Афферентті жүйкелер ұштарының сезімталдығын төмендететін немесе олардың Қозуына



бет1/15
Дата19.02.2023
өлшемі0,56 Mb.
#169335
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
Ф КАЗ 51-97


ІТарау
АФФЕРЕНТТІ ЖҮЙКЕЛЕР ҰШТАРЫНЫҢ СЕЗІМТАЛДЫҒЫН ТӨМЕНДЕТЕТІН НЕМЕСЕ ОЛАРДЫҢ ҚОЗУЫНА ӘСЕР ЕТЕТІН ДӘРІЛІК ЗАТТАР
Бұл топқа анестезиялаушы, қармаушы, қаптаушы, адсорбциялаушы заттар жатады.
1.1. АНЕСТЕЗИЯЛАУШЫ 3АТТАР (ЖЕРГІЛІКТІ АНЕСТЕТИКТЕР)
Анестезиялаушы1 заттар жергілікті сезімталдықтың жойылуын шақырады. Олар бірінші кезеңде ауыру сезімін жояды, сондықтан оларды негізінен жергілікті жансыздандыру (анестезия) үшін қолданылады. Анестезияны тереңдеткенде температуралық және сезімталдықтың басқа да түрлері жойылады, соңғы кезекте тигізгендегі және басқандағы рецепция жойылады..
Анестетиктер сезімтал жүйке ұштарына және жүйке талшықтарына әсер етіп, қозудың таралуына немесе өтуіне кедергі жасайды. Анестетиктердің әсер механизмі көбінесе потенциал тәуелді натрий каналдарын тежеуіне байланысты. Бұл потенциалдың пайда болуына да, оның өтуіне де кедергі жасайды. Гидрофобты (иондалмаған) қосылыстар аксонның мембранасынан өтіп, біраз тежегіш әсер көрсетеді. Сондықтан әлсіз негіздік болып келетін анестетиктердің белсенділігі препараттың иондалған және иондалмаған бөліктерінің қатынасын анықтайтын рН орталығына тәуелді. Көбінесе анестетиктердің рН көрсеткіші төмен (қышкыл орта) кездеріндегі қабынуда тиімділігі аз болады, өйткені иондалмаған қосылыстардың концентрациясы төмендейді.
Көптеген анестетиктердің құрамында 3 негізгі фрагменті бар: ароматикалық құрылым, аралық тізбек, амин топтары. Ароматикалық құрылым липофилді, амин тобы гидрофилді. Молекуланың орта бөлігі күрделі эфирлер немесе амидтер түрінде құралған алифаттық тізбек түзеді. Анестетиктердің құрылымына қарай олардың жүйке талшықтарының мембранасымен байланысуына полярлы да (амин тобы) және полярлы емес липофилді (ароматикалық) топтар да қатысады деп ойлауға болады.
' Грек тілінен аnaesthesia - сезімсіз, жансыз (ап - теріс, жоқ;aesthesis - сезім).
51
Анестезиялаушы заттарға белгілі талаптар қойылады. Олар бәрінен бұрын жүйке элементтеріне де, қоршаған тіндерге де теріс әсер (тітіркендіргіш және т.б.) көрсетпей, таңдамалы әсері жоғары болуы тиіс. Анестезиялаушы заттардың латентті кезеңі қысқа, жергілікті анестезияның әрбір түрлерінде жоғары тиімді, белгілі бір әсер ұзақтығы (түрлі манипуляцияларды жүргізуге ыңғайлы) сияқты сапалықтары болуы тиіс. Олар мүмкіндігінше қан тамырларын тарылтуы керек (немесе кенейтпегені жөн). Бұл қажетті көрініс, өйткені қан тамырларын тарылту анестезияны күшейтеді, тіндерден қан кетуді төмендетеді, сонымен қатар анестетиктердің сіңуін тежеу арқылы олардың мүмкін болатын уытты әсерлерін азайтады. Қарама-қарсы көріністер тамырлар кеңейгенде байқалады. Егер анестетик тамырларға әсер етпесе немесе кеңейтсе оны адреномиметиктер тобы ішінен тамырларды тарылтатын заттармен жұптастырған жөн. Олардың төмен уыттығы, минималды жанама әсерлері маңызды сипаттарға жатады. Айтылған жағдайларда анестетиктердің резорбтивті әсері ескеріледі, өйткені олар енгізген жерден сіңуі мүмкін. Препараттар суда жақсы еруі керек және сақтауда, стерилдеуде бүлінбеуі тиіс.
Анестетиктер анестезияның әрбір түрлерін1 алу үшін қолданылады. Олардың ішінде келесі түрлері негізгі:

  • беткейлік немесе терминалдық анестезия - анестетик шырышты
    қабаттың бетіне енгізіледі, ол онда сезімтал жүйке ұштарын тежейді; сонымен
    қатар анестетик жарақаттың, ойық жараның бетіне жағылуы мүмкін;

  • инфильтрациялык анестезия - операциялық кесу жүретін жерді
    анестетик ерітіндісін біртіндеп тері мен терең жатқан тіндерге сіңіреді; бұл
    кезде анестетик жүйке талшықтарын, сонымен қатар сезімтал жүйке ұштарын
    тежейді;

  • өткізгіштік немесе аймақтық анестезия - анестетикті жүйке бойына
    енгізеді; жүйке талшықтарымен қозудың өтуі тежеледі, бұл иннервация
    шақыратын аймақтың сезімталдығының жоғалуымен жүреді.

Өткізгіштік анестезияның басқа түрі - жұлындық анестезия, мұнда анестетикті субарахноидалды енгізеді және эпидуралды (перидуралды) анестезия - анестетикті жұлынның қатты қабатының үстіндегі аралыққа енгізеді. Мұндай енгізулерде анестетик жұлынның алдыңғы және артқы түбіршектеріне әсер етеді.
Анестетиктерді практикада қолданылуына қарай келесі топтарға бөледі:
/ Беткейлік анестезияда қолданылатын заттар
Кокаин Дикаин Анестезин Пиромекаин


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет