абыройы мен ар-намысын қорғау;

  • заң ғылымын дамытуға, азаматтардың құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын көрсетуге жәрдемдесу;

  • әртүрлі мемлекеттер мен өңірлерде адвокаттардың халықаралық, кәсіптік және мәдени байланыстарын кеңейту мен нығайту;

Одақтың міндеттері:
- Бастауыш ұйымдардың әдістемелік, оқыту және ғылыми қызметтерін үйлестіру;

  • адвокаттарды адвокаттық қызметтің барлық саласы бойынша қажетті әдістемелік әдебиетпен қамтамасыз ету;

  • адвокаттар арасында тәжірибе алмасуға көмек көрсету;

  • адвокатура жетілдіру мен дамытудың теориялық және практикалық мәселелерін ғылыми тұжырымдауға жәрдемдесу;

  • адвокаттардың ғылыми-практикалық конференциялары мен әдістемелік мәжілістерін өткізу;

  • баспа қызметі;

  • заң шығарушылық қызметке, заңдар мен өзге нормативтік құқықтық актілердің, даярлауына және талқылауына қатысу, заңнаманың маңызды мәселелері бойынша ҚР Адвокаттар одағының пікірін білдіру;

  • адвокаттардың кандидатураларын мемлекеттік мадақтармен марапаттауға және қоғамдық көтермелеуге ұсыну.

Жарғы – ҚР Адвокаттар одағының құрылтайлық құжаты. Онда бірлестіктің құқықтық жағдайын, сайланбалы органдардың қызметін, олардың қызметін басқару саласындағы құқықтары мен мүдделерін реттейтін ұйымдастыру тәртіптерінің жиыны және т.б. белгіленеді.
ҚР Адвокаттар одағының жоғары органы – съезд, оның атқарушы органы – төралқа, бақылау органы- тексеру комиссиясы.
Съездің ерекше құзыретіне мына өкілеттіктер жатады (барлығы алты өкілеттік)

  • ҚР Азаматтар одағының Жарғысы және тексеру комиссиясы туралы ережені қабылдау және өзгерту;

  • ҚР Азаматтар одағының Президентін, вице-президентін және жауапты хатшысын сайлау;

  • Алқа және тексеру комиссиясының мүшелерін сайлау;

  • Алқа және тексеру комиссиясының олардың қызметі туралы есептерін тыңдау;

  • ҚР Адвокаттар одағының сметасын бекіту;

Съезд кемінде бес жылда бір рет шақырылады. ҚР Адвокаттар одағының кезектен тыс съезі төралқаның өз бастамасымен немесе ҚР Адвокаттар одағының кем дегенде 100 мүшесінің талабы бойынша екі ай мерзімде шақырылады.
Съезд тікелей жабық дауыспен бес жыл мерзімде Президентті, вице-президентті және жауапты хатшыны сайлайды.
Төралқа тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отыра, Одақты басқару үшін өзіне қажетті ауқымды өкілеттіліктерді алады және оның қызметінің күнделікті мәселелерін шешеді. Атап айтқанда:

  • ҚР мемлекеттік органдары мен қоғамдық ұйымдарында ҚР адваокаттар одағының мүддесін білдіреді;

  • Одақтың халықаралық байланыстарын жүзеге асырады;

  • ҚР адвокаттар одағының жоспарын құрайды, күнделікті мәселелерін шешеді;

  • Съезде немесе конференцияда бекітілген сметаға сәйкес, ҚР адвокаттар одағының аппараты қызметкерлерінің штатын және еңбекақылырын штаттарының айқындайды.

Тексеру комиссиясы – Адвокаттар одағының бақылау-тексеру органы болып табылады.
Тексеру комиссиясы съезде тікелей жабық дауыспен съезд белгілеген санда бес жыл мерзімге сайланады және комиссия туралы ережеге сәйкес іс-әрекет етеді.
Тексеру комиссиясына қаржы-шаруашылық қызметке тексеріс жүргізу міндеті жүктелген. Адвокаттар одағының адвокаттар алқасына қатысты бақылау-тексеру әрекеттерін жүргізу құқығы жоқ.
ҚР адвокаттар одағы және оның органдары Одақ жарғысына сәйкес әрекет етеді және адвокаттар алқасына қатысты биліктік өкілеттері жоқ және адвокаттардың адвокаттар алқасымен дауларын шешпейді.
Адвокаттар одағының қызметі мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен ықпалдастыққа Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жүргізіледі, ең алдымен, адвокатураның тәуелсіздігін қамтамасыз етуді, құқық қоғау органдары мен ұйымдар жүйесінде оның рөлін көтеруді, заңдылықты нығайту мен заң көмегіне жүгінген тұлғалардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға ықпал етуді мақсат етеді.
Адвокаттар мен олардың алқалары ерікті негізде тек республикалық емес (ҚР адвокаттар одағы), сондай-ақ жеке немесе ұжымдық немесе мүшелік тұрғыда да халықаралық одақтарға да (ассоцияцияға) бірігуге құқылы.
Шетел мемлекеттері мен аймақтары адвокаттарының халықаралық, кәсіптік және мәдени байланыстарын кеңейту мен нығайтудың айғағы 1992ж. 28-шілдеде құрылып тіркелген Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы) болып табылады. АХО (Д) тұрақты жұмыс істейтін басшы органының орналасқан жері – Ресей, Москва қаласы).
АХО (Д) Адвокаттардың халықаралық одағының ұжымдық мүшесі болып табылады. Оның штаб-пәтері Брюссельде, ал Заңгерлердің халықаралық қауымдастығының штаб-пәтері Лондонда орналасқан.
Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) қызметі (бұдан әрі АХО (Д)) Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғыстан, Латвия, Түркіменстан, Өзбекстан, Украина, Ресей Федерациясының кейбір өңірлері және олар олар құрылған басқа мемлекеттер аумағында жүргізіледі.
Беларусь пен Украина бөлімше, Қазақстанда филиал (“Адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) Қазақ филиалы”) – адвокаттардың халықаралық одағының (достастығының) халықаралық ұйымы), Латвияда одақтың өкілдігі құрылған.
Адвокаттардың халықаралық одағы (достастығы) еріктілік, мүшелік, өзін-өзі басқару, заңдылық, жариялық және оның мүшелеріне нәсілдік, ұлттық тегіне, азаматтығына, тіліне, жынысына, әлеуметтік тегіне қарамастан теңдігі принципіне негізделген адвокаттардың халықаралық қоғамдық ұйымы болып табылады.
Жарғыны мойындайтын және АХО (Д)-қа кіруге ерікті тілек білдірген одақтар ассоцияциялар, адвокаттар алқалары және өзге де қоғамдық бірлестіктер ұжымдық мүше бола алады.
Тек адвокаттар ғана емес, сондай-ақ осы ұйымның мақсаттары мен міндеттері жүзеге асыруға белсенді жәрдемдесетін ғалымдар, заңгерлер, қоғамдық қайраткерлер де заңды мүше бола алады (ал ҚР адвокаттар одағына тек алқа мүшесі болып табылатын тұлғалар ғана мүше бола алады).
АХО (Д) заңды тұлға болып табылады, дербес балансы, банк және кредит мекемелерінде шоты, өз атауы көрсетілген дөңгелек мөрі, мөртабаны мен бланкілері және үлгісі заңнамада белгіленген тәртіппен бекітіліп тіркелетін эмблемасы бар.
АХО (Д) коммерциялық емес ұйым болып табылады.
АХО (Д) қызметінің мақсаты ҚР Адвокаттар одағы қызметі мен сәйкес келеді, өйткені олар адвокатураның біртұтас жүйесі және біріңғай болып табылады. Мысалы: құқықтық мемлекет негізін қалауға қатысу; адвокаттық шеберліктің жоғары стандарттарын, адвокаттардың кәсіптік әдебін, бірлігі мен ынтымақтастығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу; әлемдік қоғамдастық мойындаған адвокаттар тәуелсіздігі мен бостандықтарының принциптерін және кепілдіктерін насихаттау мен тарату және т.б. Олар осы қоғамдық бірлестіктердің Жарғысында орнықтырылған (№1 V тарауды қараңыз).
АХО (Д) қызметінің доғарылуы, оны қайта ұйымдастыру немесе тарату жолымен жүргізілуі мүмкін және Ассамблея қаулысымен іске асырылады. АХО (Д)-ты таратудан кейін қалған мүлік Ассамблея қаулысында, ал даулы жағдайда сот шешімінде анықталған мақсаттарға жұмсалады. АХО (Д)-ты қайта ұйымдастыру және тарату мәселелерін қарайтын Ассамблея елден, сондай-ақ федерация конфедерация субъектілерінен тек бір дауысты ғана есептейді. Бұл жағдайларда, әдеттегідей, дауыс беруге әр мемлекеттен келген адвокаттар делегациясының басшылары қатысады.
АХО (Д) жоғары органы – Ассамблея (съезд), оның атқарушы органы Басқарма, бақылаушы органы – Тексеру комиссиясы.
Ассамблея АХО (Д) жоғары органы бола отыра, АХО (Д) Төралқасы мен Басқармасы анықтаған орында төрт жылда бір рет жиналады.
Ассамблея АХО (Д) мақсаттары мен міндеттерінің жүзеге асырылуына байланысты кез келген мәселені шешуге құқылы. Жарғыға сәкес Ассамблея еркеше құзыретіне:

