Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына


ХОЛИНЕРГИЯЛЫҚ СИНАПСТАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН



бет6/15
Дата19.02.2023
өлшемі0,56 Mb.
#169335
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97

ХОЛИНЕРГИЯЛЫҚ СИНАПСТАРҒА ӘСЕР ЕТЕТІН ЗАТТАР
Холинергиялық синапстарда қозудың берілуі ацетилхолиннің қатысуында жүзеге асады.
Ацетилхолин холинергиялық нейрондар ұштарының цитоплазмасында синтезделеді. Ол цитоплазмалық энзим холинацетилаза (холинацетилтрансфераза) қатысында ацетилкоэнзим А мен холиннен (митохондриялардан шыққан) түзіледі. Ацетилхолин синапстық қапшықтарда (везикулаларда) қорға жиналады. Олардың әрқайсысында ацетилхолиннің бірнеше мыңдаған молекуласы бар. Жүйкелік импульстер ацетилхолиннің синаптикалық саңылауға босап шығуын шақырады, кейіннен ол холинорецепторлармен байланысады.
Холинорецепторлардың құрылымы толығымен зерттелмеген. Мәліметтер бойынша жүйке-бұлшық еттік синапстардың холинорецепторлары иондық (натрийлік) каналдарды қоршаған және липидтік мембрананың бар қалыңдығынан өтетін 5 белоктық суббірліктер (α,α,β,γ,δ) бар. Ацетилхолин α-суббіріліктермен байланысады, бұл иондық каналдарды ашып, постсинаптикалық мембрананың деполяризациясын шақырады.
Әр жерде орналасқан холинорецепторлардың фармакологиялық заттарға сезімталдығы әр түрлі. Осыған байланысты олар мускаринге сезімтал және никотинге сезімтал холинорецепторларға1 (М-холинорецепторлар және Н-холинорецепторлар) бөлінеді. М-холинорецепторлар атқарушы мүшелердің
' Мускарин (улы саңырауқұлақтар қатарының, мысалы мухоморлардың алколоиды) және никотин (темекі жапырағының алколоиды) өздеріне тән холинорецепторларға таңдамалы әсер етеді.
66
постсинаптикалық мембранасындағы постганглионарлық холинергиялық (парасимпатикалық) талшықтардың ұштарында орналасқан. Сонымен қатар (ОЖЖ-дегі вегетативті ганглийлердің' нейрондарында (бас миының қыртысында, ретикулярлы формацияда) бар. Әр жерде шоғырланған М-холинорецепторлардың фармакологиялық заттарға біркелкі емес сезімталдығымен байқалатын гетерогендігі дәлелденген. М]-холинорецепторлар (вегетативті ганглийлерде және ОЖЖ-де), М2-холинорецепторлар (жүректегі М-холинорецепторлардың негізгі тип тармағы)2 және М3-холинорецепторлар (тегіс бұлшық еттерде, көбіне экзокринді бездерде) бар. М-холинорецепторларға заттардың негізгі әсерлері олардың постсинаптикалық М2- және М3-холинорецепторларымен өзара әрекеттесуіне байланысты. Сондықтан тақырыпты жеңілдету үшін холинорецепторлардың түрлері көрсетілмейді, тек М-холинотропты препараттар ғана аталады.
Н-холинорецепторлар барлық преганглионарлы талшықтар ұштарының ганглионарлы нейрондарының постсинптикалық мембранасында (симпатикалық және парасимпатикалық ганглийлерде), бүйрек үсті безінің милы қабатында, синокаротидті аймақта, қаңқа бұлшық еттерінің аяқтаушы пластинкаларында және ОЖЖ-сінде (нейрогипофизде, Реншоу жасушаларында және т.б.) орналасқан. Н-холинорецепторлардың заттарға сезімталдығы әр түрлі. Мысалы, вегетативті ганглийлердің Н-холинорецепторларының (нейроналды түріндегі Н-холинорецепторлар) қаңқа бұлшық еттерінің Н-холинорецепторларынан (бұлшық еттер түріндегі Н-холинорецепторлар) айтарлықтай өзгешілігі бар. Ганглийлерді (ганглиоблокаторлық заттар) немесе жүйке-бұлшық еттік берілулерді (кураре тәрізді заттар) таңдамалы тежеу осы жағдаймен түсіндіріледі.
Нейроэффекторлы синапстарда ацетилхолиннің босап шығуын реттеуге пресинаптикалық холино- және адренорецепторлар қатысады. Олардың қозуы ацетилхолиннің босап шығуын тежейді.
Ацетилхолин Н-холинорецепторлармен өзара байланыса отырып, олардың конформациясын өзгертеді және постсинаптикалық мембрананың өткізгіштігін жоғарылатады. Ацетилхолиннің қоздырғыш әсерінде натрий иондары жасуша ішіне еніп, постсинптикалық мембрананың деполяризациясын шақырады. Алғашқыда бұл белгілі шамаға жетіп, әсер
' Вегетативті ганглийлердің нейрондарындағы М-холинорецепторлар синапстан тыс орналасқан.
2 Сондай-ақ пресинантикалық М- холинорецепторлар да бар (оларды ынталандыру ацетилхолиннің бөлінуінің тежелуіне әкеледі). Одан басқа М4- холинорецепторлар (жүректе, өкпе альвеолдарының қабырғасында, ОЖЖ-сінде) және М5-холинорецепторлар (ОЖЖ-де, сілекей бездерінде, нұрлы қабатта, қанның мононуклеарлы жасушаларында) табылды.
67
потенциалының генерациясына әкелетін жалпы синаптикалық потенциалмен жүреді. Кейіннен синаптикалық аумақпен шектелген жергілікті қозу жасуша мембранасының өне бойына тарайды. М-холинорецепторларды ынталандырғанда сигналдың берілуінде G-белоктар мен екіншілік берілгіштер [циклды аденозинмонофосфат - цАМФ; 1,2-диацилглицерол инозитол (1,4,5) трифосфаты] маңызды рөл атқарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет