улылығы жоғары препарат және науқастарда дәріге тәуелділікті тудыруға қабілетті (психикалық).
Кокаиннің тиімділігіне қарамастан, жоғары улылығына байланысты медицинада қолданылуы шектеулі
Кокаинды тістің пульпасын некроздауға (девитализация) арналған күшән (мышьяк) пастасының құрамына қосып пайдалануға болады.
Резорбтивті әсер еткен кезде кокаин ОНЖ ширақтырады (эйфория, мазасыздық, психомоторлы қозу, шаршағыштық сезімі, галлюцинация белгілері байқалуы мүмкін).
Тетракаин (дикаин)
– өте күшті препарат (кокаиннен 10 есе күштірек)
Улылығына байланысты тек қана терминалды анестезияда қолданады:
тістің қатты тіндерін анестезиялауда қолданылатын күшән (мышьяк) пастасының, Платонов сұйықтығының құрамына кіреді, 2-3% ерітіндісін тісжегіні және пульпитті емдеу кезінде анестезиялау үшін қолданылады.
Жанама әсерлер: тамырларды кеңейтеді, сондықтан оны адреномиметиктермен (мысалы адреналинмен) бірге қосып тағайындаған жөн;
сілемейлі қабат арқылы жақсы сіңеді, сондықтан терапиялық мөлшерді сәл ғана жоғарылатса улы әсері ауыр (ОНЖ-ге, тыныстың әлсіреуіне, пульстің сиреуіне, көздің көруінің нашарлауына, өлімге дейін әкеп соқтырады) болады. Балалардың сілемейлі қабаттарының босаңқы болуына байланысты ауыр улы әсерлерге әкеп соқтырады (сондықтан 10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды).
Анестопульпа деген күрделі препараттың құрамында тетракаин бар. Ауруды басатын компресс ретінде тісжегіні емдегенде қолданылады.
Перилен ультра – негізінде тетракаины бар анестезиялық препарат, екі әсер көрсетеді: анестезиялық және антисептикалық.
Бензокаин (анестезин)
суда нашар ериді, құрғақ, ұнтақ күйінде шығарылады
терминалды анестезия жасау үшін 5-10% жақпамай, 5-20% майлы ерітінді түрінде қолданады (глоссит, стоматит)
Тістің қатты тіндерін анестезиялау кезінде ұнтақты қолданады (қатты дененің анестезиясы).