Көбінесе инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданады, үштармақты нервтің невралгиясына, емдік блокада, электрофорез үшін қолданады
сілемейлі қабат арқылы нашар сіңеді
Жанама әсерлері: сульфаниламидтермен антагонизм, науқастардың 4%-ынан астамының новокаинге аллергиясы бар; қабынған тіндерді анестезиялау үшін қолдануға болмайды, себебі қышқылды ортада жансыздандырғыш әсерін көрсетпейді;
Анестезия тез басталады (2-3 мин. кейін) және жұмсақ тіндерде 90-120 мин дейін, пульпа деңгейінде 5-10 мин дейін созылады.
Жанама әсерлері: гипотония, ұйқышылдық, бас айналу, амнезия, құрысу, тремор, улы тахиаритмия, көрудің нашарлауы, тыныстық жеткіліксіздік.
Аллергиялық реакциялар
Артикаин (ультракаин)
тамыртарылтқыш затпен глюкозаның комбинациясынан тұрады.
Әсері жылдам пайда болады (егуден кейін 0,3-3 мин өткенде).
Әсер ету ұзақтығы 4 сағатқа дейін созылады, себебі препарат сүйекке және басқа тіндерге жиналады.
Көрсетімдер: пломбаның астында қалатын қатты ұлпаларды тазартып дайындағанда; ауыздың сілемейлі қабатын кесіп тілетін жағдайларда, пульпаның экстирпациясы мен ампутациясында, тістерді жұлғанда.
Жанама әсерлері: жүректің айнуы, тремор. Қанға көп сіңіп кеткенде жүректің жұмысын тежейді, қанның қысымын төмендетеді тынысты тежейді.
Бупивакаин – ең белсенді, күшті анестетиктердің бірі (лидокаиннан 4 есе белсенді), сонымен қатар өте ұзақ әсер ететін анестетик (8 сағат). жақ-бет хирургиясында инфильтрациялық, өткізгіштік және эпидуралдық анестезия кезінде қолданады.
Жанама әсерлері- құрысу, жүрек қызметінің төмендеуі.
Мепивакаин – әсер ету ұзақтығы орташа анестетик (2 сағатқа дейін). Әсері тез басталады. 1%, 2%, 3%-дық ерітіндісі инфильтрациялық және өткізгіштік, сонымен қатар жұлындық анестезия үшін қолданылады.