А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова


 Мәтін мазмұнына лайықты тақырып



бет59/65
Дата27.10.2023
өлшемі371,15 Kb.
#188549
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65
Байланысты:
А.Ә.Әлімхан Х. Б. Ахметова М. М. Абдрахманова-emirsaba.org

7. Мәтін мазмұнына лайықты тақырып 
A) Құмалақ шашу
B) Бал ашу
C) Сәуегейлер өмірі
D) Жауырын қарау
E) Мұсылмандық дәстүр
8. Күншығыс елінің сәуегейінің бір түрі
A) Жауырыншы
B) Құмалақшы
C) Болжаушы
D) Жауыншы
E) Құраншы
9. Құмалақ саны 
A) 41
B) 5
C) 9
D) 42
E) 40
10. Мәтін мазмұнына лайықты ой 
A) Құмалаққа қырық құмалақ пайдаланады.
B) Артық қалған құмалақ тақ сан болмады.
C) Үш рет қайталап, екінші қатарды шығарады.
D) Сиырдың жауырынына қарап бал ашады.
E) Қасиетті кітапты бал ашуға алмайды.
11. Мәтін мазмұнының реттілігі 
1. Құран арқылы бал ашу
2. Құмалақ салу ырымы
3. Бал ашудәстүрі
4. Жауырынға қарап бал ашу
A) 1, 2, 3, 4
B) 3, 2, 1, 4
C) 2, 3, 4, 1
D) 3, 2, 4, 1
E) 2, 3, 1, 4
12. Бал ашу арқылы сырқатқа ем болу туралы айтылған азат жол 
A) 4
B) 1



87
C) 4


D) 2
E) 3

Мәтін №4 
1. «Адам аласы ішінде, мал аласы сыртында» демекші, адам жүрген
жерде дау-дамайдың болмай қоймайтыны белгілі. Қазақ арасында да даудың
неше түрлері кездесіп тұрады. Әдетте, бұрындары ірі дау-жанжалдар билер
арқылы өз шешімін тауып отырған. Қазақтың ең үлкен даулары жер дауы, жесір
дауы және құн дауы болып келеді. Дауға әділ билік айтуда әрине, билер
шешуші рөл атқарады.
2. Артында мал мұра, өшпес өнеге қалдырған халқымыздың аяулы
азаматтарының бірі - профессор Мұхтар Арынов өзінің "Хан атаулының
қазығы, қара бұқараның азығы" деп аталатын мақаласында би туралы неғұрлым
кеңінен түсінік береді. Енді осынау еңбектен қадау-қадау қысқаша үзінділер
келтірейік. "...Бидің халықтық сипатын көрсету үшін көз алдымызға мынадай
әлеуметтік жағдайды елестетейік. Адам мен адам, ру мен ру қарым-қатынасқа
түскенде, олардың арасында толып жатқан шиеленістер, дау-дамай болмай
тұрмайды. Осыдан келіп, біреуге жүгіну қажеттілігі туады. Жүгінетін адам әділ
де тапқыр, қысқасы дана болуға тиіс. Әйтеке би айтқандай, «дұрыс сөзге тоқтай
білген, басқаның сөзін тоқтата білген» өнерлі адамның қолынан келген. Біздің
халықтың қасиеті осында жатыр. Би, негізінен, қарадан шыққан."
3. ...Қазақ халқы биге құрметпен қарап, оны батырдан да жоғары санаған.
«Батыр деген-ақ барақ ит, екінің бірі табады, би деген - ақ шариғат, мыңнан
біреуі шығады» деген мәтел осыған айғақ.
4. ...Би қоғамдық қайраткер ретінде бүтіндей бір рудың тәрбиешісі,
қамқоршысы болып келген. Бидің беделі бүкіл рудың беделіне ықпалын тигізіп
отырған. Биі қасиетті руға басқа руы жеке адамдары тіпті, кішігірім рулар
қосылып келіп жатқан. Парасаты мол бидің елі де берекелі болған. Ру аралық
дауда әр рудың биі соның қорғаушысы болып түскен. Қазақ тарихында билер
айтысының талай тамаша үлгілері бар. Ол айтыстар жалаң адвокаттық іс емес.
Олар халықты тәрбиелеуге бағытталған. М.Әуезов талдаған Бұхар мен Керей
арасындағы, Ақтайлақ пен Солтабай, Кеңгірбай мен Кермкенде, «Еңлік-Кебек»
пьесасындағы Көбей мен Еспембет арасындағы айтыстардың тарихи да
тәрбиелік мәні зор. Екі би айтысқанда жалпы үкімді шығару үшін Төбе би
сайланған... Бидің қазақ халқының ауызбірлігін, өзара түсінісуін нығайтып, дау-
шарды әділ шешуге атқарған қызметі ерекше.
5. Ел арасындағы кейбір кішігірім дау-жанжалдар билер талқысына
жеткізілмей-ақ ауыл ақсақалдарының араласуымен де тиылып отырған.
Осының өзінен де қазақтың жөн сөзге тоқтайтынын, үлкеннің алдынан кесе
өтпейтінін, дәстүрге беріктігін аңғарамыз.(«Қазақтар» анықтамалығынан)



88



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   65




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет