Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/



бет39/91
Дата17.01.2023
өлшемі382,79 Kb.
#165709
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91
Байланысты:
А а о ытушы Дагарова Жанар міржан ызы саба т рі Д ріс ара ан

1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/ян).


  • Адамның мәні туралы мәселе адам туралы ілімнің өзегі болып табылады. Ойшылдар адамның мәні ретінде оның ерекше бір қасиеттерін алып қарасты. Қазіргі заманғы ғылым бойынша адамның тарихи болмысы мен дамуының негізін құрайтын субстанция – бұл әр қашанда қоғамдық өндіріс аясында жүзеге асатын адамдардың еңбек қызметі. Адам тікелей немесе жанама түрінде қоғамдық қатынасқа тұрмай еңбек ете алмайды. Қоғамдық өндіріс пен еңбектің дамуымен бірге адамдардың қоғамдық қатынастары да дами түседі. Бұл қоғамдық қатынастар жүйесін индивид қаншама дәрежеде игереді, бойына тоқиды соншама оның өзіндік дамуы жүреді. Сондықтан , К. Маркс Фейербахты адам туралы абстрактілі ой үшін сынай келе былай деген болатын «адамның мәні жеке индивидке тән абстракт емес. Шың мәнісінде ол барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы болып табылады».

1. Адамды қарастырудың философиялық тәсілінің ерекшелігі. Ежелгі Үнді діни-философиялық ілімдердегі адам мәселесі. Конфуцийшілдік және даосизм жүйесіндегі адам мәселесі: ер және әйел бастамалары (Инь/ян).


  • Жеке адам - қоғам мүшесі. Жеке адам туралы ғыл. түсінік адамды қоғамдық қатынастардың жиынтығы ретінде қаралатын биоәлеуметтік организм деген түсінікке негізделеді. Жеке адам — әлеум-тің индивидте көріну түрі. Әрбір адам – жеке адам. Адамның қоғамдық организм ретінде өмір сүруінің өзі адамдардың өзара әрекетін қажет етеді, әлеуметтік жағдайлар мен басқа адамдардың осы адамға тигізетін әсерін ғана ескеріп қоймай, сол адамның әлеуметтік жағдайларға және басқа адамдарға әсерін ескеру қажет. Адамдардың жеке адам түрінде дамуының қажетті алғышарттарының бірі индивидтердің табиғи қабілеттері екендігі, соған тәуелді болатындығын айту керек, бірақ ол негізінен қызметтің объектісі болып табылатын адам өмір сүретін қоғамда ғана іске асады. Бірақ жеке адамның дамуы әрқилы болғаны абзал. Индивидтердің қай-қайсысы болсын өзінің адам ретінде дамуының объективті жағдайы болатын қоғамның белгілі тарихи формасын табады. Жеке адам ретінде индивид дамуының кеңдігі мен тереңдігі – оның әлеуметтілігі және сол әлеуметтіктің индивидтің қызмет формасына айналуын игеретін кеңдік пен тереңдік, демек сол әлеуметтіктің өзгеруі, жасалуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет