90
Сол ұрыста сақтар парсы әскерін ойсырата жеңіп, Томирис патшайым
қанға тоймаған парсы
билеушісі Кирдің басын алдырып, жазалайды. Ол
әскерлеріне тері қапты қанмен толтыруды бұйырып, Кирдің басын ұстап тұрып:
«Сен осында қанды аңсап келіп едің, енді өз қаныңды тойып іш!» деп, өшін
алған. Міне, тарихшылар жазып кеткен осы аңыз да сақтардың батыл, ержүрек,
жауынгер тайпа болғанын дәлелдейді.
Ал, Шырақ есімді сақ малшысы туралы аңыз сақтардың өте ақылды және
жауынгер болғанын тағы бір дәделдемек. Сол
заманда Шырақ есімді малшы
жігіт өз денесін пышақпен тілгілеп, алдынан шыққан
жауға сақ көсемдерінен
қорлық көрдім деп, ақылдылығымен жау әскерін алдап түсірген. Оның қызыл-
ала қан болған денесін көрген жау қолы малшы жігіттің сөзіне сеніп, оның
артынан еремін деп, шөл далада адасып, қырылып қалады.
Достарыңызбен бөлісу: