Түйінді сөздер: заң консультациясы, адвокаттық контора, заңдық тұлғаның тіркелуінсіз адвокаттың жеке қызметі, жарғы, филиал
Қаралатын сұрақтар: 1.Адвокаттық қызметті ұйымдастырудың нысандарының әртүрлілігі адвокаттық мамандықты жүзеге асырудағы бостандық кепілі ретінде.
2.Заң консультациялары – адвокаттар алқасы президиумымен ұйымдастырылатын адвокаттар алқасының құрылымдық бөлімшелері (филиал), заң консультациясы туралы ереже осы қызметтің құқықтық негізі.
3.Адвокаттық кеңсе – мекеме нысанындағы коммерциялық емес ұйым. Адвокатық кеңсенің тағайындалуы. Адвокаттық кеңсені құру жағдайы мен тәртібі.
Адвокаттар алқасының мүшесі өз қызметін заң консультациясы арқылы жүзеге асыруға, не дербес немесе басқа адвокаттармен бірлесіп адвокат кеңселерін, сондай-ақ осындай қызметті заңды тіркемей-ақ жүзеге асыру құқылы. Адвокаттар алқасының ұйымдық құрылымын алқа төралқасының қаулысымен құрылатын және ҚР Конституциясының, ҚР “Адвокаттық қызмет туралы” Заңының, адвокаттар алқасы Жарғысының және алқа жалпы жиналысында (конференциясында) қабылданатын заң консультациялары туралы Ереженің негізінде іс әрекет ететін заң консультациялары құрайды. Кәсіби қызметті жеке-дара жүзеге асыруға шешім қабылдаған адвокат бұл туралы адвокаттар алқасын хабардар етеді. Хабарламада адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, оның тұрақты тұратын жері көрсетіледі.
Кәсіби қызметті заңды тұлға құрмай жеке-дара жүзеге асыратын адвокат банктерде есеп айырысу және өзге де шоттар, жеке мөр, мөртабандар, жеке бланкілер иеленуге құқылы.
Адвокатта қызметтің осы нысаны кезінде банктерде есеп айырысу және өзге де шоттары, адвокаттың тегі, аты, әкесінің аты, нақты адвокаттар алқасына тиістілігі мемлекеттік және орыс тілінде көрсетілген жеке мөрі және адвокаттық қызметпен шұғылдану құқығын беретін мемлекеттік лицензияның нөмірі, сондай-ақ мөр табандары мен жеке бланкілері болады.