Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Философия – даналыққа құштарлық ретінде



бет5/91
Дата17.01.2023
өлшемі382,79 Kb.
#165709
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91
Байланысты:
А а о ытушы Дагарова Жанар міржан ызы саба т рі Д ріс ара ан

2. Философияданалыққа құштарлық ретінде


  • Дүниені танып білуге деген қызғушылық философияның пайда болуына түрткі болды. Философия – даналыққа құштарлық (Пифагор). «Философия – сенің ойлауыңның жемісі болып табылады және сенің өзіңде өмір сүреді» (Т. Гоббс). Философиның пәніойлаудың жалпы заңары болып табылады. Философиялық ойлау түрі – сын және күмәндану. Сондай-ақ. философияға сұқбаттық сипат және эвристикалық мүмкіндіктер тән. Философияның ежелгі грек ойшылдарының дәуірінен бері “даналыққа құштарлық” деп анықталып келгендігі белгілі. Алайда философияның кең танымал осы ұғымынан өзге түсініктері де тарихи-философиялық очерктерде молынан ұшырасады.

2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде


  • Аристотельдің пайымдауынша заттардың, жағдайлардың, құбылыстардың, үрдістердің сыртқы көрінісінің арғы жағында мәнділік орналасқан. Метафизика осы мәнділікті, болмыстың универсалдық заңдылығын, яғни сезімдік таным деңгейінен тыс, тікелей және жанама қабылдаудан жасырын жатқан нақтылықты зерттейді. Демек, бұл “арғы жаққа үңілу” жасырын нақты мәнділікті ашуға бағытталған белсенді танымдық ойлау қозғалысы, пайымдаушы күш. Ал М.Хайдеггер былай деп жазады: “…Метафизика – бұл мәнділікті жеке және тұтас түрінде принципиалды тану..

2. Философия – даналыққа құштарлық ретінде


  • Бұл жерде “құштарлық” белгілі бір нәрсеге таңдануды, өзіңнен жоғары тұрған нәрсені сезіміңмен мойындауды және басқа осындай әсерлерді білдірумен қатар, “өзге” үшін “өзіңді ұмыту”, өзіңнен бас тарту сезімін де аңғартады. Осы пәнилік өмірдің шектеулі екендігі мәлім. Былайша пайымдауға болады: адамды өзінің шектеулі шеңберінен шығарып, “өзгеге” құштарлықпен ұмтылуға мәжбүрлейтін құдіреттің бар екендігін ескерсек, оның жалғыз тәсілі – бұл рухани күш жігер болып табылады. Мұны идеалдық, руханилық, ақыл-ой және т.б. атаулармен атауға болады. Осылай зерделеудің нәтижесінен мынадай түйін келіп шығады: философия дегеніміз – адамның өзінің шеңберінен шығуға мүмкіндік беретін рухани форма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет