Тальк, ақ саз, алюминий гидрототығы, белсендірілген көмір (сarbo activatus), карболен.
Бұл препараттар жоғары сорғыш беткейлері бар жұқа, ұнтақ тәрізді инертті заттар, олар суда ерімейді және тіндерді тітіркендірмейді. Бұл препараттар өздерінің беткейіндегі химиялық қосылыстарды сорып алып, сезімтал нерв ұштарын тітіркендіргіштерден қорғайды. Фармакологиялық әсерлері:
а) сорғыш;
б) детоксикациялаушы
в) аналгезиялық;
г) қабынуға қарсы.
Тальк теріге сепкен кезде бездердің бөлінділерін адсорбциялайтын магний силикаты, ол теріні құрғатады және механикалық тітіркендіргіштерден қорғайды, патологиялық рефлекстерді азайтады.
Қолдануға арналған көрсетімдер:жіті уланулар кезінде, газдарды адсорбциялау үшін метеоризм кезінде, диспепсия және тағамдық улану кезінде қолданады.
Адсорбциялаушы гемостатикалық заттар, хирургиялық шаралар кезінде тіндердің жабысуын және қан кетуді тоқтату үшін қолданылады: берипласт (жергілікті қолдануға арналған ерітінді); тахокомб (сорғыш губка).
Ақ саз (bolus alba) немесе алюминий силикаты, аз мөлшердегі сумен тез қосылып пластикалық массаға айналады.
Адсорбциялық және тұтқыр зат ретінде стоматологиялық пасталардың құрамына кіреді.