ауыз қуысының сілемейлі қабатының қабынуында, әртүрлі генезді стоматиттерде, гингивиттерде шаю, шашу, жағу, себу арқылы қолданады.
Күміс нитраты (ляпис) – 30%-дық ерітіндісін тістің қатты ұлпаларының гиперестезиясын емдеу үшін қолданады.
Қатты ұлпалардың органикалық заттарымен қосылғанда қою альбуминаттар пайда болады. Сол альбуминаттар тістің ұлпаларын тітіркендіргіш заттардан қорғайды. Бұны қолданғанда тістер қара түске бояланады.
Мыс сульфаты: гипертрофиялық гингивитті емдеу үшін антисептик және тұтқыр зат ретінде 5-10%-дық ерітіндісін клиникалық қалталарға аппликация жасайды.
Висмуттың негізгі нитраты пульпиттерді емдеу үшін қолданатын пасталардың ішіне негізгі зат ретінде кіреді.
Қорғасын ацетатын ауызды шаю үшін 0,25-0,5%-дық ерітіндісін қолданады.
Мырыш тотығы – 30%-дық ерітіндісін тістің қатты ұлпаларының жоғары сезімталдығын жою үшін қолданады.
Қаптаушы дәрiлiк заттар
Қаптаушы дәрiлiк заттар – суда ісініп, сілемей тәрізді коллоидты ерітінділер түзетін қасиеті бар индифферентті заттар.
сілемейлі қабаттың бетін жауып, сезімтал нерв ұштарын тітіркенуден қорғайды.
Қаптаушы заттар сіңірілмейді, сондықтан олардың резорбтивті әсері болмайды.
Шығу тегі бойынша 2 топқа бөледі:
1) бейорганикалық типті қаптаушы заттар (алюминий тотығының гидраты, магний трисиликаты);
2) органикалық типті қаптаушы заттар (картоп, жүгері, бидай крахмалы, зығыр дәнінің шырышы, күріштің шырышы, алтей түбірінің түйнегі, кисель).
Фармакологиялық әсерлері: а) қабынуға қарсы; б) іш өтуге қарсы (антидиареялық); в) аналгезиялық; г) жартылай сорғыш.
Қолдануға арналған көрсетімдер: АІЖ-ның қабынбалы процесінде; тітіркендіргіш қасиеті бар заттарды қолданған кезде (крахмал шырышы); клиникалық токсикологияда удың сіңірілуін азайту мақсатында.