  • АХО (Д)-ты құру, қайта ұйымдастыру мен тарату туралы шешім қабылдау;

  • АХО (Д) Жарғысын және Тексеру комиссиясы туралы Ережені бекіту, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу;

  • Төралқаны, Басқарма мен тексеру комиссиясынсайлау жатады.

Ассамблея төрт жыл мерзімге ашық дауыс беру арқылы Төралқаны сайлайды, оның құрамына Президент (Басқарма төрағасы), бірінші вице-президенттер, АХО (Д) қызметтерінің бағыттары бойынша вице-президенттер және әр ел адвокаттарынан бір вице-президент, сондай-ақ Басқарма мен Тексеру комиссиясы кіреді.
Басқарма Ассамблеялар арасындағы мерзімде жұмыс істейтін атқарушы орган болып табылады және өз отырысына жылына кемінде бір рет жиналады. Әрі қатысқан Басқарма мүшелерінің көпшілік дауысымен шешім қабылдайды.
Басқарма АХО (Д) қызметін жүзеге асыру үшін өзіне қажетті ауқымды өкілеттіктерге ие және оның қызметінің барлық ағымдық мәселелерін шешеді, оның ішінде:

  • Төралқа жұмысы туралы Президент есебін тыңдайды;

  • Одақтың кірістер және шығыстар сметасын бекітеді;

  • АХО(Д) құрылымын, штатын, қызметкерлерінің жалақы көлемін анықтайды.

  • Жаңа вице-президенттер мен Басқарма мүшелерін ұсынады, оларды артынша Ассамблеяда бекітеді;

  • АХО(Д) нысаналы бағдарламаларын, тұрақты жұмыс істейтін комитеттер, комиссиялар және АХО(Д)-тың өзге де органдарының басшыларын бекітеді;

  • Ассамблеяның ерекше құзыретіне жатпайтын АХО(Д) қызметінің өзге де мәселелерін талқылайды.

Тексеру комиссиясы АХО(Д)-тың бақылау-тексеру органы болып табылады.
Тексеру комиссиясы Асамблея анықтаған санда, төрт жыл мерзімге ашық дауыспен сайланады және тексеру комиссиясы туралы Ережеге сәкес іс-әрекет етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет