Adv3205- «Адвокатура»


Заң консультациясы меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар



бет81/197
Дата08.02.2022
өлшемі2,68 Mb.
#123288
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   197
Байланысты:
umkd 21-22 advokatura

Заң консультациясы меңгерушісінің адвокаттық қызметпен айналысу құқығы бар.
Заң консультациясының негізгі мақсаты мыналар:

  • Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдармен, қоғамдық ұйымдармен және өзара қарым-қатынастарында олардың заңды құқықтарын, бостандықтары мен мүдделерін қорғауға және жүзеге асыруына жәрдемдесу мақсатында заң көмегін көрсету;

  • Қылмыстық істер бойынша қорғауда адвокаттар қызметін, азаматтық, шаруашылық, әкімшілік және өзге істер бойынша өкілдік етуді ұйымдастыру;

  • Қазақстан Республикасының заңнама актілерінде көзделген жағдайларда тегін заң көмегін көрсетуді ұйымдастыру;

  • Адвокатруа туралы заңнамаға сәйкес өзінің және басқа да міндеттерді атқарған уақытында адвокаттардың заңды құқықтарын және мүдделерін қорғау мен жүзеге асыру;

  • Заң консултацияларының жұмысын ұйымдастыру және оның мүшелерінің адвокат мінез-құлқының кәсіби нормаларын сақтауына және олардың адвокаттық қызметті жүзеге асыруына бақылау жасау;

  • Заң консултациялары мүшелерінің қызметін материалдық-техникалық және ақпараттық-анықтамалық қамтамасыз ету және т.б.

Бұл төралқаның, адвокаттар алқасы мүшелері Жалпы жиналысының (конференциясының) ерекше құзыретіне жатқызылған өкілеттіктерді қоспағанда, тұрақты жұмыс істейтін атқарушы орган бола отырып, адвокаттар алқасы қызметінің барлық күнделікті мәселелерін шешетіндігімен байланысты.
Меңгерушінің құқықтары мен міндеттері заң консультациялары туралы Ережемен тәртіптеледі. Меңгеруші құзыретіне заң консультациясының қызметін ұйымдастыру; заң көмегін көрсету туралы азаматтармен келісімдерді және кәсіпорындармен, мекемелермен және ұйымдармен, өзге де қоғамдық бірлестіктермен заңдық қызмет көрсету жөніндегі шарттарды жасау; алдын ала тергеу органдары мен соттың талабы бойынша қорғауды жүзеге асыру үшін адвокат тағайындау және т.б.
Заң консультациясының меңгерушісі Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 71, 72-баптарында көзделген жағдайларда тұлғаларды қорғауды уақытында жүзеге асыру мақсатында адвокаттар кезекшілігін ұйымдастырады. Кезекшілік кестесі алдын ала ілінеді, адвокаттар кезекшілігі кестесінің бір данасы тиісті анықтау және тергеу органдарына тапсырылады.
Заң консультациясында штаттық лауазымда отырған алқа мүшелерінің жалақысы адвокаттар алқасының төралқасы анықтаған көлеммен және адвокаттық қызмет үшін түскен сомамен есептелетін лауазымдық еңбекақыдан тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   197




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет