Аға оқытушы Дагарова Жанар Өміржанқызы сабақ түрі: Дәріс Қарағанды 2021


Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері



бет52/91
Дата17.01.2023
өлшемі382,79 Kb.
#165709
түріСабақ
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91
Байланысты:
А а о ытушы Дагарова Жанар міржан ызы саба т рі Д ріс ара ан

1. Аксиология және адамгершілік. Этикалық ілімдердің тарихи типтері

Құндылықтар қоғам мен адамға жақсы мен жаманды, пайда мен зиянды, ақиқат пен жалғанды, сұлулықпен ұсқынсыздықты, әділеттілік пен әділетсіздікті, тиым салынған мен рұқсат етілмегенді, маңыздылық пен мәнсіздіктің ара жігін ашуға көмектеседі. Яғни құндылықтар табиғатында адамзат тегінің өзі өмір сүріп отырған әлемді рухани-практикалық тұрғыдан игерудің тәжірибесі жинақталған. Осы тұрғыдан мәдение пен құндылық ажырамас бірлікте болады, құндылық мәдениет болмысының құрамдас бөлігі болып табылады.

2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант).


  • Адамгершіліктің бастауларын түсінудің негізгі тәсілдері. Конфуций — көне қытай ойшылы болып, оның ілімі мен философиясы көне Қытай мәдениетіне, сондай-ақ Корея, Вьетнам және Жапония мәдениеттеріне үлкен ықпал еткен.

  • Конфуций ілімінің ерекшелігі сол, ол адамгершілік мәселелерін бірінші кезекке қойған. Ал рух, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарына еш көңіл бөлмеген. "Өмірдің не екенін білмей жатып, өлімнің, рухтың не екенін қайдан білейік", — деген екен ол. Алайда, көкті пір тұтқандығы ақиқат, көк тәңірісіне құрбандық шалуды оған деген адамдардың көрсеткен құрметі деп түсінген. Кейіннен Қытайдың «аспан асты империя» деп аталуына да осы ұғым өз әсерін тигізген сыңайлы.

2. Адамгершіліктің алтын қағидасы (Конфуций) және категориялық императив (И.Кант).


  • Конфуций өз ілімін адамға бағыттаған. Ол - алғаш рет адамның кісілік тұлғасы туралы ой қозғаған философ. Үлгі тұтуға жарайтын ер адамның адамгершілігі (жень), үлкенді сыйлауы (сяо), әдет-ғұрып, дәстүрді құрмет тұту (ли) жоғарғы дәрежеде болуы тиіс. Адам тумысынан жаман болып тумайды, оны жаман да, жақсы да қылатын өскен ортасы. Конфуций мемлекетті де үлкен отбасы деп түсіндірген. Оның ілімі, жалпы алғанда, үстем таптың мүддесін қорғады, құлдықты сөкет көрмеді, сондықтан да ұзақ жылдар бойы мемлекеттік ресми идеологияға айналып, Қытайдағы қоғамдық өмірдің барлық салаларына өз әсерін тигізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   91




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет