Бұл кезде дереу диазепам (седуксен) салу қажет, себебі ол құрысуға қарсы ең күшті дәрі. Тыныс алу және қанайналым орталықтары тежелген кезде ОНЖ ширықтыратын заттарды қолдану қажет (бемегрид, этимизол сияқты аналептиктер),
Тұтқыр заттар жергілікті әсер ететiн қабынуға қарсы препараттар тобына жатады.
Оларды сілемейлі қабаттың және терінің қабыну процестерінде қолданады.
Әсер ету механизмі: енгізген жерде жасушадан тыс сұйықтықтың, сiлемейдiң, экссудаттың жасуша беткейінің (мембрана), қантамыр қабырғаларының коллоидтарының тығыздалуы (нәруыздардың "жартылай коагуляциясы") байқалады.