Афферентті иннервацияға әсер ететін заттектер



бет3/7
Дата11.05.2023
өлшемі25,81 Kb.
#176471
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Афферентті иннервацияға әсер ететін заттектер-engime.org
патфиз ауызша 204, эндо каз -400 2022, СП каз23 для студентов

Кокаин


  • улылығы жоғары препарат және науқастарда дәріге тәуелділікті тудыруға қабілетті (психикалық).

  • Кокаиннің тиімділігіне қарамастан, жоғары улылығына байланысты медицинада қолданылуы шектеулі

  • Кокаинды тістің пульпасын некроздауға (девитализация) арналған күшән (мышьяк) пастасының құрамына қосып пайдалануға болады.

  • Резорбтивті әсер еткен кезде кокаин ОНЖ ширақтырады (эйфория, мазасыздық, психомоторлы қозу, шаршағыштық сезімі, галлюцинация белгілері байқалуы мүмкін).

Тетракаин (дикаин)


  • – өте күшті препарат (кокаиннен 10 есе күштірек)

  • Улылығына байланысты тек қана терминалды анестезияда қолданады:

  • тістің қатты тіндерін анестезиялауда қолданылатын күшән (мышьяк) пастасының, Платонов сұйықтығының құрамына кіреді, 2-3% ерітіндісін тісжегіні және пульпитті емдеу кезінде анестезиялау үшін қолданылады.

  • Жанама әсерлер: тамырларды кеңейтеді, сондықтан оны адреномиметиктермен (мысалы адреналинмен) бірге қосып тағайындаған жөн;

  • сілемейлі қабат арқылы жақсы сіңеді, сондықтан терапиялық мөлшерді сәл ғана жоғарылатса улы әсері ауыр (ОНЖ-ге, тыныстың әлсіреуіне, пульстің сиреуіне, көздің көруінің нашарлауына, өлімге дейін әкеп соқтырады) болады. Балалардың сілемейлі қабаттарының босаңқы болуына байланысты ауыр улы әсерлерге әкеп соқтырады (сондықтан 10 жасқа дейінгі балаларға қолдануға болмайды).

  • Анестопульпа деген күрделі препараттың құрамында тетракаин бар. Ауруды басатын компресс ретінде тісжегіні емдегенде қолданылады.

  • Перилен ультра – негізінде тетракаины бар анестезиялық препарат, екі әсер көрсетеді: анестезиялық және антисептикалық.

Бензокаин (анестезин)


  • суда нашар ериді, құрғақ, ұнтақ күйінде шығарылады

  • терминалды анестезия жасау үшін 5-10% жақпамай, 5-20% майлы ерітінді түрінде қолданады (глоссит, стоматит)

  • Тістің қатты тіндерін анестезиялау кезінде ұнтақты қолданады (қатты дененің анестезиясы).

  • Бензосед, камистад препараттарына кіреді

  • Пиромекаин ауыздың сiлемейлі қабатын (1-2%-дық жақпамай немесе ерітінді) аппликациялық анестезиялау кезінде қолданады.

  • Тек қана терминалды анестезияда қолданады, себебі рН (4,4-5,4) жоғарылығына байланысты тіндерге тітіркендіргіш әсер көрсетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет